Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2006 жылғы 3 тамыздағы
N 736 қаулысымен   
бекітілген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
      3-тармақта:
      екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар алынып тасталсын;

      15-1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

      16-1-тармақ алынып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердiң немесе салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерi негiзiнде он банктiк күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсiмiн тексередi.";

      көрсетiлген Ережеге 1-1-қосымша алынып тасталсын.

      2. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнде:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) почта байланысы құралдары немесе сенiмдi адам арқылы жiберген кезде:
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзiлсе) және заңдастырылған көшiрмесiн;
      алушы өзi өтiнiш берген кезде:
      паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң көшiрмесiн және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң түпнұсқасын көру үшiн;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшi-қон карточкаларын беру жүргiзiлмейтiн адамдарды қоспағанда, көшi-қон карточкасының көшiрмесi және көшi-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін;".

      3. "2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 660 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 339-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесiнде:

      10-тармақтағы "бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшiн" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).