Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2006 жылғы 3 тамыздағы
 N 736 қаулысымен   
бекітілген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
      3-тармақта:
      екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар алынып тасталсын;

      15-1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

      16-1-тармақ алынып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердiң немесе салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерi негiзiнде он банктiк күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсiмiн тексередi.";

      көрсетiлген Ережеге 1-1-қосымша алынып тасталсын.

      2. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнде:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) почта байланысы құралдары немесе сенiмдi адам арқылы жiберген кезде:
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзiлсе) және заңдастырылған көшiрмесiн;
      алушы өзi өтiнiш берген кезде:
      паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң көшiрмесiн және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң түпнұсқасын көру үшiн;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшi-қон карточкаларын беру жүргiзiлмейтiн адамдарды қоспағанда, көшi-қон карточкасының көшiрмесi және көшi-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін;".

      3. "2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 660  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 339-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесiнде:

      10-тармақтағы "бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшiн" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. "Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы N 111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2006 ж., N 7, 52-құжат):

      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "салымшылардың", "салымшылармен", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiнде:
      тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiнде:
      тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылармен", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылармен)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "мұндай" деген сөзден кейiн "txt кеңейтудегi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "тәсiлмен," деген сөзден кейiн "ақпарат көлiгiнiң автоматтандырылған қаржы жүйесiн пайдалана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген Ережеге қосымшада:
      Ескерту мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бiрлестiгi
      12 - "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  33-бабының  4-тармағына сәйкес қызметкердiң жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтiк ЖЗҚ үшiн)".