Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметінің
                                              2006 жылғы 7 шiлдедегi
                                                 N 647 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет,
қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 6-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдары".

      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсiнiң бiрыңғай нысанында:
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өртке қарсы қадағалау органдары (аты, әкесiнiң аты, тегi), (лауазымы)";
      мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын;
      "мемлекеттiк халықты әлеуметтiк қорғау органдары (аты, әкесiнiң аты, тегi), (лауазымы)".

      3. күші жойылды
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N  555(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 840 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 264-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесiнде:
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасы Индустрия сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган);
      2) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау өкiлеттiктерi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;";

      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар құрылыс объектiлерiн инспекциялауды жүргiзу жолымен сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      3) ведомстволық бағыныстағы аумақта жергiлiктi, маңызы бар құрылыс объектiлерiн инспекциялауды жүргiзу жолымен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.";

      5 және 7-тармақтардағы "бақылау-қадағалау" деген сөздер тиiсiнше "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Әрбiр өңiр үшiн республикалық маңызы бар инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Әрбiр облыс үшiн жергiлiктi маңызы бар инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмiн тиiстi жергiлiктi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы белгiлейдi.".

      5. "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесiнде:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жобалардың сараптамасын тиiстi лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Бұл ретте жобалардың мемлекеттiк сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген қандай да бiр өзге қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектiлерi - аккредиттелген мемлекеттiк емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк емес сараптау орталықтарын аккредиттеудi және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган) жүргiзедi.
      4. Жобаларға мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға (бұдан әрi - Мемсараптама) белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тiзбесiне енедi.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мiндеттi түрде сараптамаға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және iске асырылмауға тиiс.";

      6-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "жобалардың" деген сөзден кейiн "жеке және заңды тұлғалар орындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк тапсырысты орындау есебiнен жүргiзiлетiн не мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жататын өзге жобалар бойынша сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Мемсараптама белгiлейдi.";
      3-бөлiмнiң атауындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;

      16-тармақта:
      2) тармақшада:
      "тұрақтылығы бойынша" деген сөздерден кейiн "әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Үйлер мен ғимараттарды техникалық жағынан күрделi не күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң санатына жатқызу осы Ережеге қосымшаның 5-тармағында көзделген жалпы тәртiппен айқындалады.
      Құрылыс тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаты, шетелдiк инвесторлардың қаражатын қоса алғанда) есебiнен жүзеге асырылатын объектiлер бойынша, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердi қоспағанда, алдын ала жобалау құжаттамасына мемлекеттiк сараптама жүргiзу туралы шешiмдi тапсырысшы (инвестор) қабылдайды.";

      17-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Құрылыс iстерi жөнiндегi комитет" деген сөздер "сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Жобаларға сараптама жүргiзетiн (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар берiледi:";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) белгiленген тәртiппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту.";

      24 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Жобаларға сараптама жүргiзетiн жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда) инвестициялардың тиiмдiлiгiн талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне тәуелдi емес. Өкiлеттi, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның сараптаманың кәсiптiк қызметiне араласуға құқығы жоқ.";
      "27. Жобаларға сараптама жүргiзетiн жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге мiндеттi.";
      Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесiнде қолданылатын ұғымдарда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Құрылыстың ықтимал қауiптi объектiлерi - функционалдық мақсаты, технологиялық өндiрiстiк процесстерi, пайдалану сипаттамасы бойынша адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiре отырып, техногендiк және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiне қауiп туғызатын объектiлер";

      5-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "І және II деңгейге" деген сөздер "бiрiншi (жоғары) және екiншi (қалыпты) деңгейге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Техникалық жағынан күрделi объектiлерге (кешендерге) жауапкершiлiгi үшiншi (төмен) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жауапкершiлiгi екiншi (қалыпты) деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлiк желiлердi қоса алғанда) жатпайды, оның iшiнде:".

      6. "Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 45, 449-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу ережесiнде:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағында осы қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды, шетелдiктердi және азаматтығы жоқ азаматтарды қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
      Ереже жеке және заңды тұлғаларға бөлек (жеке) меншiк құқығына тиесiлi тұрғын ғимараттардағы (үйлердегi, жатақханалардағы) жекелеген тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ екi немесе одан да көп меншiк иелерiнiң жалпы мүлкi болып табылатын өзге де ғимараттардың бөлiктерiн қайта жоспарлауға (қайта жаңғыртуға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсiмдерiн өткiзу кезiнде де мiндеттi болып табылады.
      3. Ереже олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдайтын жаңа объектiлердi салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге байланысты рұқсат беру рәсiмдерiне қолданылмайды.";

      4-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Ереженiң 27-тармағында белгiленген тәртiппен берiлетiн жер телiмiнде (құрылыс алаңында, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгiленген нақты объект (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) арналған рұқсатты. Осы Ереженiң 5-бөлiмiнде көзделген жағдайларда, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы бередi.";

      7-тармақтың бiрiншi абзацындағы "(тиiстi елдi мекеннiң әкiмi немесе әкiмдiгi)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 9-тармақтағы, 16-тармақтың бiрiншi абзацындағы, 20-тармақтың екiншi абзацындағы, 24, 26, 33-тармақтардағы, 36-тармақтың 1) тармақшасының бiрiншi абзацындағы, 37 және 39-тармақтардағы "жергiлiктi" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен толықтырылып, "қызметтерi", "қызметтерiмен", "қызметтерiне" деген сөздер алынып тасталсын;

      10-тармақтың екiншi абзацындағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп)" деген сөздер алынып тасталып, "таңдауды", "жүзеге асырады" деген сөздер "таңдау", "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақтың бiрiншi абзацындағы "еместiгi" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат берудi (рұқсат беруден дәлелдi бас тартуды) және өтпелi құрылыс бойынша олардың мерзiмiн ұзартуды:
      1) республикалық маңызы бар құрылыс объектiлерiнiң сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      2) жергiлiктi маңызы бар құрылыс объектiлерiнiң сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы жүргiзедi.";

      28-тармақтағы "жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi)" деген сөздер "ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер жобаланатын объектi (кешен) үшiн осы объектiнiң (кешеннiң) функционалдық мақсатының ерекшелiгiне байланысты мемлекеттiк нормативтермен, сәулет-жоспарлау тапсырмасымен немесе жобалауға арналған тапсырмамен қосымша (жоғары, арнайы) өртке қарсы, санитарлық немесе экологиялық талаптар белгiленген болса, рұқсат алуға арналған өтiнiшке тиiстi қадағалау органдарының (қызметтерiнiң) қорытындылары қоса берiледi.";

      32-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "органдарына (қызметтерiне)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "объектiнiң" деген сөздiң алдынан "тиiстi сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      34-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Мынадай жағдайларда жұмыс iстеп тұрған тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды (оның жекелеген бөлiктерiн) өзгертуге рұқсат беруден, сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасын және (немесе) бастапқы материалдар (деректердi) беруден дәлелдi бас тартуға негiз болып табылады:";
      1) тармақшадағы "болмаған кезде" деген сөздер "болмаса" деген сөзбен ауыстырылсын;

      43-тармақтағы "сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң)" деген сөздер "ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын.