1. "Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:
3-тармақтың 8) тармақшасындағы "кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,", "мен кредиттер", "актуарлық үлгі негізінде есептелген" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.";
мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы "қолданылған" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Бас келісіммен көзделген өзге де";