"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң мәнi iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және олардың сыныптамасына байланысты функциялар болып белгiленсiн.
3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттік мекемесi.";
2)
(күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15
N 339
Қаулысымен)
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді
- ҚР Үкіметінің 2007.12.06.
N 1193
(қолданысқа енгізілу тәртібін
6-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен).
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 18 мамырдағы N 437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 19, 317-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шілдедегi N 651
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).