Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 124 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 327 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 327 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 34, 449-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесi:
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың объектiлерiнде және ғимараттарының төбелерiнде тек ведомствоiшiлiк байланыстың радиотаратқыш құралдарының антенналық-фидерлiк құрылғыларын орнатуға жол берiледi.
      Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда орнатылатын радиоэлектрондық құралдар үшiн арнайы бөлiнген техникалық үй-жайлар режимдiк үй-жайлар мен есептеу техникасы құралдары объектiлерiнен кемiнде 10 метр қашықтыққа алыстатылуы тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
      "29-1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда радиоэлектрондық құралдарды орнатуды, оларға техникалық қызмет көрсетудi (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастауды, пайдаланудан алуды осы мемлекеттiк органның, ұйымның мамандандырылған бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Мамандандырылған бөлiмшелер болмаған жағдайда радиоэлектрондық құралдарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастау, пайдаланудан алу жөнiндегi жұмыстарды орындаушы ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.";
      30-тармақтағы "29" деген сандар "29-1" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi