Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы N 111 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.20 N 344 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. Қоса берiлiп отырған:
     1) Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесi;
     2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.03 N 736, 2012.03.20 N 344 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 21 ақпандағы
N 111 қаулысымен  
бекiтiлген     

Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың
(алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары
есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн
қалыптастыру ережесi

       Ескерту: Тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N736 қаулысымен.

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңынасәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрi - дерекқор), мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн (бұдан әрi - бiрыңғай тiзiм) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.
     1. Дерекқор, бiрыңғай тiзiм жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрi - Орталық) базасында қалыптастырылады.
     2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейiн Орталыққа электронды жеткiзушіде жасалған және қолданылуы тоқтатылған мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бiрақ мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәлiметтердi ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерiнiң барлық қызметi кезеңiндегi мәлiметтердi салымшылардың (алушылардың) деректемелерiнде жүргiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2009.01.28 N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулысымен.

      2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, дерекқорды жаңарту мақсатында, 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді олардың тоқтатылу себептерін көрсете отырып, электронды жеткізушіде ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметінің барлық кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2009.01.28 N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулысымен.
     3. Орталық осы Ереженiң 2, 2-1-тармақтарында белгiленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәлiметтердiң, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретiн мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердiң негiзiнде қалыптастырады және дерекқор мен бiрыңғай тiзiмдi күн сайын жаңартып отырады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2009.01.28 N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3-1. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер алынған күннен кейінгі күннен кешіктірмей:
      1) келіп түскен мәліметтерді:
      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі реттен артық емес жасасуы;
      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қордан екіншісіне аудару кезеңінде жасасуы;
      жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді Орталыққа беру мерзімдерін сақтауы мәніне тексеруді жүзеге асырады;
      2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді:
      егер салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бір жылда екі рет жасасқан жағдайда;
      салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аудару кезеңінде жасасқан кезде бірыңғай тізімге енгізуден бас тартады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
     4. Дерекқорда әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, туған күнi, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, салымшы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, күнi және атауы, салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күнi мен атауы, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күнi мен себебi (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылу негiздемесiн көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
     Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
     5. Бiрыңғай тiзiмде әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күнi, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, неғұрлым соңғы жасасу күнi бар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы.
     Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
     6. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған, осы Ереженің 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі - Хаттама) жинақтаушы зейнетақы қорларына жібереді.
       Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді осы Ережеде көзделген негіздемелер бойынша бірыңғай тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, Хаттама міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс (енгізілмеу себебін көрсете отырып).
     7. Орталық ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жандандырудың осы Ереженің 3-тармағында белгіленген мерзімдерін бұзуы анықталған фактілер туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органды хабардар етеді.
       Ескерту. 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                              Міндетті зейнетақы жарналары бойынша
                             салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,
                              міндетті зейнетақы жарналары есебінен
                                зейнетақымен қамсыздандыру туралы
                                 шарт жасасқан жеке тұлғалардың
                                   бірыңғай тізімін қалыптастыру
                                        ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

     200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жіберетін жасалған
    және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жинақтаушы
    зейнетақы қорының атауы жарналары есебінен зейнетақымен
    қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
    қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ
   міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
     туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Са-
лым-
шы-
ның
жыны-
сы

Ту-
ған
күні

ЖСН

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖЖЖ
ЖА
АКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенің жалғасы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған
міндетті
зейнетақы
жарналары
есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
мәліметтері

Салым-
шының
(алушының)
ЖЗШ
туралы
мәлімет-
тері

Зейнет-
ақымен
қамсыздан-
дыру туралы
шарттың
қолданылуы
тоқтатылғыш
және жеке
зейнетақы
шотының
жабылған
күні

Зейнет-
ақымен
қамсыз-
дандыру
туралы
шарттың
қолданы-
луының
тоқтатылу
себебі

Нөмірі

Берілген
күні
ЖЖЖЖААКК

Нө-
мірі

Жасалған
күні
ЖЖЖЖААКК

Ашылған
күні
ЖЖЖЖААКК

ЖЖЖЖААКК

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер қамтылуы тиіс.
      Олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда 9, 13, 14-бағандарды толтыру міндетті емес.
      16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
      17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
     1 - зейнеткерлік жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
     7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
     8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
     10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу

                           Міндетті зейнетақы жарналары бойынша    
      салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,  
      міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен  қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке    
      тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесіне
      2-қосымша                

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30
N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.06.09 N 648, 2012.09.14 N 1196 Қаулыларымен.

200 жылғы "___"____________________
      _____________________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы Орталыққа жіберетін қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Салымшының (алушының) жынысы

Туған
күні

ЖСН

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәліметтер

Салымшының (алымшының) ЖЗШ туралы мәліметтер

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні

Зейнетақымен
қамсыздандыру
туралы шарттың
қолданылуының
тоқтатылу
себебі

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қазіргі деректері

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қазіргі деректері

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қазіргі деректері

ЖЖЖ Ж
ААКК

Нөмірі

Берілген күні
ЖЖЖЖ
ААКК

Нөмірі

Жасалған күні
ЖЖЖЖ
АА КК

Ашылған күні ЖЖЖЖ
АА КК

ЖЖЖЖ
ААКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер қамтылуға тиіс.
      13, 14, 15-бағандары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті.
      16, 17-бағандарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі болуға тиіс:
      1 - зейнеткерлік жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      4 – Орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн;
      2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша зейнетақы төлемiне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде зейнетақы төлемдерi тағайындалуына;
      5 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты;
      8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне(леріне) зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын жерлеуге төлеу;
      11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 21 ақпандағы
N 111 қаулысымен   
бекiтiлген     

Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат
айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi
зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар
туралы мәлiметтердi ұсыну ережесi

       Ескерту. Тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.03 N 736қаулысымен.

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңынасәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа (бұдан әрi - Орталық) салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
     1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндетті зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтер берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнгi мұндай кеңейтудегi мәлiметтердi осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.03 N 736, 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
     2. Орталыққа берiлетiн салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердiң құрылымы мыналарды қамтуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күнi, жеке басын куәландыратын құжат деректерi, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмiрi мен күнi, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күнi, мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күнi мен себебi (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылу негiздемесiн көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
     Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
     3. Мәлiметтердi беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсiлмен, ақпарат көлiгiнiң автоматтандырылған қаржы жүйесiн пайдалана отырып, ағымдағы күнгi Астана қаласы уақытының 23 сағат 30 минутынан кешiктiрмей жүзеге асырылады.
     Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.03 N 736, 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
     4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Орталыққа келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама және Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттама жібереді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.01.28 N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Орталық күн сайын, осы қордың салымшылары жөнінде төлемдердің мынадай санаттары бойынша:
      1) 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге;
      2) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға зейнетақы тағайындау туралы өткен жұмыс күні бойынша мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларына береді.
      Ескерту. Ереже 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.20 N 344 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                  Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                    электронды құжат айналымын
                                   пайдалана отырып, Зейнетақы
                                   төлеу жөнiндегi мемлекеттiк
                               орталыққа салымшылармен (алушылармен)
                                   мiндеттi зейнетақы жарналары
                                       есебiнен зейнетақымен
                                       қамсыздандыру туралы
                               жасалған және қолданылуы тоқтатылған
                                шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну
                                         ережесiне қосымша

      Ескерту. Қосымшаның ескертуіне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.03 N 736, 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2007.04.30 N 352(2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

    200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретін
                жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
       жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті
       зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
                жөніндегі шарттар туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Са-
лым-
шы-
ның
(алушының)
жыны-
сы

Ту-
ған
күні

ЖСН

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖСН қалыптастыру сәтіндегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖЖЖ
ЖА
АКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенің жалғасы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған
міндетті
зейнетақы
жарналары
есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі шарт туралы
мәліметтер

Салым-
шының
(алушының)
ЖЗШ
туралы
мәлімет-
тер

Зейнет-
ақымен
қамсыздан-
дыру туралы
шарттың
қолданылуы
тоқтатылған
және жеке
зейнетақы
шоты
жабылған
күні

Зейнет-
ақымен
қамсыз-
дандыру
туралы
шарттың
қолданы-
луының
тоқтатылу
себебі

Нөмірі

Берілген
күні
ЖЖЖЖААКК

Нө-
мірі

Жасалған
күні
ЖЖЖЖААКК

Жасалған
күні
ЖЖЖЖААКК

ЖЖЖЖААКК

11

12

13

14

15

16

17

      Ескерту:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс.
      13, 14, 15-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті.     
      16, 17-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға міндетті.
      17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
      1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
      8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
      11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бiрлестiгi
      12 - "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердiң жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтiк ЖЗҚ үшiн)