Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы N 111 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту: Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. Қоса берiлiп отырған:
     1) Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесi;
     2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 21 ақпандағы 
N 111 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың
(алушылардың)   дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары
есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн
қалыптастыру ережесi

      Ескерту. 4, 5-тармақтарға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

      Ескерту: Тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрi - дерекқор), мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн (бұдан әрi - бiрыңғай тiзiм) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.
     1. Дерекқор, бiрыңғай тiзiм жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрi - Орталық) базасында қалыптастырылады.
     2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейiн Орталыққа электронды жеткiзушіде жасалған және қолданылуы тоқтатылған мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бiрақ мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәлiметтердi ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерiнiң барлық қызметi кезеңiндегi мәлiметтердi салымшылардың (алушылардың) деректемелерiнде жүргiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
     3. Орталық осы Ереженiң 2-тармағында белгiленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәлiметтердiң, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретiн мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердiң негiзiнде қалыптастырады және дерекқор мен бiрыңғай тiзiмдi күн сайын жаңартып отырады.
     4. Дерекқорда әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) (әлеуметтiк жеке кодты тiркеу сәтiндегi және ағымдағы уақыттағы), салымшының (алушының) жынысы, туған күнi, әлеуметтiк жеке коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, салымшы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, күнi және атауы, салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күнi мен атауы, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күнi мен себебi (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылу негiздемесiн көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
     5. Бiрыңғай тiзiмде әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күнi, әлеуметтiк жеке коды, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, неғұрлым соңғы жасасу күнi бар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы.

                              Міндетті зейнетақы жарналары бойынша
                             салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,
                              міндетті зейнетақы жарналары есебінен
                                зейнетақымен қамсыздандыру туралы
                                 шарт жасасқан жеке тұлғалардың
                                   бірыңғай тізімін қалыптастыру
                                        ережесіне қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

    200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жіберетін жасалған
    және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жинақтаушы
    зейнетақы қорының атауы жарналары есебінен зейнетақымен
    қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
    қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ
   міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
     туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Са-
лым-
шы-
ның
жыны-
сы

Ту-
ған
күні

ӘЖК

СТН

ӘЖК
тіркеу
сәтін-
дегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ӘЖК
тіркеу
сәтін-
дегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ӘЖК
тіркеу
сәтін-
дегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖЖЖ
ЖА
АКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған
міндетті
зейнетақы
жарналары
есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
мәліметтері

Салым-
шының
(алушының)
ЖЗШ
туралы
мәлімет-
тері

Зейнет-
ақымен
қамсыздан-
дыру туралы
шарттың
қолданылуы
тоқтатылғыш
және жеке
зейнетақы
шотының
жабылған
күні

Зейнет-
ақымен
қамсыз-
дандыру
туралы
шарттың
қолданы-
луының
тоқтатылу
себебі

Нөмірі

Берілген
күні
ЖЖЖЖААКК

Нө-
мірі

Жасалған
күні
ЖЖЖЖААКК

Ашылған
күні
ЖЖЖЖААКК

ЖЖЖЖААКК

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуы тиіс.
      Олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда 9, 10, 13, 14-бағандарды толтыру міндетті емес.
      16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
      17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
     1 - зейнеткерлік жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
     7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
     8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
     10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 21 ақпандағы 
N 111 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат
айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi
зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған   шарттар
туралы мәлiметтердi ұсыну ережесi

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

      Ескерту: Тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа (бұдан әрi - Орталық) салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
     1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндетті зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтер берiлген күннiң алдындағы операциялық күнгi мұндай txt кеңейтудегi мәлiметтердi осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.
     2. Орталыққа берiлетiн салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердiң құрылымы мыналарды қамтуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) (әлеуметтiк жеке кодты тiркеу сәтiндегi және ағымдағы уақыттағы), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күнi, әлеуметтiк жеке коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжат деректерi, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмiрi мен күнi, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күнi, мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күнi мен себебi (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылу негiздемесiн көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
     3. Мәлiметтердi беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсiлмен, ақпарат көлiгiнiң автоматтандырылған қаржы жүйесiн пайдалана отырып, ағымдағы күнгi Астана қаласы уақытының 18 сағатынан кешiктiрмей жүзеге асырылады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.
     4. Орталық мәлiметтер келiп түскен күннен кейiнгi жұмыс күнiнiң iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорына Орталыққа осы мәлiметтердiң келiп түскенi туралы куәландыратын электронды хабарлама жiбередi.

                                  Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                    электронды құжат айналымын
                                   пайдалана отырып, Зейнетақы
                                   төлеу жөнiндегi мемлекеттiк
                               орталыққа салымшылармен (алушылармен)
                                   мiндеттi зейнетақы жарналары
                                       есебiнен зейнетақымен
                                       қамсыздандыру туралы
                               жасалған және қолданылуы тоқтатылған
                                шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну
                                         ережесiне қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.   

      Ескерту: Қосымшаның ескертуіне өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.

  200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретін
             жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
      жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті
      зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
             жөніндегі шарттар туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Са-
лым-
шы-
ның
(алушының)
жыны-
сы

Ту-
ған
күні

ӘЖК

СТН

ӘЖК
тіркеу
сәтін-
дегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ӘЖК
тіркеу
сәтін-
дегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ӘЖК
тіркеу
сәтін-
дегі

Қа-
зіргі
дерек-
тері

ЖЖЖ
ЖА
АКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған
міндетті
зейнетақы
жарналары
есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі шарт туралы 
мәліметтер

Салым-
шының
(алушының)
ЖЗШ
туралы
мәлімет-
тер

Зейнет-
ақымен
қамсыздан-
дыру туралы
шарттың
қолданылуы
тоқтатылған
және жеке
зейнетақы
шоты
жабылған
күні

Зейнет-
ақымен
қамсыз-
дандыру
туралы
шарттың
қолданы-
луының
тоқтатылу
себебі

Нөмірі

Берілген
күні
ЖЖЖЖААКК

Нө-
мірі

Жасалған
күні
ЖЖЖЖААКК

Жасалған
күні
ЖЖЖЖААКК

ЖЖЖЖААКК

11

12

13

14

15

16

17

      Ескерту:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ӘЖК тіркеу сәтіне және ағымдағы уақытқа тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс.
      16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
      17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
      1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
      8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
      11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бiрлестiгi
      12 - "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  33-бабының  4-тармағына сәйкес қызметкердiң жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтiк ЖЗҚ үшiн)