Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 19 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
2006 жылғы 6 қаңтардағы        
N 19 қаулысына            
қосымша               

  Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

Есімов Ахметжан          - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Смағұлұлы                  министрі, төраға

Тұңғышбеков              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы         министрлiгі Ауылдық аумақтар iстерi
                           комитетiнiң төрағасы, төрағаның
                           орынбасары

Әмiрғожин                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Хамит Айдарұлы             министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi
                           комитетi төрағасының орынбасары, хатшы

Мусина                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы            шаруашылығы вице-министрi

Тортаев                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы          агенттiгi төрағасының орынбасары

Райымбеков               - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Каналбек Ұтжанұлы          басқару агенттiгі төрағасының орынбасары

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Тобылбек Есенжолұлы        министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi
                           комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары

Бисембаева               - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Бағила Мүбәракқызы         халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің
                           Көшi-қон комитетi төрағасының орынбасары

Атшабаров                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Нұрлан Бақытжанұлы         министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi
                           төрағасының орынбасары

Әлiбаев                  - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Айтбай Сүйiнбайұлы         министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек
                           және заңгерлiк қызмет көрсетудi
                           ұйымдастыру комитетi төрағасының
                           орынбасары

Алпысбаев                - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Ғазымбек Алпысбайұлы       министрлiгi Қоғамдық қауiпсiздiк
                           департаментiнiң бастығы

Испусинова               - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Светлана Багитовна         министрлiгi Мектепке дейiнгі және орта
                           бiлiм департаментiнiң директоры

Бекниязов                - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Болат Қабыкенұлы           қорғау министрлiгi Стратегиялық жоспарлау
                           және талдау департаментiнiң директоры

Шаймерден                - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Ербол Шаймерденұлы         және спорт министрлiгi Тарихи-мәдени
                           мұра департаментiнiң директоры

Нерсесов                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Александр Витальевич       министрлiгi Емдеу-алдын алу жұмысы
                           департаментiнiң директоры

Пирогов                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Алексей Георгиевич         минералдық ресурстар министрлiгi Газ
                           өнеркәсiбi департаментiнiң директоры

Бегiмбетов               - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Серiк Жанатайұлы           сауда министрлiгі Индустриялық-
                           инновациялық даму департаментiнiң
                           директоры

Советский                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Вячеслав Крестьянович      сауда министрлiгі Кәсiпкерлiктi дамыту
                           департаментiнiң директоры

Сейтiмбеков              - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ардақ Асқарұлы             және байланыс агенттiгi Байланыс және
                           қаржылық реттеу саласындағы мемлекеттiк
                           саясат департаментiнiң директоры

Сейiтжанов               - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы
Аманжол Сейiтжанұлы        департаментiнiң директоры

Тойбаев                  - Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары
Әлiхан Әбдiханұлы

Орынбаев                 - Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттiк
Серiк Шәңгерейұлы          жоспарлау департаментiнiң директоры

Әкiмжанов                - Атырау облысы Экономика және бюджеттiк
Жандос Әбiлханұлы          жоспарлау департаментiнiң директоры

Кәрiмов                  - Шығым Қазақстан облысы әкiмiнің 
Айбек Мүталапханұлы        орынбасары

Үсенбаев                 - Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары
Ермек Өмiрбайұлы

Жұмағалиев               - Батыс Қазақстан облысы Экономика және
Ерболат Мұхтарұлы          бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
                           директоры

Лескова                  - Қостанай облысы Экономика және
Лилия Гербертовна          бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
                           директоры 

Молотовник               - Қарағанды облысы Экономика және
Аделаида Константиновна    бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
                           директоры

Шәменова                 - Қызылорда облысы Экономика және
Балжан Мүрәлiқызы          бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
                           директоры

Нұрғалиева               - Маңғыстау облысы Экономика және
Халила Хабижанқызы         бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
                           директоры

Нәбиев                   - Павлодар облысы Экономика және бюджеттiк
Нұрлан Абзалұлы            жоспарлау департаментiнiң директоры

Алдабергенов             - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ауыл
Қалыбек Құдайбергенұлы     шаруашылығы департаментiнiң директоры

Сағынов                  - Қазақстан Республикасы Көлік және
Замир Садықұлы             коммуникация министрлігінің Көлік
                           инфрақұрылымын дамыту комитеті
                           төрағасының орынбасары

Балапанов                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Зейнелқабден Тәукенұлы     бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік
                           саясат және бюджетаралық қатынастар
                           департаментінің директоры

Рафальский               - Солтүстiк Қазақстан облысы Ауыл 
Павел Брониславович        шаруашылығы департаментiнiң директоры
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.27.  209 қаулысымен. 

    Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
2006 жылғы 6 қаңтардағы        
N 19 қаулысымен            
бекітілген              

  Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      3. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) ресурстарды экономикалық перспективалы өмiр сүретiн жерлерге шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн және ауыл халқы кiрiстерiнiң қолайлы деңгейiн қамтамасыз ететiн ауылды оңтайлы қоныстандыру негiзiнде селоның (ауылдың) тыныс-тiршiлiгiне қалыпты жағдай жасауға бағытталған ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.

      5. Комиссияның функциялары өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты одан әрi жетiлдiру;
      2) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы өмiр сүру жағдайларымен қамтамасыз ету;
      3) ауылдық аумақтарды экономикалық және әлеуметтiк тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
      4) ауылдық аумақтарды дамыту саласында орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру.

  3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн мыналарға құқығы бар:
      1) орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      2) ауылдық аумақтарды дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау және зерделеу үшiн мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттiлiгiне қарай тартуға;
      3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметiне жауап бередi. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      10. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанында кемiнде бiр рет өткiзiледi.

      11. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды.

      12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.

      13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.

  5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      14. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.