Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 15 қаулысымен   
бекiтiлген   

Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

      Осы Ереже "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшiп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеудiң, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар (бұдан әрi - қосымша жеңiлдiктер) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi);
      2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органы (бұдан әрi - аумақтық орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органы;
      3) төлемдер жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының және Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар.

      2. Қосымша жеңiлдiктер оларды алуға құқығы бар оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне төленедi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

      3. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуы өз бетiмен және ұйымдасып қоныс аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандар және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жерiне жеткенге дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

2. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру

      4. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру оралманның отбасы оралмандардың көшiп-келу квотасына енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.

      5. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу үшiн оралман отбасының басшысы өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша аумақтық органға төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда өтiнiш бередi.
      Отбасының басшысын оралманның отбасы белгiлейдi.
      Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
      1) адамның тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгендiгiн растайтын құжат;
      2) ұлты қазақ емес отбасы мүшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға берген қолдаухаттары туралы iшкi iстер органдарынан анықтамалар;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

3. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу тәртiбi

      6. Аумақтық орган осы Ереженiң 5-тармағында аталған барлық құжаттар болған кезде өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып, төлеуден бас тарту туралы шешiм шығарады.
      Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы немесе төлеуден бас тарту туралы шешiмге аумақтық органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
      Қосымша жеңiлдiктер төлеуден бас тартылған жағдайда аумақтық орган бас тарту себептерiн көрсете отырып, бiр айдың iшiнде өтiнiш берушiнi хабардар етедi.

      7. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешiмде оралман отбасының құрамы, оларға тиесiлi төлемдердiң мөлшерi және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда оралман отбасының басшысы ашқан жеке шоттың нөмiрi көрсетiледi.

      8. Аумақтық орган қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешiм шығарғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлемдер жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға тиiстi төлемдердi аударады.

      9. Аумақтық органның қосымша жеңiлдiктер төлеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға болады.

      10. Қосымша жеңiлдiктер оралман отбасының Қазақстан Республикасының аумағына келмеген немесе өздерi оралмандардың көшiп-келу квотасына енгiзiлген жылдың iшiнде осы Ереженiң 5-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеген мүшелерiне берiлмейдi.

4. Төлемдердiң мөлшерi

      11. Бiржолғы жәрдемақылар мынадай мөлшерде тағайындалады:
      1) отбасы басшысына 15 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) отбасының әрбiр мүшесiне 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.

      12. Тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат оралман отбасының әрбiр мүшесiне 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бөлiнедi.
      Бұл ретте оралман отбасы басшысының жеке шотына аударылған бөлiнген қаражаттың сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдiң сатып алу құны арасындағы керi айырма оралмандардың отбасы мүшелерiнiң өз қаражаты есебiнен төленедi, ал оң айырма оралман отбасында қалады.

      13. Өз бетiмен қоныс аудару кезiнде тұрақты тұратын жерiне бару мен мүлкiн (соның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарды өтеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) оралман отбасының әрбiр мүшесiнiң жолына ақы төлеу 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзiледi;
      2) жеке мүлкiн апаруға ақы төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзiледi.

      14. Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін тасымалдау және олардың мүлкiн апару жөнiндегi көлiктiк шығыстарды:
      1) шыққан мемлекетiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктiне дейiн - уәкiлеттi орган;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктiнен соңғы тұрғылықты жерiне дейiн - аумақтық орган жүзеге асырады.
      Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде көлiк ұйымдарының оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің мүлкiн апару жөнiндегi қызметтерi оралман отбасына салмағы 1000 килограмнан аспайтын жүк үшiн өтеледi.
      Соңғы тұрғылықты жерiне дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен, дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету әрбiр отбасы мүшесiне айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 50 пайызы мөлшерiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін құжаттамалау (тұруға ықтиярхат немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi) жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеу осы құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құны мөлшерiнде жүргiзiледi. K080099
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

5. Есеп және есеп беру

      16. Аумақтық органдар мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерi жасалады.

      17. Аумақтық органдар төлемдер жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен арадағы салыстыру актiсiнiң негiзiнде есептiден кейiнгi айдың 7-күнiне уәкiлеттi органға төлемдер туралы есептердi ұсынады.
 

                                 Көшiп-келу квотасы бойынша келген
                            оралмандарға және олардың отбасы
                          мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару
                           және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару
                          жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi
                         бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат
                          бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу
                                      ережесiне қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 978 Қаулысымен.

                     Кiмге ________________________________________
                     (ұйым басшысының лауазымы, тегi және аты-жөнi)
                     ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     ___________________ мекен-жайы бойынша тұратын
                     ______________________________________________
                 (оралман отбасы басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты)
 

            Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу туралы
                           өтiнiш

      Сiзден маған ________________________________________________
                (Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетiледi)

байланысты, келген отбасы мүшелерiнiң мынадай құрамын:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
ескере отырып, қосымша жеңiлдiктер төлеудi сұраймын.

      Бiзге тиесiлi соманы ________________________________________
                          (банктiң атауы, банктiң СТН-i, банктiң
___________________________________________________________________
        ФАА-сы, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

аударуды сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________

      20__жылғы "____"__________       ________________________
                                       (отбасы басшысының қолы)

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 6 қаңтардағы   
N 15 қаулысына        
қосымша         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 және 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 48 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 16-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 ақпандағы N 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 121-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 7, 73-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 351-құжат).