Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978 Қаулысымен.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 15 қаулысымен   
бекiтiлген   

Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978 Қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» деген сөздер «беру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

      Осы Ереже "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшiп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеудiң, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар (бұдан әрi - қосымша жеңiлдiктер) төлеудiң тәртiбiн айқындайды. Z110000477

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);
      2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;
      2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2-2) Орталықтың филиалдары — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстың, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
      2-3) Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
      3) беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының және Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар;
      4) Бағдарламаға қатысушы оралман - оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген және 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушы болған оралман.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 7, 2011.03.04 N 230 Қаулыларымен.
      2. Қосымша жеңiлдiктер оларды алуға құқығы бар оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне төленедi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978 Қаулысымен.
      3. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуы өз бетiмен және ұйымдасып қоныс аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандар және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жерiне жеткенге дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978 Қаулысымен.

2. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру

      4. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру оралманның отбасы оралмандардың көшiп-келу квотасына енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      5. Қосымша жеңілдіктер тағайындау және төлеу үшін оралман отбасының басшысы өзінің тұрғылықты жері бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      Отбасының басшысын оралманның отбасы белгілейді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

3. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу тәртiбi

      6. Халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қолдаухат қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
      Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы шешімнен үзінді көшірме ресімделеді (бір дана) және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен қоса төлемдерді жүзеге асыру үшін Орталықтың филиалы арқылы Орталықтың бөлімшесіне жіберіледі.
      Орталықтың бөлімшесі келіп түскен қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірмені осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оны тіркеу журналына тіркейді, орталықтандырылған деректер базасында алушының (оралманның) карточкасын қалыптастырады және тиісті деректерді енгізеді.
      Қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.
      7. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешiмде оралман отбасының құрамы, оларға тиесiлi төлемдердiң мөлшерi және беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымда оралман отбасының басшысы ашқан жеке шоттың нөмiрi көрсетiледi.
      8. Орталықтың бөлімшесі қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірме алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдарға тиiстi төлемдердi аударады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.
      9. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға болады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.
      10. Қосымша жеңілдіктер оралман отбасының өздері оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілген жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келмеген мүшелеріне берілмейді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

4. Төлемдердiң мөлшерi

      11. Бағдарламаға қатысушы болып табылмайтын оралмандарға:
      1) біржолғы жәрдемақылар:
      отбасы отағасына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) өз бетімен қоныс аудару кезінде тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеуге қаражат. Бұл ретте оралман отбасының әрбір мүшесінің жол жүру ақысын төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі. Жеке мүлкін апару ақысын төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
      3) оралман отбасының әрбір мүшесіне 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат бөлінеді. Бұл ретте оралман отбасы отағасының жеке шотына аударылған бөлінген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы теріс айырма оралмандардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен төленеді, ал оң айырма оралман отбасында қалады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 7 Қаулысымен.
      12. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұратын жеріне бару және мүлкін апару жөніндегі шығыстарды өтеу қаражатын қамтитын біржолғы жәрдемақылар мынадай мөлшерде:
      1) отбасы отағасына 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) отбасының әрбір мүшесіне аумақтық даму осьтері бойынша қоныстануына байланысты:
      Солтүстік осьте (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) 75 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Орталық осьте (Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) 65 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Оңтүстік осьте (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сараланып бөлінеді.
      Бағдарламаға қатысушы оралмандар Солтүстік осьте қоныстанған жағдайда олардың біржолғы жәрдемақы сомасы 2,0 арттырушы коэффициентіне және Орталық осьте 1,7 арттырушы коэффициентіне көбейтіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 7 Қаулысымен.
      13. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұрғын үйді салу, қалпына келтіру немесе сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеңілдікті кредиттік қарыздар беріледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 7 Қаулысымен.
      14. Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін тасымалдау және олардың мүлкiн апару жөнiндегi көлiктiк шығыстарды:
      1) шыққан мемлекетiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктiне дейiн - уәкiлеттi орган;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктiнен соңғы тұрғылықты жерiне дейiн - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
      Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде көлiк ұйымдарының оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің мүлкiн апару жөнiндегi қызметтерi оралман отбасына салмағы 1000 килограмнан аспайтын жүк үшiн өтеледi.
      Соңғы тұрғылықты жерiне дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен, дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету әрбiр отбасы мүшесiне айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 50 пайызы мөлшерiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978, 2011.03.04 N 230 Қаулыларымен.
      15. Оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін құжаттамалау (тұруға ықтиярхат немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi) жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу осы құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құны мөлшерiнде жүргiзiледi. K080099
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 978, 2011.03.04 N 230 Қаулыларымен.

5. Есеп және есеп беру

      16. Орталықтың бөлімшелері мен беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерi жасалады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.
      17. Орталықтың бөлімшелері беру жөніндегі уәкiлеттi ұйыммен арадағы салыстыру актiсiнiң негiзiнде есептiден кейiнгi айдың 7-күнiне Орталыққа төлемдер туралы есептердi ұсынады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

                            Көшiп-келу квотасы бойынша келген
                            оралмандарға және олардың отбасы
                          мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару
                           және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару
                          жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi
                         бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат
                          бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу
                                    ережесiне 1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.10.22 N 978, 2011.03.04 N 230 Қаулыларымен.

                     Кiмге ________________________________________
                     (ұйым басшысының лауазымы, тегi және аты-жөнi)
                     ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     ______________________________________________
                     ___________________ мекен-жайы бойынша тұратын
                     ______________________________________________
                 (оралман отбасы басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты)
 

  Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу туралы
                           өтiнiш

Сiзден маған ________________________________________________
      (Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетiледi)

байланысты, келген отбасы мүшелерiнiң мынадай құрамын:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
ескере отырып, қосымша жеңiлдiктер төлеудi сұраймын.

Бiзге тиесiлi соманы ________________________________________
                   (банктiң атауы, банктiң СТН-i, банктiң
_____________________________________________________________
        ФАА-сы, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

аударуды сұраймын.

______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________

      20__жылғы "____"__________       ________________________
                                       (отбасы басшысының қолы)

                                       Көшіп келу квотасы бойынша
                                    келген оралмандарға және олардың
                                   отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
                                     жеріне бару және мүлкін (оның
                                     ішінде малын) апару жөніндегі
                                     шығыстарын төлеу, келген жері
                                   бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
                                       қаражат бөлу және біржолғы
                                      жәрдемақылар төлеу ережесіне
                                               2-қосымша

    ______________ облысы (қаласы) Ішкі істер департаменті
      Көші-қон полициясы басқармасының қосымша төлемдер
          тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

      Іс № __________________________________________________________
      Тегі (отбасы басшысы) _________________________________________
      Аты ___________________________________________________________
      Әкесінің аты __________________________________________________
      Туған күні ____________________________________________________
      Отбасы мүшелері ________________ ______________________________
                          (саны)                (жазумен)
      Тұрғылықты мекенжайы (нақты) __________________________________
      Жеке куәлігі (оралманның) _____ ж. « ____ » _______ № _________
      Кім берді ___________________ _________________________________
      Әлеуметтік жеке коды (ЖӘК) ____________________________________
      Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) __________________________
      Осы атауы _____________ коэффициент ___________________________
      « _____________________ » Қазақстан Республикасының _____ жылғы
      « ____ » ______ № _____ Заңының _____ ___ бабының ___ тармағына
      сәйкес төлемдер тағайындалсын.

      1. Төлеуге тағайындалған біржолғы жәрдемақының мөлшері:
      _________________ теңге. ______________________________________
       (жазумен)
      оның ішінде (мәлімет үшін):
      отбасы басшысына _______________ теңге ________________________
                                                    (жазумен)
      отбасы мүшелеріне _____________ теңге _________________________
      2. Тұрғын үй сатып алуға тағайындалған қаржының төленетін мөлшері:
      ______________ теңге __________________________________________
                                          (жазумен)
      оның ішінде (мәлімет үшін):
      отбасы басшысына ______________ теңге _________________________
                                              (жазумен)
      отбасы мүшелеріне ______________ теңге ________________________
                                              (жазумен)
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________

      Банкінің деректемелері және алушының ағымдағы шотының нөмірі:
      БЖК ___________________________________________________________
      Банк СТН-і ____________________________________________________
      Банк (ағымдағы, картшоты) _____________________________________
      _______________________________________________________________
                          (банктің аты, мекен жайы)

      М.О. Ішкі істер департаменті
      Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ______________________
                                    (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Маман __________________________________ ______________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)              (қолы)

                                       Көшіп келу квотасы бойынша
                                    келген оралмандарға және олардың
                                   отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
                                     жеріне бару және мүлкін (оның
                                     ішінде малын) апару жөніндегі
                                     шығыстарын төлеу, келген жері
                                   бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
                                       қаражат бөлу және біржолғы
                                      жәрдемақылар төлеу ережесіне
                                               3-қосымша

_______________________________________________________________
(қосымша жеңілдіктерді тағайындаған органның атауы)
_______________________________________________________________
(Орталық филиалының атауы)

     Төлемдерді ресімдеу үшін ұсынылатын үзінді көшірмелер
           туралы 20 __ ж.« ___ » № ___ хабарлама

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

Р/с

Істің №

Тегі, аты, әкесінің аты

Төлемдердің түрі

Ескертпе














































Қоса берілген құжаттардың барлығы ____________

      Ішкі істер департаменті
      Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ______________ ______
                                                  (Т.А.Ә.)    (қолы)

      Маман _______________________________ _________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты)              (қолы)

      М.О. ЗТМО облыстық филиалының директоры _____________ _________
                                                 (Т.А.Ә.)     (қолы)

      Маман ____________ кіріс _____ 20 ж "___"____ № __________
                         шығыс _____ 20 ж "___"____ № __________

      М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ____________________ ___________
                                            (Т.А.Ә.)         (қолы)
      Маман ____________ кіріс _____ 20 ж "____"____  № __________

                                       Көшіп келу квотасы бойынша
                                    келген оралмандарға және олардың
                                   отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
                                     жеріне бару және мүлкін (оның
                                     ішінде малын) апару жөніндегі
                                     шығыстарын төлеу, келген жері
                                   бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
                                       қаражат бөлу және біржолғы
                                      жәрдемақылар төлеу ережесіне
                                               4-қосымша

  __________________________ көшірмелерін тіркеу журналы
      (төлемдердің түрі)                    

      Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2011.03.04 N 230 Қаулысымен.

Р/с

Үзінді көшірменің №, күні

Оралманның тегі, аты, әкесінің аты

Хабарлама уақыты, №

Тіркеу уақыты































      Мөрмен бекітілген журналдағы парақтар саны ____________________
                                                   (жазумен)
      М.О. Орталық филиал/бөлімшесінің бастығы ______________________

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 6 қаңтардағы   
N 15 қаулысына        
қосымша         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

       1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 және 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 48 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 16-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 ақпандағы N 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 121-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 7, 73-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 351-құжат).