Жануарлардың және құстардың жіті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою, республикада тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 95-қосымшада :
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 4-жолдың екінші абзацында "3000" деген сандар "13000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі