Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлiгiнiң құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бiрлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық бөлiгiнiң құрамына:
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Дулат Нулиұлы вице-министрi, өкiл болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген құрамнан Евниев Арман Қайратұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі