Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1305 Қаулысы

Жаңартылған

      Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.

      2. Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және әділет органдарында олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат):
      6-тармақтың 8) тармақшасындағы "бекітілсін" деген сөздің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесінде:
      11-тармақта "Маңғыстау" деген сөзден кейін "облыстық" деген сөзбен толықтырылсын;

      2)  күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                     2005 жылғы 29 желтоқсандағы 
                                          N 1305 қаулысына
                                                  қосымша

   Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті
        мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Р/с N

Атауы

Орналасқан жері

1

"Ақмолажолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы

2

"Ақтөбежолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы

3

"Алматыжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

4

"Атыраужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы

5

"Батысжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы

6

"Жамбылжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы

7

"Шығысжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы

8

"Қарағандыжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы

9

"Қызылордажолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы

10

"Қостанайжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы

11

"Маңғыстаужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы

12

"Павлодаржолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы

13

"Солтүстікжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы

14

"Оңтүстікжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы