"Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 937 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 217-7-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 279-1-жолмен толықтырылсын:
      "279-1     "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi
                 сақтандыру компаниясы" АҚ";

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 531-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы" деген жол алынып тасталсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдар тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы".

      3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі