"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 923 Қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкiмiнiң "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды қабылдап алу-беру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Алматы қаласының әкiмi Кәсiпорын қызметi бейiнiнiң - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша оларға теңестiрiлген адамдарды, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi санаторий-курорттық емдеудiң сақталуын қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 382-жол алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдар тiзбесiндегi төртiншi абзац алынып тасталсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі