Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 921 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық және жергілiкті бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнде:
      2-бөлімнің тақырыбы ", сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      "4-1-тарау. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру
      56-1. Президенттің, партиялық тiзiмдер негізiнде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергілiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау осы мақсаттар үшін ашылатын жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
      56-2. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитеті мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының міндеттемелерін қабылдауға рұқсат беру жолымен екi данада жүзеге асырылады, рұқсат берудiң бір данасы Орталық сайлау комиссиясында қалады, екiншi данасын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрбiр аумақтық сайлау комиссиясы бойынша қаржыландыру жоспарларын Орталық сайлау комиссиясы Астана қаласының Қазынашылық департаментіне ұсынады.
      Астана қаласының Қазынашылық департаменті міндеттемелердi қабылдауға рұқсат берулерді әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша үш данада қалыптастырады, бір данасы Астана қаласының Қазынашылық департаментінде қалады, екі данасын Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, оның бiреуiн соңғысы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық сайлау комиссиясының қаржыландыру жоспарымен бiрге облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілiкті атқарушы органдарына тапсырады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының қаржыландыру жоспарларын тиiсті облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаменттерiне ұсынады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаменттерi мiндеттемелердi қабылдауға рұқсат берудi әрбiр аудан, қала бойынша үш данада қалыптастырады, мiндеттемелердi қабылдауға рұқсат берудiң бiр данасы облыстың, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаментiнде қалады, екi данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдарына тапсырылады, оның бiреуiн соңғысы аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының қаржыландыру жоспарымен бiрге аудандардың, қалалардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарына тапсырады.
      56-3. Бекiтілген қаржыландыру жоспарының шегiнде сайлау науқанын өткiзу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатына билiк етушілер тиісті сайлау комиссияларының төрағалары болып табылады. Сайлауларды өткiзуге бюджет қаражатын жұмсау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттарынан жүргiзіледi. Жергілiктi атқарушы органдар азаматтық-құқықтық мәмілелердi жасау мен төлемдердi жүзеге асыру үшiн берiлген рұқсаттарды тиiстi сайлау комиссияларының төрағаларына дейiн жеткiзедi. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруге арналған шарттарды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық  заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiсті әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарына берiлген рұқсаттар шегiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілермен тиісті сайлау комиссияларының төрағалары жасайды.
      56-4. Сайлаулар өткiзу уақытында жергілiкті атқарушы органдар тиiстi аумақтық Қазынашылық бөлiмшелерiне қолдар мен мөрдiң үлгілерi бар уақытша құжат ұсынады. Бұл ретте бiрiншi қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледi. Екiншi қол қою құқығы тиiсті әкiм аппаратының бас бухгалтерiне (қаржы қызметінiң басшысына) берiледi.
      Құжат жергілiктi атқарушы органның елтаңбалық мөрiнiң үлгісi, тиiсті мәслихаттың аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы шешiмінің (аумақтық сайлау комиссиясының мүшесi - аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын оны мәслихат сайлағанға дейiн бұрынғы төрағаның орнына тағайындағаны туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмi) нөмiрi мен күнi көрсетiле отырып ресiмделуi тиiс. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының 001 "Сайлау өткiзудi ұйымдастыру" бағдарламасының 100 "Сайлау өткiзу" кiшi бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органның бюджеттік шотынан қаражатты жұмсауға өкілеттілігі сайлаулар өткiзу не қайта дауыс беру не қайта сайлаулар мерзiмiне және олар аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күнге дейiн ғана белгiленедi.
      Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлаулар бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы қаулысымен Қазынашылық органына қаржы жылы аяқталған соң Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады.
      56-5. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне қаржылық құжаттардың сәйкестігіне жауап береді.
      56-6. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға арналған шығыстар жабылады:
      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметi:
      сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысы;
      сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысы;
      жалақыға есептеу;
      техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алу, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету);
      көліктік шығыстар;
      бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      байланыс қызметтерi, почта-телеграф шығыстары;
      еңбек келiсiмдерi негізiнде штаттан тыс қызметкерлер орындайтын жұмыстар;
      полиграфиялық шығыстар;
      кеңсе және шаруашылық тауарларды, ұрандар, плакаттар, мемлекеттiк рәмiздер үшін материалдар сатып алу;
      2) үй-жайларды жалға алу;
      3) iссапар шығыстары;
      4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу;
      5) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының  28-бабының  3-тармағына сәйкес партиялық тізiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерi;
      6) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшілікке сайлау алдында iс-шаралар өткiзу және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгіт материалдарын шығару;
      7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстары.
      56-7. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттiк мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428  қаулысымен  бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
      56-8. Жергілiктi атқарушы органның бюджеттік шотынан қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша мынадай тәртiппен жүргізіледi:
      аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегiнде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп берiледi, орындалған жұмыстар және сайлaу учаскелерiне сатып алынған материалдық құндылықтар үшiн шоттар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетiн сомалардың қалдығын сайлаулар аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жергілiкті атқарушы органның бюджеттік шотына есепке aлу үшiн әкiм аппаратының кассасына тапсырады;
      аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы бекiткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекiткен шоттар ұсынылғаннан кейiн төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкiмi бойынша жүргiзіледi. Аванстық есептi алғаннан кейiн әкiм аппаратының бас бухгалтерi (қаржы қызметiнiң басшысы) растайтын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасының бекiтуiне бередi.
      56-9. Сайлау науқандарына, оның iшiнде кандидаттарға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi бойынша шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
      56-10. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткiзуге жұмсалған шығыстар бөлiгiн кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бiрлестiктiң шотына жатқызу туралы шешiмi болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтiру бiр қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттарына сайлауларды өткiзу жөнiндегi кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бір, ал қаражатты қалпына келтіру келесi қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат "Республикалық бюджетке түсетiн өзге салықтық емес түсiмдер" коды бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімдi: Президенттi сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезiнде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжiлiс және мәслихат депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.
      56-11. Президентті, партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзуге бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану жөнiндегі бухгалтерлік есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі