Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру жобасын қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнен қарыз тарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 854 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмнiң (Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру жобасы) (бұдан әрi - Қарыз туралы келiсiм) жобасы 24000000 (жиырма төрт миллион) АҚШ доллары сомасында мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының атынан Қарыз туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
      3. Қарыз туралы келiсiмдi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қосымша құн салығын төлеудi қоса алғанда, 46800000 (қырық алты миллион сегiз жүз мың) АҚШ долларынан аспайды деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен тартылып отырған қарызға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi тартылып отырған қарыз қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба  

N______ -KZ қарыз  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім

(Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабылеттілігін арттыру жобасы)

2005 жылғы _________

N______ -KZ қарыз  

  ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚAЙTA ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 2005 жылғы ____________________ КЕЛIСIМ.
      Қарыз алушы осы Келiсiмнiң N 2 қосымшасында сипатталған жобаның (Жоба) орындауға болатындығына және басымдығына көз жеткiзiп, осы Жобаны қаржыландыруға көмек көрсетудi Банктен сұрағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      жоғарыда айтылғанның негiзiнде бұдан басқа, осы Келiсiмде көзделген шарттармен Банктiң Қарыз алушыға Қарыз беруге келiскенiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      ОСЫМЕН тараптар төмендегi туралы уағдаласты:

I-БАП
Жалпы шарттар; Анықтамалар

      1.01-бөлiм. Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы (2004 жылғы 1 мамырдағы редакциямен) "Қарыздар және бiр валюталы қарыздар үшiн кепiлдiктер туралы келiсімдерге қолданылатын жалпы шарттар" (Жалпы шарттар) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігін құрайды.
      1.02-бөлiм. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, Жалпы шарттармен осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде анықталған кейбiр терминдер бекiтiлген ұғымдарға сәйкес келедi, ал қосымша терминдер мынадай мағынаны сонда бiлдiредi:
      (а) "ҮО" - Қарыз алушы құратын және осы Келiсiмнiң 2-қосымшасы D.2 Құрауышында көрсетiлген үйлестіру орталығы;
      (b) "КГС" - осы Жобаның А.2, В.2 және C.1 (ііі) және С.2 (iii) Құрауыштарында айтылған мақсаттарда Операциялық басшылыққа сәйкес құрылған конкурстық гранттар сызбасы (одан әрі мәтiн бойынша анықталған);
      (с) "КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкіл" - КГС шеңберiнде Қарыз алушы үшiн Сенiм бiлдiрiлген өкіл ретiнде әрекет ететiн Банк үшiн қолайлы қаржылық ұйым;
      (d) "КГС бойынша Сенiм білдірілген өкiлмен жасалатын шарт" - осы Келiсiмнiң 3.02 (а) бөлiмiне сәйкес КГС бойынша Қарыз алушы мен Сенiм білдірілген өкiл арасындағы келiсiм, мұндайлар дүркiн-дүркiн өзгеретiндiктен, осы термин КГС бойынша Сенiм білдірілген өкiлмен жасалатын Шартты толықтыратын барлық қосымшалар мен келiсiмдер;
      (е) "Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі нұсқаулық" - Операциялық басшылықтың (одан әрi мәтiн бойынша анықталған) бiр бөлiгi болып табылатын ауыл шаруашылығы зертханаларын қауiпсiз пайдалану және кiшi жобаларды (ны) экологиялық скрининг жөнiндегi нұсқаулық (одан әрi мәтiн бойынша анықталған);
      (f) "Қаржылық мониторинг туралы есеп" немесе "ҚМЕ" - осы Келiсiмнiң 4.02-бөліміне сәйкес даярланған әрбiр есеп;
      (g) "БК" - Қарыз алушы тарапынан құруға жататын және осы Келiсiмнiң 2-қосымшасы D.1 Құрауышында сiлтеме жасалған Басшылық кеңес;
      (h) "Грант" - Қарыз қаражатынан және/немесе Қарыз алушының Республикалық бюджетiнен Жобаның А.2, В.2, С.1 (iii) және C.2 (iii) Құрауыштарының шеңберiнде КГС шеңберiнде КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiл берген немесе ұсынған конкурстық грант;
      (i) "Грант туралы келiсiм" - осы Келiсiмнiң 5-қосымшасы В Бөлiгiнiң 1 (с) тармағында көрсетiлген КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiл мен әрбiр грант алушы арасында жасасуға жататын келiсiм;
      (k) "АШМ" - Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн және оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын қамтиды;
      (l) "ҚМ" - Қарыз алушының Қаржы министрлiгiн және оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын қамтиды;
      (m) "Операциялық басшылық" - КГC жұмыс iстеуi үшiн Қарыз алушы қабылдаған басшылық;
      (n) "Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес жоспары" - Қарыз алушы даярлаған кiшi жобаны (ларды) iске асыру шеңберiнде қолданылатын пестицидтермен қауiпсіз жұмыс iстеу, пайдалану және жою жөнiндегi жоспар;
      (о) "ЖIЖ" - Жобаны iске асыру тәртiбiн белгiлейтiн жобаны iске асыру жоспары. Қарыз алушы мен Банктiң келiсiмi бойынша осы жоспар оқтын-оқтын өзгеруi мүмкін;
      (р) "Сатып алу жоспары" - Жобаны iске асырудың соңғы 18 айлық кезеңiне (немесе одан ұзағырақ кезеңге) есепке алғанда осы Келiсiмнiң 3.03-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес оны кезең-кезеңде жаңғыртуды ескере отырып, Жобаны iске асырудың алғашқы 18 айына (немесе одан ұзағырақ кезеңге) арналған кезеңдi қамтитын 2005 жылғы 18 ақпандағы Қарыз алушының сатып алу жоспары;
      (q) "Арнайы шот" - осы Келiсiмнiң 2.02(b) бөлiмiнде көрсетiлген шот;
      (r) "Кiшi жоба (лар)" - Операциялық басшылықта айтылған өлшемдер мен рәсімдерге сәйкес КГС шеңберiнде iрiктелген және бекiтілген және Грант есебiнен iшiнара қаржыландырылатын кiшi жоба (лар).

II-БАП
Қарыз

      2.01-бөлiм. Осы Келiсiмде айтылған немесе санамаланған шарттармен Банк Қарыз алушыға жиырма төрт миллион AҚШ долларына (24 000 000 АҚШ доллары) баламалы сомада қарыз беруге келiседi.
      2.02-бөлiм. (а) Қарыздың белгiлi бiр сомасы Келiсiмнiң 1-қосымшасының ережелерiне сәйкес: (i) Жоба үшiн қажеттi тауарлар мен жұмыстардың құнына қолайлы кезде (немесе төленетiн Банкке төленген кезде) төленген және осы Келiсiмге 2-қосымшаға сипатталған және Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын шығыстарға; және (іі) оған қатысты Қарыз шотынан қаражат алуға сұрау салу алынған А.2, В.2, С.1 (iii) және С.2 (iii) Құрауыштарына сәйкес Кiшi жобаларды iске асыру үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң қолайлы құнын жабу үшiн Грант алушының есеп айырысу шотына Қарыз алушы төлеген (немесе оны төлеуге Банк келiскен кезде) сомаларға арналған Қарыз шотынан алынуы мүмкiн.
      (b) Жобаның мақсаттары үшiн Қарыз алушы оны тыйым салудан, беруден және тәркiлеуден тиiстi түрде қорғауды қоса алғанда Банк үшiн қолайлы шарттармен коммерциялық банктердiң бiрiнде АҚШ долларымен арнайы депозиттiк шот ашуы және жүргізуi мүмкiн. Арнайы шотқа салынатын салымдар мен одан жасалатын төлемдер осы Келiсiмнiң 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2.03-бөлiм. Қарыздың соңғы күнi 2010 жылдың 30 шiлдесi немесе Банк белгілеген неғұрлым кешiрек осындай күн болып табылады. Неғұрлым кешiрек осындай күн туралы Банк тез арада Қарыз алушыға хабарлауға мiндетті.
      2.04-бөлiм. Қарыз алушы Қарыз сомасынан Банкке нөл бүтiн оннан бес пайызы (0,5 %) мөлшерiнде бiржолғы комиссиялық алым төлеуге мiндетті, бұл ретте Банк өз шешiмi бойынша бiржолғы комиссиялық алым бөлiгiнен бас тарта алады. Осы алым қарыз күшiне енген күннен бастап алпыс (60) күннен кешіктірiлмей төленуi тиiс.
      2.05-бөлiм. Қарыз алушы Қарыздың алынбаған негiзгi сомасынан Банкке жылына бiр пайыздың төрттен үш (1 %-дан 3/4) мөлшерiнде кредиттік желiнi резервтеу үшiн комиссия төлеп отыруға мiндеттi.
      2.06-бөлiм. (а) Қарыз алушы пайыз есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн ЛИБОР қосынды айырмасын қосқанда ЛИБОР Базалық ставкасына тең ставка бойынша Қарыздың негізгi таңдалған және өтелмеген сомасы үшiн оқтын-оқтын пайызды төлеуге мiндеттi.
      (b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
      (i) "Пайыздарды есептеу кезеңi" - пайыздар төленетiн осы күннен кейiнгi бiрiншi басталатын күндi қоспай осы Келiсiмнiң күнiнен бастап қоса алғандағы бастапқы кезең және бiрақ Пайыздарды төлеу күнiнен кейiнгi күнге дейiн қоспай қоса алғандағы Пайыздарды төлеу күнiнен бастап бастапқы кезеңiнен кейiнгi әрбiр кезең;
      (іі) "Пайыздарды төлеу күнi" осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген күндi бiлдiредi.
      (iii) "ЛИБОР Базалық ставкасы" Банк негiздеп анықтайтын және жылдық пайыз ретiнде көрсетiлетiн пайыздарды есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнiне құны бойынша алты айлық бiр валюталық депозиттер жөнiнде Лондон банкаралық рыногына жасалатын ұсыныстар ставкасы бойынша әрбiр кезең үшiн пайыздарды есептеудi (немесе пайыздар төленетiн күнi құны бойынша пайыздарды есептеудiң бастапқы кезең жағдайын не пайыздар есептелетiн осындай кезеңнiң күнiн не пайыздар есептелетiн бiрiншi күннен кейiнгi келесi күндi) білдiредi.
      (iv) "ЛИБОР қосынды айырма" мыналардың: (а) бiр пайыздың төрттен үшiн (1 %-дан 3/4); (в) әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудiң алу (немесе қосу) жасалған орта өлшемдiк маржасының, жылдық пайыз ретiнде Банк негiздеп анықтайтын және көрсететiн, бiр валюталық қарыздарды немесе олардың бөлiктерiн қаржыландыру үшiн Банк бөлген өтелмеген Банк қарыз қаражатына немесе қарыз қаражатының бөлiгiне қатысты алты айлық депозиттер бойынша Лондон банкаралық ставкасынан немесе басқа да бағдар жасалған ставкалардан төмен (немесе жоғары) ұсыныстардың әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудi бiлдiредi.
      (с) Пайыздарды есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн анықталатын ЛИБОР базалық ставкасы және ЛИБОР қосынды айырмасы туралы Банк Қарыз алушыға тез арада хабарлайды.
      (d) Егер, 2.06-бөлiмде көрсетiлген пайыздық ставкаларды анықтауға әсер ететiн рыноктық конъюнктураның өзгеруi салдарынан болса, Банк Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды анықтау үшiн 2.06-бөлiмде көрсетiлгеннен өзгеше жалпы алғанда оның қарыз алушыларының және оның iшiнде Банктiң мүддесiне сай қабылдауға қажетті өзге базис белгілейдi, оны Банк осындай жаңа базис туралы алты (6) айдан кешiктiрмей Қарыз алушыға хабарлай отырып, Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды анықтау үшiн базистi өзгерте алады. Қарыз алушы өзiнiң қарсылығы туралы көрсетiлген кезең iшiнде Банкке хабарлайтын жағдайды қоспағанда, хабарлау кезеңi аяқталғаннан кейiн Жаңа базалық ставка қолданысқа енедi және осы жағдайда көрсетілген өзгерiстер Қарызға қолданылмауы тиiс.
      2.07-бөлiм. Әр жылдың 15 сәуiрi мен 15 қазанының әрбiр жарты жылда пайыздар мен өзге де алымдар төлеуге жатады.
      2.08-бөлiм. Осы Келiсiмнiң 3-қосымшасында келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес Қарыз алушы Қарыздың негiзгi сомасын өтейдi.

ІІІ-БАП
Жобаның орындалуы

      3.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы Жоба мiндеттерiн өзiнiң мақұлдайтындығын жариялады және осы мақсатта АШМ арқылы Жобаны адал және тиiмдi және тиiсті әкiмшiлiк, экологиялық және қаржылық практикаға сәйкес орындауға мiндеттенедi және қажет болған жағдайда Жобаны жүзеге асыру талап етілетін қорларды, үй-жайларды, қызметтер және басқа ресурстарды дереу беруге мiндеттенедi.
      (b) Осы Бөлiмнiң (а) тармағының ережелерiн шектемей, және Қарыз алушы мен Банк арасындағы өзге келiсушілiк болған жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы АШМ арқылы осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылған Iске асыру бағдарламасына сәйкес Жобаны орындауға мiндеттi.
      (с) Осы Бөлiмнiң (а) және (b) тармақтарының ережелерiн шектемей Қарыз алушы А.2, 3.2, C.1 (ііі), С.2 (ііі) Құрауыштарын қоса алғанда Жобаны iске асыру үшін осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында аталған техникалық көмектi, осы Келiсiмнiң 4 және 5-қосымшаларында айтылған шарттар мен ережелерге сәйкес пайдаланылатын қырық алты миллион сегiз жүз мың АҚШ долларынан (46 800 000 АҚШ доллары) аспайтын соманы бередi.
      3.02-бөлiм. Осы Келiсiмнiң 3.01-бөлiмiнiң ережелерiн шектемей және Жобаның А.2, 3.2, C.1. (ііі) және С.2 (ііі) Құрауыштарында айтылған мақсаттар үшiн Банктiң және Қарыз алушының өзге де келiсушiлiгi болған жағдайлардан басқа, Қарыз алушы:
      (а) КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған Шарттың шеңберiнде осы Келiсiмнiң 1-қосымшасы 1 параграфында (3) кестенiң Санатына мерзiмдi бөлiнетiн Қарыз қаражатын, сондай-ақ Банктiң талаптарын қанағаттандыратын және есептілiк, сатып алу, тоқтата тұру және тоқтату шарттарын шектемей қамтитын рәсiмдерге, құқықтық өлшемдерге және Операциялық басшылықта айтылған шарттарға сәйкес iрiктелген кiшi жобаларды iске асыруға Грант алушыларға қаражат беру үшiн Гранттарға бөлiнетiн Қарыз алушының республикалық бюджет қаражатын беруге;
      (b) Қарыз алушының және Банктiң мүдделерiн қорғау, Жобаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн осындай нысанда КГC бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған Шарт бойынша өз құқықтарын пайдалануға, сондай-ақ Банк тарапынан алдын-ала мақұлдау алмай КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкілмен жасалған Шартты немесе осындай кез келген ережесiн белгілемеуi, өзгерiстер енгiзбеуi, бұзбауы тиiс.
      3.03-бөлiм. (а) Банкпен өзге уағдаластық болған жағдайларды қоспағанда, Жоба үшiн және Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын (i) қажеттi тауарлар мен жұмыстарды сатып алу, сондай-ақ (іі) Жоба үшiн қажет консультанттарды iрiктеу және олардың қызметтерiн сатып алу, осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiне сәйкес және Сатып алу жоспарында осы ережелердi одан әрi әзiрлеудi ескере отырып жүзеге асырылады.
      (b) Қарыз алушы нұсқаулыққа сәйкес Банк үшiн қолайлы Сатып алу жоспарын жаңартуға және Банкке алдағы Сатып алу жоспары күнiнен бастап 12 айдан кешiктiрмей жаңартылған жоспарды мақұлдауға беруге мiндеттi.
      3.04-бөлiм. Жалпы шарттар 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның ережелерiн шектемей Қарыз алушы:
      (а) Банк үшiн қолайлы негiзде нұсқаулық дайындауға және Банкке Қорытынды күнге дейiн алты (6) айдан кешiктiрмей немесе Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлген ықтимал неғұрлым кеш күнде Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудi жалғастыруды көздейтiн жоспарды беруге; және
      (b) Банкке көрсетiлген жоспар бойынша Қарыз алушымен пiкiр алмасуға негізделген мүмкiндiк беруге мiндетi.

IV-БАП
Қаржылық ереже

      4.01-бөлiм. (а) АШМ арқылы Қарыз алушы есепке алу құжаттары мен шоттарды қоса алғанда қаржылық басқару жүйесiн жүргізуге және Жобамен байланысты операцияларды, ресурстарды және шығыстарды тиiсiнше көрсететiн Банк үшін қолайлы және дәйектілiкпен қолданылатын нысанмен қаржылық есептілiкті дайындауға мiндетті.
      (b) AШM арқылы Қарыз алушы:
      (i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар дәйектiлiкпен қолданатын Банк үшiн қолайлы аудиттің тиiстi қағидаттарына сәйкес әрбiр қаржы жылы үшiн (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде) осы Бөлiмнiң (а) тармағында аталған қаржылық есептiлiктiң аудиторлық тексеруiн қамтамасыз eтeдi;
      (іі) Банкке дайын болғанда, бiрақ кез келген жағдайда қаржы жылы аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде), (А) аудиттің тиiстi жылы үшiн осы бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлген қаржылық есептіліктiң расталған көшiрмелерi (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде), және (В) Банк үшiн қолайлы көлемде және егжей-тегжейлiкпен аталған аудиторлар дайындаған осындай есептілік туралы қорытындыны бередi; және
      (ііі) оқтын-оқтын Банк негiздеп сұрайтын есепке алу құжаттарына және шоттарға, қаржылық есептiлiк аудитiне және аталған аудиторларға қатысты Банкке кез келген басқа ақпаратты беруге.
      (c) Шығыс ведомостерiнiң негiзiнде АШМ арқылы Қарыз алу шотынан қаражат алынған барлық шығыстар бойынша Қарыз алушы:
      (i) кемiнде бiр жыл бойы Банк қаржы жылы үшiн аудиторлық есеп алғаннан, Қарыз алу шотынан қаражат соңғы рет алынғаннан кейiн осындай шығыстарды (келiсiмшарттар, төлем тапсырмалары, шот-фактураларды, төлеуге берілетін шоттар, түбiртектер және басқа да құжаттар) барлық есеп құжаттаманы сақтайды;
      (іі) Банк өкiлдерiне осындай құжаттаманы тексеруге мүмкiндiк бередi; және
      (ііі) осындай шығыс ведомостерiнiң әрбiр қаржы жылының аудитiне енгiзiлуiн қамтамасыз етедi (немесе басқа Банкпен келiсiлген мерзiмде), оған сiлтеме осы Бөлiмнiң (b) тармағында берiледi.
      4.02-бөлiм (а) осы Келiсiмге 5-қосымшаның А құрауышының 7-тармағында санамаланған жобаны iске асыру барысы туралы есептілiкке қатысты Қарыз алушының мiндеттемелерiн шектемей Қарыз алушы Банк үшiн қолайлы нысан және мазмұны бойынша қаржылық мониторинг туралы есептi Банкке дайындауға және беруге мiндеттi, онда:
      (i) Қаражаттың iс жүзiндегi көздерi мен Жоба үшiн оларды пайдалану жалпы қорытынды ретiнде де, сондай-ақ есептi кезең үшiн де сипатталады, Қарыздан берілген қорлар жеке-жеке көрсетiледi, және осындай қорлардың iс жүзiндегі және жоспарлы пайдалану арасындағы алшақтық түсiндiрiледi;
      (іі) Жобаны iске асырудың жеке барысы жалпы қорытынды ретiнде де, сондай-ақ есептi кезең үшiн де сипатталады, Жобаны iске асырудың iс жүзiндегi және жоспарланған барысы арасындағы алшақтық түсiндiрiледi; және
      (iii) Есептi кезеңнiң соңында Жоба бойынша сатып алудың жағдайы сипатталады.
      (b) Алғашқы ҚМЕ Күшiне енген күннен кейiн бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешiктiрiлмей Банкке берiлуi және бiрiншi күнтiзбелiк тоқсанның соңына дейiн Жоба бойынша қаражатты алғашқы жұмсауды бастаған кезеңдi қамтуы тиiс; кейiнiрек әрбiр ҚМЕ әрбiр кейiнгi күнтiзбелiк тоқсаннан кейiн 45 күннен кешiктiрмей Банкке берiлуi және оны қамтуы тиiс.

V-БАП
Қолданылуын тоқтату

      5.01-бөлім. Жалпы шарттардың 12.04-бөлімінде сипатталған мақсаттар үшін осы Келісімді жасасқаннан кейін бір жүз жиырма (120) күн кезеңі.

V-БАП
Қарыз алушының өкілі; Деректемелері

      6.01-бөлім. Жалпы шарттардың 11.03-бөлімінде сипатталған мақсаттар үшін Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі ретінде Қарыз алушының Қаржы министрлігі тағайындалады.
      6.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.01-бөлiмiнде сипатталған мақсаттар үшiн мынадай мекен-жайлар анықталады:

Қарыз алушы:

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Жеңiс даңғылы, 33
Қаржы министрлігі

         Tелеграфтық мекен-жай:  Телекс:   Факс:
          264126 (ҒIlIN)         (7)(3172)    717762

Банк:


         Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi
         1818 H Street, N.W.
         Вашингтон, Колумбия округы 20433
         Америка Құрама Штаттары

        Телеграфтық мекен-жай:   Телекс:   Факс:
        INTBAFRAD   248423 (МСI) немесе   (202) 477-6391
        Washington D.C.              64145 (МСI)

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН Тараптар тиiсті түрде өздерiнің уәкiлетті өкiлдерi арқылы әрекет ете отырып, жоғарыда көрсетiлген күнде және жылы [Колумбия округiнде, Америка Құрама Штаттары] осы Келiсiмге қол қойды.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН
                                               Уәкiлеттi орган

       XАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
      ДАМУ БАНКI YШIH
                                               Уәкiлеттi өкiл

1-Қосымша
Қарыз қаражатын алу

      1. Төмендегi мынадай кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген шығыстар санаты келтiрiлген; шығыстар санаты бойынша Қарыз қаражатын бөлу және осындай санаттардың әрқайсысы бойынша қаржыландыру үшiн көзделген шығыстардың пайыздық үлесi:

Шығыстардың
санаты

Қарыздың
бөлiнген
сомасы
(АҚШ доллармен)

Қаржыландырыла алатын
шығыстардың барынша
үлесi %

(1) Жұмыстар

5 300 000

70%

(2) Тауарлар

6 700 000

(100% шетелдiк шығыстар, 100% жергіліктi шығыстар (франко-зауыты) және жергiлiктi рынокта сатып алынған тауарлар үшiн 84% жергiлiктi шығыстар

(3) Гранттар

(11 000 000)

Қаржыландырылған
қаражаттың 100%

(4) Бөлiнбеген
сома

(1 000 000)


Жиыны

24 000 000


         2. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн:
      (а) "шетелдiк шығыстар" терминi кез келген елдiң аумағынан жеткiзілетiн тауарларды немесе қызметтердi сатып алуға Қарыз алушының елiнен басқа кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi, бiрақ Қарыз алушының елiнен емес, және
      (b) "жергiлiктi шығыстар" терминi Қарыз алушының елiнен жеткiзiлетiн тауарларды немесе қызметтердi сатып алуға Қарыз алушының валютасындағы шығыстарды бiлдiредi.
      3. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, қарыз қаражаты шотқа алуға жатпайды: (а) Осы келiсiмнiң күнiне дейiнгi шығыстар бойынша төлемдер; (b) (3) Санатқа сәйкес 1-параграфтағы кестеде (i) БК және КЦ Қарыз алушы құрмайынша; (іі) Банктiң талаптарын қанағаттандыратын ЖIЖ және Операциялық басшылықты Қарыз алушы Қарыз алушының заңнамасына сәйкес қабылдамайынша; және (ііі) Конкурстық гранттар Операциялық басшылықта сипатталған өлшемдерге және рәсiмдерге сәйкес берiлмейiнше; және (с) 1-параграф кестесiнiң қандай да бiр Санаты бойынша кез келген шығыстар, Банк осы Келiсiмнiң 2.04-бөлiмiнде анықталған бiр жолғы комиссиялық алымның сомасын алмайынша 4 .
      4. Банк Қарыз қаражаты мыналар үшiн: (а) келiсiмшарт үшiн 100 000 АҚШ долларына дейiн барабар құны тауарлар; (b) келiсiмшарт үшiн 1 000 000 АҚШ долларына дейiн барабар құны жұмыстар; және (с) Гранттарға, олар үшiн қаражатты алу Банк Қарыз алушыны хабардар ететiндей шарттарда жүзеге асыруға болатын келiсiмшарттар бойынша шығыстар үшiн шығыс ведомостерiнiң негізiнде Қарыз шотынан алынуын талап ете алады.

2-Қосымша
Жобаны сипаттау

      Жобаның мақсаты: (i) ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн жақсарту, ақпаратқа қол жеткiзудi беру және рыноктық тиiмділiгiн жетiлдiру; және (іі) қолданбалы ауылшаруашылығы зерттеулерiне мемлекеттiк және жеке инвестициялардың сапасын, санын және мәнiн ұлғайту және білiм беруi арқылы ауыл шаруашылығы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда өткiзу рыногына және бiлiмге қол жеткiзудi беру болып табылады.

      Қарыз алушы мен Банк арасында келiсілген осы мiндеттерге қол жеткiзу мақсатында мүмкiн болатын өзгерiстердi ескере отырып, Жоба мынадай құрауыштардан тұрады:

       А құрауышы:   Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасын басқару мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

      1. Техникалық регламенттер және ауыл шаруашылығы өнiмi сапасы мен қауiпсiздiгiнiң стандарттарын үйлестiруге жауапты сарапшылар тобын құру және азық түлiк өнiмi қауiпсiздігінiң стандарттары мен техникалық регламенттерiне қатысты мемлекеттiк және жеке сектор үшiн техникалық жәрдем және тренингтердi беру.
      2. Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң мониторингiн (i) бар Мемлекеттiк ветеринарлық орталығының (микробиология, радиология, токсикология, биохимия) және Өсiмдiктердi қорғау орталығының (энтомология, фитопатология, вирусология, гербология және микробиология) мониторингi, оның iшiнде зертханалар үшiн жаңа ғимараттар салу және жабдық пен оқытуды беру; (іі) тұқымдар мен кiрiс ресурстарының тестiлерiн өткiзу жөнiндегi зертханаларды жетiлдiру; (iii) сапаны сынау зертханалары мен орталықтарының iрiктелген кiшi жобалары үшiн КГС арқылы Конкурстық гранттарды беру арқылы күшейту.

       В құрауышы:   Ауыл шаруашылығы маркетингін дамыту

      1. Маркетингтiк ақпарат жүйесiн: (i) өнiмнiң бар бағалық тiзiмiне сапа мен бағалық айырмашылықтарының сыныптамасын қосу; (іі) тез бүлiнетiн ауыл шаруашылығы өнiмi туралы ақпаратты қоса алғанда бағалық ақпараттың сапасы мен ұсыну жиiлiгiн арттыру; (ііі) бағалық ақпарат пен сауда көлемiн қосу; (iv) газеттер, радио, теледидар, ұялы телефондар және ақпараттың басқа да келетiн құралдары арқылы фермерлер мен саудагерлер үшiн қол жететiн web-парақтарын құру; (v) ақпаратты пайдалану мониторингi; (vi) мемлекеттiк және жеке сектор өкiлдерiнiң талдамалы қабiлетiн арттыру; және (vii) деректердi жинау, өңдеу және талдау оларды пайдалану және әзiрлеу жөнiнде маркетингiлiк ақпараттық жүйесi жөнiндегi жеке компаниялар мен қауымдастықтар үшiн тренингтер, өткiзу арқылы нығайту.
      2. Маркетингілік қауымдастықтарды немесе серiктестiктердi құру және/немесе дамыту мақсатында сүт жинау пункттерiн, мал союды, қоймаларды, тарату желiлерiн және имиджiн жақсартуды қоса алғанда, бiрақ онымен шектелмей, рыноктық-бағдарлы инфрақұрылымның кiшi жобалары үшiн КГС арқылы Конкурстық гранттарды беру.

       С құрауышы:   Қолданбалы жыл шаруашылығы зерттеулерi және бiлiмдi тарату және беру жүйесiн (экстеншiн) дамыту

      1. Қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерiн: (i) ауыл шаруашылығы зерттеулер жүйесiнiң қайта ұйымдастыру жоспарын әзiрлеу, iске асыру және бақылау үшiн техникалық жәрдем беру; (іі) жас ғалымдар үшiн одан әрi бiлiм алуын қаржыландыру; және (ііі) қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерiне жiберiлген iрiктелген кiшi жобалар үшiн КГC шеңберiнде конкурстық гранттарды беру арқылы нығайту.
      2. Ауыл шаруашылығы бiлiмдерi мен технологияларын тарату және беру жүйесiн: (i) ауыл шаруашылығы субъектiлерiне бiлiм мен технологияны тарату мен беру бойынша қызмет көрсету жөнiнде қаржыландырылатын мемлекеттiк жүйенi дамыту, экстеншн бойынша iрiктеу, агенттердiң мониторинг нәтижелерiне бағытталғанды қоса алғанда; (іі) экстеншн бойынша агенттердi оқыту және аттестациялау нәтижелерiне бағытталған; (iii) қолданбалы ауыл шаруашылығы экстеншiне бағытталған кiшi жобалар үшiн КГС шеңберiнде конкурстық гранттарды беру арқылы нығайту.

       D құрауышы:   Институционалдық даму және аграрлық саясат

      1. Қарыз алушының тиiстi министрлiктерi мен агенттiктерiнiң, сондай-ақ жеке сектордың және ауыл шаруашылығы қауымдастығының өкiлдерiнен тұратын БК құру, ол Жобаның стратегиялық бағытына жауап бередi.
      2. ҮО құру, ол Операциялық басшылығында және ЖIЖ сәйкес БК мақұлдаған Жобаны және стратегиялық бағытты iске асыруға, сондай-ақ КГC әкiмшiлiкке жауап бередi.
      3. Ұлттық және халықаралық сарапшылардан тұратын тәуелсiз техникалық сарапшыларды құру, олар мынадай салаларды кiшi жобаларға ұсыныстарға бaғaлaу жүргiзуге жауап бередi: (і) зертханаларды жетiлдiру және сапасын жақсарту жөнiнде жоспарлар, (іі) рынок басқаратын инфрақұрылым, (iii) қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулер, және (iv) Операциялық басшылықта айтылған өлшемдерге сәйкес ауыл шаруашылығы бiлiмдерi мен технологияларын беру және тарату.
      4. Жобаның бағалануын орындау мақсатында техникалық жәрдем беру.
      5. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, оның iшiнде балық шаруашылығының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындауға жауапты ауыл шаруашылығы саясаты бойынша сарапшылар тобын құру арқылы ауыл шаруашылығы саясатына талдау, мониторинг және әзiрлеме жасаудың мемлекеттiк сектордың әлеуетiн нығайту, сондай-ақ АШМ мамандары үшiн тренингтер мен тағылымдамалар жүргiзу.
      Жоба - 2010 жылғы 30 қаңтарда аяқталады деп күтіліп отыр.

3-қосымша
Амортизациялық аударымдар жүргiзудiң кестесi

    Төлем күнi

Әрқайсысы 15 сәуiр және 15 қазан
2010 жылдың 15 қазанынан бастап
2022 жылдың 15 сәуiрiн қоса алғанда

   Қарыздың негізгi
     сомасын өтеу
    (АҚШ долларымен)

      1 000 000

4-қосымша
Сатып алу

       І-бөлiм. Жалпы ережелер

      А. Барлық тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi (оның iшiнде консультативтiк) сатып алу 2004 жылғы мамыр айына белгіленген "ХҚДБ қарыздары және МАР кредиттерi бойынша сатып алу жөнiндегi нұсқаулық" (Сатып aлу жөнiндегi нұсқаулығы) 1-бөлiмiнiң ережелерiне және осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      В. Қарыз алушының Республикалық бюджетiнен қаржыландырылатын және түзетулер енгiзiлген "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңға сәйкес Қарыз алушы сатып алатын Жобаның С.2 (i)-Құрауышы шеңберiнде білім мен технологияны қолдану мен ұсыну жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекет қаржыландыратын жүйесін дамыту үшiн қажеттi консультанттардың қызметтерiн қоспағанда консультанттардың барлық қызметтерi 2004 жылғы (мамыр) "Дүниежүзiлiк Банк қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеу және жалдау жөнiндегi нұсқаулығы" (Консультанттар жөнiндегi нұсқаулық) I және IV-бөлiмiнiң ережелерiне және осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес сатып алынады.

      С. Осы Бөлiмде жазбаша әрiптермен басылған және сатып алудың өзiне тән әдiстерiн немесе кейбiр келiсiм-шарттарды Банктiк тексерудi сипаттау үшiн пайдаланылатын терминдердiң қалыптасқан ахуалға қарай Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықта немесе Консультанттар жөнiндегi нұсқаулықта оларға бекiтiлген мәндi бiлдiредi.

       II-бөлiм. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi (консультативтiк қызметтердi қоспағанда) сатып алудың өзiне тән әдiстерi

       А. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар. Егер осы Бөлiмнің В-Құрауышында өзгеше көзделмесе, онда келiсiм-шарттар Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар негiзiнде талқыланады. Тендерлiк ұсыныстарды бағалау кезiнде отандық берушiлер мен мердiгерлер үшiн жеңiлдiктердi көздейтiн Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықтың 2.55 және 2.56-тармақтарының ережелерi Қарыз алушының аумағында дайындалатын тауарларға қолданылады.

       В. Сатып алудың басқа да әдiстерi

      1.  Ұлттық конкурстық сауда-саттықтар. Келісім-шартқа 1 000 000$ барабар сомадан аспайтын құнға бағаланған жұмыстар Ұлттық конкурстық сауда-саттықтар әдiсi бойынша берiлген келiсiм-шарттар сатылып алынады.
      2.  Шоппинг (бөлшек саудада сатып aлу). 100 000$ дейiн барабар құнға бағаланған тауарлар және келісім шартқа 100 000$ дейiн құны бағаланған жұмыстар Шоппинг әдiсi бойынша берiлген келiсiм-шарттар бойынша сатылып алынады.
      3. Гранттар қаражатынан қаржыландырылуға тиiс тауарлар, жұмыстар және қызметтер Операциялық басшылықта белгiленген рәсiмдерге сәйкес жұртшылықтың қатысуы негiзінде сатылып алынуы мүмкiн.
      4. Келiсiм-шартты тікелей жасасу. Банкпен келiсiм бойынша Келiсiм-шартты тiкелей жасасудың талаптарына сәйкес келетін тауарлар мен жұмыстар сатып алудың көрсетiлген ережелерiне сәйкес сатылып алынуы мүмкін.

       III-бөлiм. Консалтингтiк қызметтердi сатып алудың өзiне тән әдiстерi

       А. Сапасы мен құны негізiнде ірiктеу. Егер осы Бөлiмнің В-Құрауышында өзгеше көзделмесе, онда консультанттардың қызметтерi сапасы мен құнына негізделген iрiктеу әдісі бойынша берiлген келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 2.7-тармағының мақсаттары үшiн келісім-шартқа 200 000$ дейін барабар құнға бағаланған қызметтер үшiн консультанттардың қысқаша тiзiмi толықтай ұлттық консультанттардан тұруы мүмкін.

      В.  Басқа да рәсiмдер

      1.  Неғұрлым төмен баға бойынша iріктеу. Банктiң келiсiмi бойынша Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.6-тармағының талаптарына жауап беретiн тапсырмаларды орындау үшiн қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.1 және 3.6-тармақтарының ережелеріне сәйкес неғұрлым төмен баға бойынша iрiктеу әдiсi бойынша берілген келісім-шарттар бойынша сатылып алынуы мүмкiн.
      2.  Консультанттардың бiлiктiлігі негiзiнде ірiктеу. Келісім-шартқа 200,000$ дейiн барабар құнға бағаланған қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.1, 3.7 және 3.8-тармақтарының ережелерiне сәйкес келiсiм-шарттар бойынша сатылып алынуы мүмкiн.
      3. Жеке консультанттар. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.1-тармағының бірiнші сөйлемiнде көрсетiлген талаптарға жауап беретін тапсырмаларды орындауға арналған қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.4-тармағында сипатталған мән-жайлар кезiнде мұндай келiсiм-шарттар Дүниежүзілік банктің алдын ала мақұлдауын алған жағдайда, бiр көзден сатып алу негiзiнде жеке консультанттарға берiлуi мүмкiн.
      4. Бiр көзден таңдау. Бiр көзден таңдау бойынша Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.10-тармағының талаптарына жауап беретiн мән-жайлар кезiнде тапсырмаларды орындауға арналған қызметтер Банктiң алдын ала келiсiмi талабымен Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.9-3.13-тармақтарының ережелерiне сәйкес сатылып алынуы мүмкiн.

       VІ-бөлім. Банктiң сатып aлу бойынша шешімдердi қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктiң алдын ала қарауына жататын келiсiм-шарттар ғана белгiленедi. Егер Сатып алу жоспары келiсiм-шарттардың сомасына қарамай-ақ консультативтiк фирмалар мен жеке консультанттарды жалдау жөнiндегi келiсiм-шарттарды алдын ала қараса, техникалық тапсырмалар мен келiсiм-шарттардың жобалары Банкке алдын ала қарау мен мақұлдау үшiн ұсынылуы тиiс. Келiсiм-шарттар көрсетiлген мақұлдаудан кейiн ғана талқыланады. Қалған барлық келiсiм-шарттар олар орындалғаннан кейiн Банктiң қарауына жатады.

5-қосымша
Iске асыру бағдарламасы

       А бөлiк. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы:
      (а) Жобаны АШМ арқылы орындайды;
      (b) АШМ Жобаны жүзеге асыру кезеңiнде КЦ жұмысын кiмнiң бiлiктiлігі мен техникалық тапсырмалары Банк үшiн қолайлы болса, соның баламалы штатымен, сондай-ақ Жобаны тиiстi iске асыру үшiн жеткiлiктi ресурстармен қамтамасыз етедi.
      (с) АШМ: (i) БК үшiн бағалау жүргiзудi және есептер дайындауды қоса алғанда, Жобаны басқаруға, iске асыруға, үйлестiруге және мониторингiне; (іі) Қарыз қаражаттарын алуға өтiнiм дайындауға; (iii) осы Келiсiмнiң 2.02 (b)-бөлiмiнде көрсетiлген Арнайы шотты басқаруға; (iv) КГC басқаруға; (v) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға; (vi) аудиттi осылай ұйымдастыру үшiн Жоба бойынша есеп және есеп құжаттамасын жүргiзуге; және (vii) жұмыстардың жыл сайынғы бағдарламасын дайындауға жауапкершілiкте болатынын қамтамасыз етедi; және
      (d) АШМ бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiк пен қаржылық басқаруға және Жобаның ҚМЕ дайындауға жалпы жауапкершiлiкте болады.
      2. Қарыз алушы АШМ арқылы ЖIЖ сәйкес Жобаны iске асыру жөнiндегі барлық қажеттi шараларды қабылдайды және оның кез келген ережелерiнiң өзгерiстерiн, түзетулерiн немесе күшiнiң жойылуын Банк алдын ала мақұлдамай өткiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
      3. Қарыз алушы АШМ арқылы Операциялық басшылыққа сәйкес А.2, В.2 және С.1 (ііі) және С.2 (ііі) Құрауыштарын iске асыру жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды және оның кез келген ережелерiнiң өзгерiстерiн, түзетулерiн немесе күшiнiң жойылуын Банк алдын ала мақұлдамай өткiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
      4. Жобаны iске асыру кезеңiнде Қарыз алушы АШМ арқылы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының D.1 Құрауышында көрсетiлген БК-ны Банктiң талаптарына жауап беретiн құрам мен техникалық талаптармен қамтамасыз етуi қажет.
      5. Жобаны iске асыру кезеңiнде Қарыз алушы АШМ арқылы Жоба күшiне енген сәттен бастап бiр айдан кешіктiрмей құруы қажет және демек, осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының D.3 Құрауышында көрсетілген Тәуелсiз техникалық сарапшылар тобын Банктің талаптарына жауап беретiн құрам мен техникалық талаптармен қамтамасыз етуi қажет.
      6. Қарыз алушы КЦ арқылы: (а) Банкке Жобаны iске асыру барысында әр жылдың 1 сәуiрiнде өткен жылға Жобаның жыл сайынғы Жоспарының жобасын қоса алғанда, Банк негiздi түрде сұрауы мүмкiн Жобаны iске асыру барысы туралы осындай ауқымда және осындай егжей-тегжейде бiрiншi жылды қоспағанда, әр жылы орындалатын шолуға негiзделген жыл сайынғы бағалау есебiн ұсынады; және (b) Банкке Жобаны iске асыру барысында әр жылдың 1 наурызында және 1 қыркүйегiнде жобаның тиiмдiлiгiн бағалауға арналған жартыжылдық мониторингтiк есептi ұсынады.
      7. Қарыз алушы:
      (а) саясат жүргiзедi және тұрақты негізiнде және Банктiң қолайлы көрсеткiштерге сәйкес мониторинг пен бағалауды жүзеге асыруға, Жобаны орындауға және оның мақсатына қол жеткiзуге оған мүмкiндiк беретiн тиiстi тәртiптi қамтамасыз етедi;
      (b) Банкке қолайлы негiзде техникалық тапсырманы дайындайды және Банкке шамамен 2008 жылғы 1 сәуiрде көрсетiлген есеп күнiнен бұрынғы кезең iшiнде қол жеткiзiлген нәтижелерiн көрсете отырып, сондай-ақ Жобаның тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету және есептi дайындау күнiнен кейiнгi кезеңде оның мақсатына қол жеткiзу жөнiндегi ұсынылған шараларды көрсете отырып, осы Бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес орындалатын мониторинг пен бағалау бойынша қызметтiң нәтижелерi туралы есеп ұсынады; және
      (с) Банкпен бiрлесiп 2008 жылғы 1 шiлдеге дейiн және Банктiң сұрауы бойынша неғұрлым кешеуiлдетiп осы Бөлiмнiң (b) тармағында көрсетiлген есептi қарайды, содан кейiн Жобаның тиiмдi аяқталуын қамтамасыз етуге және осы мәселе бойынша көрсетілген есептiң қорытындылары мен ұсынымдары және Банктiң пiкiрi негiзiнде оның мақсатына қол жеткiзуге барлық қажеттi шараларды қабылдайды.

       В бөлiгi: Жобаның А.2. В.2. C.1 (iii) және С.2 (iv) Құрауыштары шеңберiнде гранттар

      1. Қарыз алушы АШМ арқылы:
      (а) зертхана мен сапаны көтеру жоспарларына, нарыққа бағдарланылған инфрақұрылымға, қолданбалы ауыл шаруашылық зерттеулерге және Жобаның A.2, В.2, C.1 (iii) және С.2 (ііі) Құрауыштарына сәйкес ауыл шаруашылық бiлiм және технологияларды беру мен қолдану Гранттар бойынша кiшi жобаға ұсыныстар Операциялық басшылықта, Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нұсқаулықта және Ауыл шаруашылығына зиян келтiрушiлерге қарсы күрес жоспарында айтылған қағидаттарға, рәсiмдерге және өлшемдерге сәйкес мақұлдануы, бағалануы, iске асырылуы және талдануы қажеттiгiн;
      (b) Жобаны iске асыру барысындағы кез келген сәтте Банкте Гранттарды талқылау үшiн кiшi жобаларға қосымшалар қарау құқығы болды. Кiшi жобаларға ұсыныстарды енгiзу негiздемесiне және/немесе қабылдамауға қатысты келiспеушiлiктер болған жағдайда, Банктiң таңдау қорытындыларының өзгерiстерiн талап етуге құқығы бар.
      (с) Гранттарды талқылау мыналар арқылы Операциялық басшылыққа қоса берiлген Грант туралы келiсiмнiң стандартты нысанына сәйкес КГС бойынша Сенiмгер жүзеге асыруын: (i) Гранттар орындау үшiн берiлетiн кiшi жобаларға ұсыныстар баламалы сипатталуы тиiс; (іі) Грант туралы келiсiмдегi сипаттамаға және онда белгiленген бюджет шеңберiне сәйкес кiшi жобалар бойынша ұсыныстарды Грант алушыдан талап ететiн болады, сондай-ақ Грант туралы келiсiмде белгiленген рәсiмдерге сәйкес кiшi жобаларды iске асыру үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердi сатып алу өткiзу; (іii) әрбiр Гранттың сомасы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бағалау құнына және кiшi жобаларды iске асыру үшiн қажет болатын операциялық ұсталымға негізделедi және Операциялық басшылықта белгіленген лимиттен аспайды; және (iv) мақсатқа сай болуы және кiшi жобаның iске асырылуын және кiшi жобаларды қаржыландыру үшiн Грант алушы ұсынатын жарна, Операциялық басшылықта жазылған талаптар қамтамасыз етiлдi.
      2. АШМ арқылы қарыз алушы өзгеден басқа КГC бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалатын Шарт мыналарды қамтуы қамтамасыз етуi тиiс: (i) КГC бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалатын Шарт пен Операциялық басшылықта көрсетiлген немесе белгіленген талаптар мен рәсiмдердi уақытылы және оларға сәйкес Грант қаражатын КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiл бередi; (іі) КГС бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiл кiшi жобаларды iске асыру мәртебесiн растау үшiн кiшi жобаларды iске асыру орнына баратын және АШМ мен ҮО-нан алынған мәлiметтердi ұсынады; (ііі) Грант алушы Грант туралы келiсiмнен туындаған кез келген өз мiндеттемелерiн орындаған жағдайда, Грант қаражаттарын пайдалануға Грант алушының құқығын тоқтата тұруды немесе тоқтатуды қоса алғанда, КГC бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалатын шартты айтылған барлық қажеттi шараларды қабылдайды және ондағы барлық өзiнiң құқықтарын пайдаланады; (iv) КГC бойынша Сенiм бiлдiрiлген өкілде АШМ-мен алдын ала келiсiмнен кейiн Грант туралы келiсiмдi бұзуға, осыған сәйкес ұсынылатын Грант қаражаттарын пайдалануды тоқтатуға және Грант туралы келiсiмнен туындаған мiндеттемелердi Грант алушы орындамаған жағдайда, заңмен көзделген басқа тиiстi санкцияларды талап етуге өкілеттігі бap; (v) Гранттың 30 %-ға дейiн қаражаты Грант қаражаты уақытылы Грант алушыға берiлуi үшiн қазынашылық немесе коммерциялық банк шотына КГС бойынша Сенiм бiлдiрілген өкілге аванс берiлуi мүмкін; және (vi) КГС бойынша Сенiм білдiрілген өкiл Грант қаражаты алпыс (60) күннен аспайтын кезеңге аванс беру үшiн қамтамасыз ету мақсатында алпыс (60) күн iшiнде шығыстар туралы құжаттаманы АШМ мен ҮО-ға бередi.

6-қосымша
Арнайы шот

      1. Осы Қосымшаның мақсаты үшiн:
      (а) "құқықты санат" терминi осы Келiсiмнiң 1-қосымшасындағы Кестенiң 1-тармағындағы (1), (2), (3) және (4) санаттарды бiлдiредi.
      (b) "құқықты шығыстар" терминi пайымды құн бойынша сатып алынған Жобаға қажетсiз және осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының шарттарына сәйкес құқықты Санаттарға мерзiмдi бөлiнетiн Қарыз қаражаттарын қаржыландыру үшiн көзделген тауарлар мен қызметтерге шығыстарды бiлдiредi; және
      (с) "Бекiтiлген бөлiнген қаражат" терминi, егер Банкпен басқа уағдаластық болмаса, Бекiтiлген бөлiнген қаражат Қарыз шотынан алынған қаражаттың жиынтық сомасы қосылған Жалпы шарттардың 5.02-Бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасы тең болмайынша немесе 7 000 000$ баламасынан асып кетпейiнше 500 000$ сомасымен шектелетiн шартпен Қарыз шотынан алынатын және осы Қосымшаның 3 (а)-тармағына сәйкес Арнайы шотқа есептелетiн 1 000 000$ сомасын бiлдiредi.
      2. Арнайы шоттан қаражат төлемi осы Қосымшаның шарттарына сәйкес құқықты шығыстарға ғана жүргізiледi.
      3. Банк Арнайы шот белгiленген тәртiппен ашылғанына оған қолайлы растама алғаннан кейiн, Бекiтiлген бөлiнген қаражатты алу және Арнайы шоттан толтыру мақсатында қаражатты бұдан кейiн алу мынадай тәртiппен жүргiзiлетiн болады:
      (а) Бекiтiлген бөлiнген қаражат қаражаттарын алу үшiн Қарыз алушы Банкке жиынтық сомадан немесе Бекiтiлген бөлiнген қаражат сомасынан асып кетпейтiн соманы Арнайы шотқа енгiзуге сұрау немесе сұраулар бередi. Банк мұндай сұрау немесе сұраулар негiзiнде Қарыз алушы атынан Қарыз шотынан қаражатты алады және оларды Қарыз алушы сұраған сомада Арнайы шотқа депозитке есептейдi.
      (b) (і) Арнайы шотты толтыру үшiн Қарыз алушы Банк анықтайтын сол кезеңдiлiкпен Арнайы шотқа қаражаттар аударуға Банкке сұрау бередi.
      (іі) әрбір айтылған сұрауды алғанға дейiн немесе осындай сұрау алғанда Қарыз алушы Банкке қаражат толтыруға сұралған төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшін осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттаманы және өзге де куәлiктердi бередi. Әрбiр мұндай сұрау негiзiнде Банк Қарыз алушы атынан Қарыз шотынан қаражаттарды есептен шығару және негiздемесi құқықты шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан осы соманы есептен шығару туралы куәландыратын айтылған құжаттармен және басқа да растамалармен расталатын Қарыз алушы сұраған мөлшерде Арнайы шотқа оларды есептейдi. Қарыз шотынан көрсетiлген депозиттердi Банктiң есептен шығаруы құқықты санаттар шеңберiнде және айтылған құжаттармен және басқа да растамалармен расталған тиiстi баламасы сомада жүргiзiледi.
      4. Арнайы шоттан Қарыз алушы жүзеге асыратын әрбiр төлем үшiн Қарыз алушы Банкке сұрауда көрсетiлген кезең iшiнде мұндай төлем тек құқықты шығыстарға жүзеге асырылатын құжаттаманы және басқа да куәлiктi Банкке бередi.
      5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне қарамастан, Банк Арнайы шотқа бұдан әрi депозиттерге қатысты:
      (а) егер қандай да сәтте Банк барлық алдағы қаражаттарды алуды бұл Жалпы шарттардың V-бабында және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) тармағында көзделгендей тiкелей Қарыз шотынан Қарыз алушы жүзеге асыратынын анықтаса;
      (b) егер Қарыз алушы осы Келiсiмнiң 4.01 (b) (іі) бөлiмiнде айтылған кезең iшiнде Банкке Арнайы шот бойынша шоттардың аудитi мен есептiлiкке қатысты көрсетiлген Бөлiмге сәйкес Банкке берiлуге тиiс аудит туралы қандай да бiр есептердi бермесе;
      (с) егер Банк қандай да бiр сәтте Қарыз алушыны өзiнiң Қарыз алушының Жалпы шарттардың 6.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Қарыз шотынан қаражаттарды алу құқығын iшiнара немесе толығымен тоқтату ниетi туралы хабарласа; немесе
      (d) Жалпы шарттарының 5.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Банктiң барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы шегерiлген құқықты санаттарды қаржыландыруға арналған Қарыз қаражатының жалпы таңдалмаған сомасы Бекiтiлген бөлiнген қаражаттың баламалы екi еселенген сомасына жетсе, сұрауларды қабылдамайды.
      Осыдан кейiн құқықты санаттарды қаржыландыруға арналған Қарыздың Қарыз шотында алынбай қалған сомасын алу Қарыз алушыға арнайы хабарламада Банк айтқан тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Қаражаттарды бұдан әрi алу Банк айтылған хабарлама күнi Арнайы шоттың депозитiнде қалған барлық сома құқықты шығыстар бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынына куәландырылғаннан кейiн ғана Банк үшiн қолайлы көлемде жүргізiледi.
      6. (а) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнайы шоттан кез келген төлемдер: (i) шығыстарды ашу үшiн немесе осы Қосымшаның 2-тармағының шарттарына сәйкес келмейтiн сомаға жасалғанын, немесе (іі) Банкке берiлген құжаттамамен негізделмегенiн белгiлесе, Қарыз алушы Банктен хабарлама алысымен дереу: (А) Банктiң сұрауы мүмкiн мұндай қосымша растаманы бередi; немесе (В) жеткiлiкті түрде расталмаған немесе құқықты төлемдер санатына кiрмейтiн болып табылмайтын мұндай төлем сомасына немесе оның бөлiгiне тең соманы Арнайы шотқа енгiзедi (немесе Банктiң сұрауы бойынша Банкке оны өтейдi).
      (b) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнайы шоттағы кез келген өтелмеген сома құқықты шығыстар бойынша бұдан әрi төлемдердi жабу үшiн талап етiлмейтiнiн белгiлесе, онда Қарыз алушы Банктен хабарлама алысымен дереу Банкке осы өтелмеген соманы өтейдi.
      (с) Қарыз алушы Банктен хабарлама алысымен Банкке Арнайы шоттың депозитiндегi қаражаттарды толығымен немесе iшiнара өтей алады.
      (d) Осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (с) тармағына сәйкес Банкке өтелетiн қаражат Жалпы шарттарды қоса алғанда, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес бұдан әрi алу немесе есептен шығару үшiн Қарыз шотына есептеледi.