Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1598 және 2003 жылғы 4 маусымдағы N 529 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 тамыздағы N 826 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) "Қоғамдық тәртiптi нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасында iшкi iстер органдары учаскелiк уәкiлдерiнiң рөлiн көтеру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1598  қаулысына :

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi iстер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртiптi сақтаудағы және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi рөлін арттыру туралы";
      барлық мәтiн бойынша "учаскелiк уәкiлi", "учаскелiк уәкiлдерiн", "учаскелік уәкiлдерiнiң", "учаскелiк уәкiлдердiң", "учаскелiк уәкiлiн" деген сөздер тиiсiнше "учаскелiк полиция инспекторы", "учаскелiк полиция инспекторларын", "учаскелік полиция инспекторларының", "учаскелiк полиция инспекторларының", "учаскелiк полиция инспекторын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 және 3-тармақтар алынып тасталсын;

      2, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi учаскелiк полиция инспекторларын оларға бекітіліп берілген әкiмшiлiк учаскелердегi олардың негiзгi қызметiмен байланысты емес мiндеттердi орындау үшiн тартуға жол бермесiн.";
      "4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне заңнамалық кесiмдерде белгiленген тәртіппен жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен:
      1) мынадай есеппен айқындалған учаскелiк полиция инспекторларының штат санын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған шығыстарды қаржыландыруды көздеу:
      қалаларда:
      учаскелiк полиция инспекторы тұрғындар саны үш мыңнан аспайтын аумаққа бекiтiледi;
      учаскелiк полиция пунктiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн жауапты учаскелiк полиция инспекторы тұрғындар саны бiр мыңнан аспайтын аумаққа бекiтiледi;
      ауылдық жерде - учаскелiк полиция инспекторы тұрғындар саны екi мыңнан аспайтын аумаққа бекiтiледi;
      2) учаскелiк полиция инспекторларын автокөлiкпен және оларды мынадай есеппен пайдалану үшiн жағдай жасауды:
      қалаларда және аудан орталықтарында - әрбiр учаскелiк полиция пунктiн кемiнде бiр бiрлiк автокөлiкпен;
      ауылдық жерде - әрбiр учаскелiк полиция инспекторын бiр бiрлiк автокөлiкпен қамтамасыз ету ұсынылсын.";

      2) "Mac күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 528  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 233-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiнде:

      13-тармақтағы "жазуға құқылы" деген сөздер "жазады" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы