1. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 
қаулысына
 мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердің, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      реттiк нөмiрi 5-жолда, "Штат санының лимитi" деген 3-бағандағы:
      "299" деген сандар "321" деген сандармен ауыстырылсын;
      "553" деген сандар "558" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 15-жолда:
      "Атауы" деген 2-бағандағы:
      "бұдан басқа:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкiлi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Штат санының лимитi" деген 3-бағандағы "5" деген сан алынып тасталсын.