Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 675 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2005 жылғы 1 шiлдедегi  
N 675 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру

      1. "Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 38  қаулысында :

      2-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөнiндегi ережеде:
      1-тармақта "Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегi Бас басқармасының (Казгидромет)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi - Қазгидромет)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасы" деген сөздер "Қазгидромет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшiн қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 264  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 76-құжат):

      4-тармақта "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi N 1449  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 470-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрлар жүйесiн құру және жүргiзу ережесiнде:
      9-тармақта:
      2) тармақшада "белгiленген құзыретiне сәйкес су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы" деген сөздер "cу қорын пайдалану мен қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "және қорғау" деген сөздер алынып тасталсын;

      5) тармақшада "қоршаған ортаны қорғау" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшада "саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "және балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта "табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 302-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiнде:
      14-тармақтың 2) тармақшасында "және жергiлiктi атқарушы" деген сөздер алынып тасталсын;

      18-тармақта "және жергіліктi бюджеттер" деген сөздер "бюджеттiң" деген сөзбен ауыстырылсын.