Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 643 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі