Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы  ереже ;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi ;
      3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң  тiзбесi  бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.

      3. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы ;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы  бекiтiлсiн.

      4. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.

      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi ведомстволары болады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N  313  қаулысымен.
      2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
      3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
      6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
      010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.
      8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      9. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Министрлiктiң жалауы, туы және рәмiзi болады.
      11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары

      12. Министрлiк Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
      iшкi iстер органдарының жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы және iшкi iстер органдарының қарамағына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      қоғамдық тәртiпте сақтауды және қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi;
      қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      жеңiл, жүк автомобильдерiн және автобустарды, олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдердi, мотоциклдер мен мотороллерлердi, автомобильдермен бiрге қозғалуға арналған тiркемелердi қоса алғанда, мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және оларды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн айқындайды;
      қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды;
      iшкi iстер органдарының жүйесiндегi мемлекеттiк кадр саясатын айқындайды;
      мемлекеттiк нөмiрлiк тiркеу белгiлерiнiң, көлiк құралдары мен тiркемелердi тiркеу туралы куәлiктердiң, жүргiзушi куәлiктерiнiң және көлiк құралдары мен жүргiзушiлерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажеттi басқа да арнайы өнiм үлгiлерiн бекiтедi;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      Министрлiк жүйесiнде өзiндiк қауiпсiздiктi, iшкi iстер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауды, олардың қызметiндегi заңдылықты сақтауды қамтамасыз етедi;
      iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру және криминалистикалық қызметтi, анықтау мен алдын ала тергеу жүргiзудi ұйымдастырады;
      нашақорлық пен есiрткiнiң заңсыз айналымының алдын алу және оларға қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiне басшылық етудi жүзеге асырады;
      жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлау және оларды жүргiзу құқығын алу үшiн емтихандар қабылдау тәртiбiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көшi-қонға қарсы iс-қимыл жасау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше және әскери жағдай режимi енгiзiлген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөнiнде iс-шаралар өткiзген кезде оны қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiмен, басқа да әскерлерiмен және әскери құрамаларымен Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен iс-қимылдарды ұйымдастырады;
      iшкi iстер органдарының жұмылдыру даярлығы мен жұмылдырылуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн, мемлекеттiк органдарды республикадағы қылмысқа қарсы күрестiң, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жай-күйi туралы хабардар етедi;
      халықты құқықтық тәрбиелеу жөнiндегi шараларды iске асыруды ұйымдастырады, құқықтық тәртiп пен iшкi iстер органдары қызметiнiң жай-күйi туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
      қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытуды және ғылыми қызметті үйлестірудi қамтамасыз етедi;
      азаматтарды қабылдауды, азаматтардың ауызша және жазбаша өтiнiштерiн уақтылы және толық қарауды, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзiмде шешiмдер қабылдауды және жауаптар жiберудi ұйымдастырады;
      арнайы және әскери тасымалдауды ұйымдастырады;
      iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, оларды соғыс, арнайы және шифрлау техникасымен, байланыс құралдарымен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен және басқа да материалдық-техникалық ресурстармен орталықтандырылған түрде қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      ішкi iстер органдарының қызметкерлерiне және iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне, олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қатарындағы зейнеткерлерге медициналық және санаторийлiк-курорттық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң мұрағаттық құжаттарын жасақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады;
      Министрлiк жүйесiндегi мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етедi;
      өз құзыретiндегi мәселелер бойынша жалпы республикалық және өңiрлiк жедел-iздестiру және алдын алу iс-шараларын жүргiзу, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалану жөнiндегi оңтайлы шешiмдердi әзiрлеу, бағынысты органдар мен бөлiмшелерге практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, жұмыстың оң тәжiрибесiн қорыту және тарату жөнiндегi ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
      3) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау жөнiндегi функциялар:
      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң, iшкi әскерлердiң, әскери полиция мен әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
      iшкi әскерлердiң қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдауын бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң, көлiк құралдарын пайдаланатын, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу мен есепке алудың, емтихандар қабылдаудың және көлiк құралдарын басқаруға және троллейбустар мен трамвайларды басқаруға құқық беретiн куәлiктер берудiң ұйымдастырылуын бақылайды;
      жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерде қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттiк құпияларды қорғау мен құпиялылық режимiнiң сақталуын бақылау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      лицензиаттардың қызметiн, оның iшiнде олардың ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгін бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      4)  алынып тасталды - 2006.04.21. N  313  қаулысымен.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N  313  қаулысымен.
      13. Министрлiктiң өз құзыретi шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      2) соттарда iшкi iстер органдарының мүдделерiн қорғауды белгiленген тәртiппен ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      3) Yкiметке iшкі iстер органдарын, iшкi iстер органдарының ұйымдары мен мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау мәселелерi жөнiндегi халықаралық кездесулерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге, берiлген өкiлеттiктердiң шегінде халықаралық келiсiмдер жасасуға;
      5) iшкi iстер органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыруға тiкелей қатысуға оларды төмен тұрған iшкi iстер органдарының орындауын бақылауға, азаматтардың қауiпсiздiк деңгейiне терiс әсер ететiн факторларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Министрлiктiң мүлкi

      14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
      15. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      16. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өздiгiнен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
      18. Министр өз құзыретi шегінде шешiм қабылдауда дербес және Министрлiктiң қызметі үшiн дербес жауап бередi.
      19. Осы мақсатта Министр мынадай өкілеттiктердi жүзеге асырады:
      1) Министрлiктiң қызметiне басшылық етудi жүзеге асырады;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Министрлiктiң мүддесiн бiлдiредi;
      3) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;
      4) өз орынбасарларының, сондай-ақ Комитеттер төрағаларының және Министрлiктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
      5) Министрлiктiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, сондай-ақ өз құзыреті шегiнде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi кесiмдер шығарады;
      6) өз номенклатурасы бойынша iшкi iстер органдары құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен қызметкерлерiн қызметтерге тағайындауды және қызметтерден босатуды жүргiзедi;
      7) азаматтарды Министрлiктiң кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және қоса алғанда кезектi полиция полковнигiне дейiнгi арнаулы атақтарды, сондай-ақ Министрлiктiң әскери қызметшiлерiне қоса алғанда полковникке дейiнгi әскери атақтарды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын және полковник әскери атағын бередi;
      8) Қазақстан Республикасының Президентiне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      9) iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн көтермелейдi және тәртiптiк жаза қолданады, оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
      10) өз құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      11) өз құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн құрады және таратады, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген штат санының лимиті шегiнде олардың құрылымын, штат санын және бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде еңбекақы қорын белгiлейдi;
      12) iшкi iстер органдары лауазымдарының санаттары бойынша бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      13) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердi ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
      20. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңес беру органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр бекiтедi.

  5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N  811  қаулысымен.

  1. Мемлекеттік мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Емханасы бар орталық госпиталi.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кинологиялық орталығы.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
      5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Автокөлiктік қызмет көрсету мекемесi.
      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы.
      7. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Астана қаласы).
      8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi полиция полкi.
      9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Үкiметтік мекемелердi күзету жөнiндегi полиция полкi.
      10. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Академиясы.
      11. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты.
      12. Iшкi әскерлер жоғары әскери училищесi (Петропавл қаласы).
      13. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ақтөбе заң колледжi.
      14. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Алматы заң колледжi.
      15. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Семей заң колледжi.
      16. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжi.
      17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Астана қаласы).
      18. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң училищесi (Ақтөбе қаласы).
      19. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Алматы қаласы).
      20. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Атырау қаласы).
      21. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi (Өскемен қаласы).
      22. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң училищесi (Тараз қаласы).
      23. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi (Темiртау қаласы).
      24. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi (Қызылорда қаласы).
      25. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң училищесi (Қостанай қаласы).
      26. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi (Ақтау қаласы).
      27. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi (Павлодар қаласы).
      28. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi (Петропавл қаласы).
      29. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Шымкент қаласы).
      30. Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
      31. Ақмола облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар  госпиталi.
      32. Ақтөбе облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
      33. Алматы қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
      34. Алматы облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
      35. Атырау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      36. Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      37. Жамбыл облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      38. Батыс Қазақстан облысы Iшкi істер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      39. Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      40. Қызылорда облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
      41. Қостанай облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
      42. Маңғыстау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
      43. Павлодар облысы Iшкi iстер департаментінің емханасы бар госпиталi.
      44. Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      45. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
      46. 3477 әскери бөлiмi.
      47. 3502 әскери бөлiмi.
      48. 3514 әскери бөлiмi.
      49. 3517 әскери бөлiмi.
      50. 3650 әскери бөлiмi.
      51. 3656 әскери бөлiмi.
      52. 3660 әскери бөлiмi.
      53. 5449 әскери бөлiмi.
      54. 5451 әскери бөлiмi.
      55. 5510 әскери бөлiмi.
      56. 5511 әскери бөлiмi.
      57. 5512 әскери бөлiмi.
      58. 5513 әскери бөлiмi.
      59. 5514 әскери бөлiмi.
      60. 5515 әскери бөлiмi.
      61. 5516 әскери бөлiмi.
      62. 5517 әскери бөлiмi.
      63. 5518 әскери бөлiмi.
      64. 5546 әскери бөлiмi.
      65. 5570 әскери бөлiмi.
      66. 5571 әскери бөлiмi.
      67. 5572 әскери бөлiмi.
      68. 6505 әскери бөлiмi.
      69. 6506 әскери бөлiмi.
      70. 6636 әскери бөлiмi.
      71. 6637 әскери бөлiмi.
      72. 6638 әскери бөлiмi.
      73. 6654 әскери бөлiмi.
      74. 6655 әскери бөлiмi.
      75. 6656 әскери бөлiмi.
      76. 6679 әскери бөлiмi.
      77. 6697 әскери бөлiмi.
      78. 6800 әскери бөлiмi.
      79. 7552 әскери бөлiмi.
      80. Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      81. Ақмола облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      82. Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      83. Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      84. Алматы облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      85. Атырау облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      86. Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      87. Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      88. Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      89. Қарағанды облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      90. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Жезқазған қаласы).
      91. Қостанай облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      92. Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      93. Маңғыстау облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      94. Павлодар облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      95. Солтүстiк Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      96. Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
      97. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы

  2. Мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. "Алатау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

  3. Акционерлiк қоғамдар

      1. "Қазақстан" санаторийi" акционерлiк қоғамы.
      2. "Арқа" санаторийi" акционерлiк қоғамы.
      3. "Арман" санаторийi" акционерлiк қоғамы.
      4. "Күзет" акционерлiк қоғамы.

  4. Жауапкершілігі шектеулi серiктестiк

      1. "Сақшы-На страже" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігі.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N  313  қаулысымен.

      1. Астана қаласының Iшкi iстер департаментi.
      2. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi.
      3. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаменті.
      4. Алматы қаласының Iшкi істер департаментi.
      5. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi.
      6. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi.
      7. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi.
      8. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi.
      9. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi.
      10. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi.
      11. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi.
      12. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi.
      13. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi.
      14. Павлодар облысының Iшкi iстер департаменті.
      15. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi.
      16. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi істер департаментi.
      17. Көлiктегi Батыс Iшкi iстер департаментi.
      18. Көлiктегi Орталық Iшкi iстер департаментi.
      19. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс Iшкi iстер департаментi.
      20. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Көкшетау қаласының Iшкі iстер басқармасы.
      21. Ақмола облысының Iшкi iстер департаменті Степногор қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      22. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Ақкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      23. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Аршалы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      24. Ақмола облысының Iшкi iстер департаменті Астрахан ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      25. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Атбасар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      26. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Бұланды ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      27. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Егiндiкөл ауданының ішкi iстер бөлiмi.
      28. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Еңбекшiлдер ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      29. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Ерейментау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      30. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      31. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Жақсы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      32. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Жарқайың ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      33. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Зерендi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      34. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Қорғалжын ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      35. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Сандықтау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      36. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Целиноград ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      37. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Шортанды ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      38. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Щучье ауданының ішкi iстер бөлiмi.
      39. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Ақтөбе қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      40. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаменті Әйтеке би ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      41. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Алға ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      42. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Байғанин ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      43. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Ырғыз ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      44. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Қарғалы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      45. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Мәртөк ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      46. Ақтөбе облысының оппа icтep департаментi Мұғалжар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      47. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Темiр ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      48. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Ойыл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      49. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Қобда ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      50. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Хромтау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      51. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Шалқар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      52. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Талдықорған қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      53. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Еңбекшiқазақ ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      54. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Iле ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      55. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Қарасай ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      56. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Талғар ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      57. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Қапшағай қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      58. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Текелi қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      59. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Ақсу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      60. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Алакөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      61. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Балқаш ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      62. Алматы облысының Iшкi iстер департаменті Ескелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      63. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      64. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Қаратал ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      65. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Кербұлақ ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      66. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Көксу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      67. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Панфилов ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      68. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Райымбек ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      69. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Сарқанд ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      70. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Ұйғыр ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      71. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Атырау қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      72. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Жылыой ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      73. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Индер ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      74. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Исатай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      75. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Қызылқоға ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      76. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Құрманғазы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      77. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Мақат ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      78. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi Махамбет ауданының ішкі iстер бөлiмi.
      79. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Өскемен қаласының Ішкi iстер басқармасы.
      80. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Семей қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      81. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Аягөз қаласының және Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      82. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Зырян қаласының және Зырян ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      83. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Риддер қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      84. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Абай ауданының iшкі iстер бөлiмi.
      85. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Бесқарағай ауданының iшкі iстер бөлiмi.
      86. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Бородулиха ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      87. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Глубокое ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      88. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Жарма ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      89. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаменті Зайсан ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      90. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Катон-Қарағай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      91. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Көкпектi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      92. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Күршiм ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      93. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      94. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаменті Ұлан ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      95. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Үржар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      96. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаменті Шемонаиха ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      97. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаменті Курчатов қаласының полиция бөлiмi.
      98. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаменті Байзақ ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      99. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi Жамбыл ауданының ішкi iстер бөлiмi.
      100. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi Жуалы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      101. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi Қордай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      102. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаменті Мерке ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      103. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаменті Мойынқұм ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      104. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаменті Сарысу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      105. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаменті Талас ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      106. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi Тұрар Рысқұлов ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      107. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаменті Шу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      108. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Орал қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      109. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Ақжайық ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      110. Батыc Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Бөкейорда ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      111. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Бөрлi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      112. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Жаңғала ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      113. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Жәнiбек ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      114. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Зеленов ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      115. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Қазталов ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      116. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Қаратөбе ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      117. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Сырым ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      118. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Тасқала ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      119. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Теректi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      120. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Шыңғырлау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      121. Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      122. Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң Қарағанды қаласы Октябрь ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      123. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Жезқазған қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      124. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Темiртау қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      125. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Абай ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      126. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Бұхар жырау ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      127. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Балқаш қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      128. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Қаражал қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      129. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Саран қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      130. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Сәтбаев қаласының ішкi iстер бөлiмi.
      131. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Шахтинск қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      137. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Ақтоғай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      133. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Жаңаарқа ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      134. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Қарқаралы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      135. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Нұра ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      136. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Осакаров ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      137. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Ұлытау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      138. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi Шет ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      139. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Қызылорда қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      140. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Арал ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      141. Қызылорда облысының Iшкi 1стер департаментi Жалағаш ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      142. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Жаңақорған ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      143. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Қазалы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      144. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Қармақшы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      145. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Сырдария ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      146. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi Шиелi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      147. Қостанай облысының Iшкi iстер департаменті Арқалық қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      148. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Жiтіқара қаласының және Жетiқара ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      149. Қостанай облысының Iшкi iстер департаменті Қостанай қаласының Солтүстік iшкi iстер бөлiмi.
      150. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Қостанай қаласының Оңтүстiк iшкi iстер бөлiмi.
      151. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Лисаков қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      152.Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Рудный қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      153.Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Алтынсарин ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      154. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Амангелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      155. Қостанай облысының 1шкi iстер департаментi Әулиекөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      156. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Денисов ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      157.Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Жангелдин ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      158. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Қамысты ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      159. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Қарабалық ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      160. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Қарасу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      161. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Қостанай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      162. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Меңдiқара ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      163. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Haуpызым ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      164. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Сарыкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      165. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Таран ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      166. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Ұзынкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      167. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi Федоров ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      168. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi Ақтау қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      169. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi Жаңаөзен қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      170. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi Бейнеу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      171. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi Қарақия ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      172. Маңғыстау облысының ішкi iстер департаментi Маңғыстау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      173. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi Түпқараған ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      174. Павлодар облысының Iшкi істер департаментi Павлодар қаласының Солтүстiк iшкi iстер бөлiмi.
      175. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Павлодар қаласының Оңтүстiк iшкi iстер бөлiмi.
      176. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Ақсу қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      177. Павлодар облысының Iшкi iстер департаменті Екiбастұз қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      178. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Ақтоғай ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      179. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Баянауыл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      180. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Железин ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      181. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Ертiс ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      182. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Қашыр ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      183. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Лебяжьe ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      184. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Май ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      185. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Павлодар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      186. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Успен ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      187. Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi Шербақты ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      188. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Петропавл қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      189. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Айыртау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      190. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Ақжар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      191. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Аққайың ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      192. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның iшкi iстер бөлiмi.
      193. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      194. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      195. Солтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Қызылжар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      196. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Мағжан Жұмабаев ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      197. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      198. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Тайынша ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      199. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Тимирязев ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      200. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Уәлиханов ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      201. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Шал ақын ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      202. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Түркiстан қаласының Iшкi iстер басқармасы.
      203. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң Шымкент қаласы Абай ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      204. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      205. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң Шымкент қаласы Еңбекшi ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      206. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Мақтаарал ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      207. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Сайрам ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      208. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Сарыағаш ауданының Iшкi iстер басқармасы.
      209. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Кентау қаласының iшкi iстер бөлiмi.
      210. Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер департаменті Арыс ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      211. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Бәйдiбек ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      212. Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Қазығұрт ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      213. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Ордабасы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      214. Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Отырар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      215. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Созақ ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      216. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Төле би ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      217. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Түлкiбас ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      218. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi Шардара ауданының iшкi iстер бөлiмi.
      219. Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментi Ақтау станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      220. Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментi Ақтөбе станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      221. Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментi Атырау станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      222. Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментi Қандыағаш станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      223. Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментi Қызылорда станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      224. Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментi Орал станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      225. Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Астана станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      226. Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Астана қаласының әуежайындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      227.Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      228. Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Көкшетау станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      229. Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Қостанай станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      230. Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Павлодар станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      231. Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментi Петропавл станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      232. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Алматы-I станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      233. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Алматы қаласының әуежайындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      234. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Арыс станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      235 Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Дружба станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      236. Көліктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментi Жамбыл станциясындағы желілік iшкi iстер бөлiмi.
      237. Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментi Защита станциясындағы желілік iшкi iстер бөлiмi.
      238. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Луговая станциясындағы желілік iшкi iстер бөлiмi.
      239. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Семей станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      240. Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментi Түркiстан станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      241. Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментi Үштөбе станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      242. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс iшкi iстер департаментi Шу станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      243. Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментi Шымкент станциясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi.
      244. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгi.
      245. Ақмола облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      246. Ақтөбе облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      247. Алматы қаласы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      248. Алматы облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      249. Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      250. Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      251. Қызылорда облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      252. Маңғыстау облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      253. Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      254. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң 4-бөлiмi.
      255. Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң 5-бөлiмi.
      256. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң 5-бөлiмi.
      257. Ақмола әскери тергеу басқармасы.
      258. Ақтөбе әскери тергеу басқармасы.
      259. Алматы әскери тергеу басқармасы.
      260. Гвардия әскери тергеу басқармасы.
      261. Қапшағай әскери тергеу басқармасы.
      262. Қарағанды әскери тергеу басқармасы.
      263. Қостанай әскери тергеу басқармасы.
      264. Сарыөзек әскери тергеу басқармасы.
      265. Семей әскери тергеу басқармасы.
      266. Талдықорған әскери тергеу басқармасы.
      267. Тараз әскери тергеу басқармасы.
      268. Өскемен әскери тергеу басқармасы.
      269. Шымкент әскери тергеу басқармасы.
      270. Ақтау әскери тергеу бөлiмi.
      271. Атырау әскери тергеу бөлiмi.
      272. Аягөз әскери тергеу бөлiмi.
      273. Қызылорда әскери тергеу бөлiмi.
      274. Павлодар әскери тергеу бөлiмi.
      275. Петропавл әскери тергеу бөлiмi.
      276. Орал әскери тергеу бөлiмi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Iшкi әскерлер комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлiгiнiң ведомствосы, бейбiт және соғыс уақытында iшкi әскерлердi әскери басқару органы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады және азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      4. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтармен, өкiмдермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа көшесi, 78.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) iшкi әскерлер құрамаларының, әскери бөлiмдерi мен әскери оқу орындарының қызметтiк-жауынгерлiк жұмысын ұйымдастыруды, жоспарлауды айқындайтын құқықтық кесiмдердi қабылдау;
      2) тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын ұстауды, жедел, жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      3) төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарларын жою үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, жанжал аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористiк актiлердiң, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату үшiн iшкi әскерлердi тарту туралы шешiмдердiң орындалуын ұйымдастыру, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтауды күшейту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      4) соғыс уақытында аумақтық қорғаныс жүйесiнде iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi жоспарлау;
      5) iшкi әскерлердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерi, әскери оқу орындары үшiн әскерге шақырылатын жастарды жасақтау жоспарларын әзiрлеу, зерделеудi және iрiктеудi ұйымдастыру;
      6) ақпараттық-талдамалық қызметтi, оперативтiк-тактикалық есептеулердi дайындауды ұйымдастыру және жүргiзу, iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк жұмысын жоспарлау;
      7) iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету үшiн ведомстволық телекоммуникациялар жүйесiн құру, пайдалану және дамыту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      8) әскерлердi ұйымдық-техникалық басқару саласында құрамаларды, әскери бөлiмдердi, әскери оқу орындарын басқару жүйесiн ұйымдастыру және жетiлдiру;
      9) тиістi мемлекеттiк органдармен және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң арнайы және әскери тасымалдау органдарымен бiрлесiп, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн олар қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттерiн орындайтын орындарға тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыру;
      10) әскери қызмет қауiпсіздiгi жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
      11) бейбiт және соғыс уақытында iшкi әскерлерге жүктелген қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердi орындауды авиациялық, техникалық және тылдық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      12) iшкi әскерлерде құқықтық дайындықты, әлеуметтiк-құқықтық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық ахуалын қолдау;
      13) iшкi әскерлердiң кадрларын ірiктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң әскери оқу орындарында шарт бойынша оқыту жөнiндегі жұмысты жүзеге асыру;
      14) iшкi әскерлердiң құрамалары, әскери бөлiмдерi мен әскери оқу орындары орналасқан жерлерде медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асыру;
      15) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi жасаған әскери және басқа да қылмыстар бойынша анықтауды жүзеге асыру, қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн iздестiру;
      16) iшкi әскерлер құрамаларының және әскери бөлiмдерiнiң, әскери оқу орындарының заңнаманы сақтау және алға қойылған мiндеттердi орындау жөнiндегi тексерулерді жүзеге асыру;
      17) әскери-ғылыми жұмысты ұйымдастыру, iшкi әскерлер құрамаларының, әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының қызметтiк-жауынгерлiк жұмысының озық тәжірибесін зерделеу, қорыту және тарату;
      18) әскери-саяси жағдайды талдау, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер қолбасшысының шешiмдер қабылдауы мен мiндеттер қоюы үшiн ұсыныстар дайындау;
      19) әскери қауiпсiздiк және қоғамдық құқықтық тәртiп мәселелерiнде мемлекеттiк органдармен, мекемелермен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуды ұйымдастыру және оған қолдау көрсету;
      20) iшкi әскерлердi жасақтауды жоспарлау және ұйымдастыру, оны жан-жақты қамтамасыз ету (моральдық-психологиялық, материалдық-техникалық, жауынгерлiк тылдық).
      11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегінде заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      2) iшкi әскерлердi материалдық-техникалық дамытудың негiзгi бағыттары мен бағдарламаларын әзiрлеуге;
      3) iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердi орындау кезiнде заңнамада белгiленген жағдайларда жеке құрамды, қару-жарақты және арнайы құралдарды қолдануға;
      4) iшкi әскерлер құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң, әскери оқу орындарының қызметтiк-жауынгерлiк, қаржылық және шаруашылық қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiкті өздiгiнен иелiгiнен шығаруға немесе өзге тәсiлмен оған билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитетті заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      16. Комитет төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер қолбасшысы, оның орынбасарлары тиiсiнше Қолбасшының орынбасарлары болып табылады.
      17. Комитет төрағасы iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк жұмысын ұйымдастырады және басқарады және iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
      18. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      1) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, өзге де ұйымдарында, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнде iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн оқыту, даярлау және қайта даярлау саласында Комитеттi бiлдiредi;
      2) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, iшкi әскерлер құрамалары, әскери бөлiмдерi мен әскери оқу орындары басшыларының өкiлеттiлiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
      3) iшкі әскерлердiң тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығына қолдау көрсетедi;
      4) озық тәжiрибенi енгiзедi, материалдық базаны дамытады және iшкi әскерлердiң жеке құрамы үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасайды;
      5) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде iшкi әскерлер құрамаларының, әскери бөлiмдерiнiң, әскери оқу орындарының құрылымы, штат саны бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      6) iшкi әскерлердi мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлермен әскерге шақыру бойынша және ерiктi түрде келісім-шарт бойынша жасақтау, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес запасқа шығаруды ұйымдастыру жоспарларын әзiрлейдi;
      7) iшкi әскерлер офицерлерiнiң заңнамаға сәйкес әскери қызмет өткеру мәселелерiн шешедi, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады, қоса алғанда подполковникке дейiнгi кезектi әскери атақтар бередi, запасқа немесе отставкаға шығарады;
      8) заңнамада белгiленген тәртiппен әскери қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолданады;
      9) бұйрықтарға, директиваларға, өкiмдерге қол қояды және құрамалардың, әскери бөлiмдердiң штаттарын бекiтедi;
      10) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн, қызметшiлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізедi;
      11) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ережелерiн және Ішкi әскерлердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң, әскери оқу орындарының жарғыларын бекiтедi;
      12) iшкi әскерлердегi әскери-ғылыми қызметтiң ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
      13) әскерлердi қаруландыруға (жарақтандыруға) әскери және өзге де техника мен басқа мүлiктi қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға жарамсыз жай-күйдегі немесе жоғалған материалдық құндылықтар мен әскери (бюджеттiк) есептiң ақшалай қаражатын есептен шығарады.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Iшкi әскерлер комитетiнiң
құрылымы

      1. Қолбасшылық.
      2. Инспекторлық-талдамалық басқарма.
      3. Жедел басқарма.
      4. Жауынгерлiк қызмет басқармасы.
      5. Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы.
      6. Байланыс басқармасы.
      7. Автоматтандыру басқармасы.
      8. Хатшылық басқармасы.
      9. Жауынгерлiк даярлық басқармасы.
      10. Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс басқармасы.
      11. Заң басқармасы.
      12. Кадр және әскери білім басқармасы.
      13. Техника және қару-жарақ басқармасы.
      14. Тыл басқармасы.
      15. Әскери медицина басқармасы.
      16. Мемлекеттiк сатып алу басқармасы.
      17. Бюджет-қаржы басқармасы.
      18. Бақылау-тексерiс басқармасы.
      19. Әскери полиция басқармасы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi
айналымын бақылау комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлігінiң құзыретi шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласында үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру мен қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлеу болып табылады.
      3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар нысанындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады.
      6. Комитеттiң ережесін және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      7. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.
      8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды ұйымдастырады;
      2) нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оларға қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз eтeді;
      3) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрестi үйлестiредi;
      4) кеден органдарымен, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен, шетел мемлекеттерiнiң арнайы бөлiмшелерімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн есiрткi контрабандасы мен транзитінiң жолын кесу жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады;
      5) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасауға қатысты мәселелер бойынша бiрыңғай деректер банкiн қалыптастырады;
      6) есiрткi құралдарына психотроптық заттар мен прекурсорларға байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi;
      7) Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi трафигі мен есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу жөнiндегi жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүргізеді, оны жүзеге асырудың тиімдi нысандарын жинақтайды және практикаға енгiзедi;
      8) құзыретті мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi Қазақстан Республикасы үшiн бөлетiн халықаралық квоталарды бекiту үшiн Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарына психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілігі нормаларын айқындайды және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;
      9) есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, оларды дайындауға арналған шикiзатты, материалдар мен жабдықтарды, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмдерi мен жiктемелерiнде санамаланған өсiмдiктердi, заттар мен препараттарды өсiру, өндiру, дайындау, сақтау, көтерме, бөлшек және халықаралық саудада сату, бөлу, зерттеу тәртiбiн белгiлейтiн нормаларды әзiрлейдi;
      10) қылмысқа және есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы күресте қызметтік-iздестіру иттерiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi кинологиялық қызметтердiң қызметiн ұйымдастырады;
      11) есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз пайдаланудың, сондай-ақ олардың заңсыз айналымының алдын алу бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
      12) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресу үшiн қоғамды бiрiктiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      13) қызметi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласымен байланысты мамандарды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағылымдамадан өткiзудi және олардың бiліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
      14) есiрткi құралдарының психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестіредi;
      15) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың ақпаратын талдайды;
      16) есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымдарын, олардың жаңа түрлерiнiң пайда болуын болжайды, олардың өндiрiлуi мен таралуын болдырмау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      17) Қазақстан Республикасындағы есiрткi жағдайының, есiрткілердiң өңiраралық көздерi мен заңсыз айналымға түсетiн арналарының жай-күйi мен даму үрдiсiн талдайды, оларды жабу жөнiндегi шараларды әзiрлейдi, тиiстi ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
      18) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң стратегиялары мен бағдарламаларын, оның iшiнде тиiстi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру арқылы iске асыруды қамтамасыз етеді;
      19) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне және Заңсыз айналымда табылған есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды аз, iрi және аса iрi мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық кестеге өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      20) өз құзыретi шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстанның мүдделерiн бiлдiредi және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласында халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің құзыреттi органдарымен халықаралық ынтымақтастықты, өзара іс-қимыл жасасуды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      21) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың халықаралық практикасын талдайды және жинақтайды;
      22) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін қоспағанда, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау жөнiндегi функциялар:
      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      2) құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi анықтау және жою жөнiндегi жұмысты, сондай-ақ есiрткi құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөнiндегi басқа да іс-шараларды үйлестіредi және жүргізеді;
      3) қолда барымен салыстырғанда есiрткілік әсерi шамалы, неғұрлым тиiмдi, қаупі аз есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу және оларды енгiзу процесiн бақылайды.
      13. Өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетілдiру және iске асыру жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
      2) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның iшiнде халықаралықтарды ұйымдастыруға және өткiзуге;
      4) халықаралық ұйымдармен өткiзiлетiн келiссөздерге қатысуға және шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
      5) комиссиялар мен жұмыс топтарын құру, сондай-ақ нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiктердi тарту, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына тиiмдi мемлекеттiк бақылау орнату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      6) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген объектiлерге тексеру жүргiзудi жүзеге асыруға;
      7) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқама беруге;
      8) бекiтiлген стандарттар мен нормативтiк құжаттама, сондай-ақ лицензиялау шарттары болмаған немесе бұзылған кезде ұйымдардың өндiрiстiк қызметiн тоқтата тұруға;
      9) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      14. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      15. Комитетке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      16. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      17. Комитетті Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      18. Төраға Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi арнайы бөлiмшелерiн жедел басқаруды жүзеге асырады.
      19. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      1) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi, заңнамаға сәйкес нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiндегi олардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      2) өз құзыретi шегiнде есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiнде шетел мемлекеттерiнiң мүдделi органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
      3) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      4) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертедi және бұзады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдары есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi арнайы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн тағайындауға келiсiм бередi;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi арнайы бөлiмшесi туралы үлгілік ереженi бекiтедi;
      6) белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазаға тартады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдары есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi арнайы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларды тәртiптiк жазаға тарту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      7) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      8) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн сақтауын ұйымдастырады;
      9) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі
айналымын бақылау комитетінің
құрылымы

      1. Басшылық.
      2. Алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру басқармасы.
      3. Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету, лицензия және кадр жұмысы басқармасы.
      4. Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 607 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329  қаулысының  1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 100-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1301  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 403-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 1865  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 607-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 маусымдағы N 777  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 262-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы N 883 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 301-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433  қаулысы  6-тармағының 3) тармақшасы.
      8. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж. N 49-50, 590-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1116  қаулысы  4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 368-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1057  қаулысының  2-тармағы, 3-тармағының 1) тармақшасы және осы қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 344-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 наурыздағы N 261  қаулысының  2-тармағының 1) тармақшасы және осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж, N 11, 139-құжат).