Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 501 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысымен  бекiтiлген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы  Жолдауын  iске асыру жөнiндегi жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнiң 57.6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi - орталықтар) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi орталықтар қызметiн үйлестiрушi орган болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет, Қаржы, Iшкi iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару, Ақпараттандыру және байланыс агенттiктерi орталықтарды ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi өзара iс-қимыл туралы бірлескен бұйрық әзiрлесiн және бекiтсiн.

      4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң          
2005 жылғы 24 мамырдағы  
N 501 қаулысына қосымша  

  Астана және Алматы қалаларындағы "жалғыз терезе"
қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тiзбесi

      1. Астана қаласы бойынша:
      1) Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      2) Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.
      2. Алматы қаласы бойынша:
      1) Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      2) Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      3) Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      4) Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      5) Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      6) Түрiксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.