"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының " Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 2003 жылғы 12 маусымдағы және " Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1)
Ескерту. 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.
N 1349
(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
;
2) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 320-құжат):
тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтiндегi "акциздiк алым таңбаларымен", "акциздiк алым таңбаларын", "акциздiк алым таңбаларының" деген сөздер тиiсiнше "акциз таңбаларымен", "акциз таңбаларын", "акциз таңбаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;";
5-тармақтағы "өндiрушiлер" деген сөзден кейiн ", банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар" деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақтың үшiншi абзацындағы "өндiрушiлер мен" деген сөздер "өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының" деген сөздер "осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3)
Ескерту. 3) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.
N 1349
(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi