"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының " Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 2003 жылғы 12 маусымдағы және " Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртiбiнде:
2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнiмi (шарап материалын және сыраны қоспағанда);";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар, конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетін тауарларды акциздiк маркалармен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзеді.";
6-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимдерiнде әкелiнетiн;";
бесiншi абзацтағы "тауар транзитiнiң" деген сөздер "тауарлар транзитi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "акциз салығын" деген сөздер "акциздi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 320-құжат):
тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтiндегi "акциздiк алым таңбаларымен", "акциздiк алым таңбаларын", "акциздiк алым таңбаларының" деген сөздер тиiсiнше "акциз таңбаларымен", "акциз таңбаларын", "акциз таңбаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;";
5-тармақтағы "өндiрушiлер" деген сөзден кейiн ", банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар" деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақтың үшiншi абзацындағы "өндiрушiлер мен" деген сөздер "өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының" деген сөздер "осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат):
кiрiспедегi "және "Есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 874
қаулысына
" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.";
4-тармақ "өндiрушiлер" деген сөзден кейiн ", банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасындағы "өндiрушiлер мен" деген сөздер "өндiрушілерден, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардан және" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетiн тауарларды есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзедi.";
6-тармақтың төртiншi абзацындағы "көрмелер өткiзу үшiн" деген сөздер "жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын.