Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 116 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы
N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903
қаулысына
мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
5-тармақта "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн ", интерндерге айлық есептiк көрсеткiштiң 5,5 есе мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта "мен интерндерге" деген сөздер алынып тасталсын.