Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 408 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 824  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспары:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 31-1-жолмен толықтырылсын:
"31-1. "Қазақстан         ЖС    2006 жылғы  2006 жылғы  2006 жылғы
Республикасының сот      (келi- 1-тоқсан    1-тоқсан    1-тоқсан
жүйесi мен судьяларының  сім
мәртебесi туралы"        бойын-
Қазақстан Республика-    ша)
сының Конституциялық
заңына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу
туралы                                                         ";
      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын;
      3) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы  Жолдауын  iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде:
      реттік нөмiрi 50-жолда:
      2-бағанда:
      "О.И. Жұмабеков" деген сөздер "З.Я. Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;
      3-бағанда "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі