Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 386 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 34, 455-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      2-1, 2-2, 2-3-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiнде:
      барлық мәтiн бойынша:
      "мақсатты" деген сөздiң алдынан "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "қалалық" деген сөзден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3, 5 және 8-тармақтарда "қалалық", "Қалалық" деген сөздерден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі