Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 және 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 358 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300  қаулысына  өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 наурыздағы N 190  қаулысын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат):
      1-тармақта "Yкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
      12-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "бiрiншi басшының мiндетiн атқарушы адам" деген сөздер "бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сауалға жауап қайтару" деген сөздерден кейiн "немесе атқару туралы есеп (ақпарат) беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(немесе оның мiндетiн атқарушы адамның)" деген сөздер "(бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "немесе дайындаған" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеңсеге енгiзiлетiн Yкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiмет қорытындыларының жобаларын Үкiметтiң Регламентiне сәйкес жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиiс.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "факсимилесi, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бiр бүлiнген, оның iшiнде тескiшпен тiгiлген, шимайқағазға және мемлекеттiк органдар бланкiлерiнiң көшiрмелерiне шығарылған құжаттар Кеңсеге қабылдауға жатпайды";
      12 және 45-тармақтарға сiлтемелер мынадай редакцияда жазылсын:
      "* Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттарды басқару және құжаттама комитетi төрағасының 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 33 бұйрығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгi ережесiне сәйкес ресiмделуi тиiс.";
      15-тармақта "Құпия пакеттер мен басқа да құпия" деген сөздер "Құпия" деген сөзбен ауыстырылсын;
      17-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеңсеге енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары Үкiметтің Регламентiне сәйкес келiсiлуi тиiс.";
      18-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "өтiнiштерiн" деген сөзден кейiн "Yкiметтiң Регламентiне және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "не авторға қайтарады" деген сөздер алынып тасталсын;
      20-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      төртiншi абзацта "Президент көмекшiлерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізiншi абзацта "ТМД елдерi мен" деген сөздер "таяу және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптама жүргiзудi талап ететiн Президент актiлерiнiң жобалары, заң жобалары мен Үкiметке өзге де өтiнiштер;";
      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Кеңсеге енгiзілетiн Yкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде Үкiметтiң Регламентiне сәйкес тiркеуге дейiнгi тексеруден өтедi, одан кейiн белгіленген талаптарға сәйкес келетiн жобаларды қызметтiк хат-хабарлар секторы тiркейдi. Бұл ретте жобалардың түпнұсқалары мәселелердiң сипатына қарай Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi (электронды көшiрмелерi) - Заң бөлiмiне және қажет болған кезде басқа да бөлiмшелерге жiберіледi. Үкiметтiң Регламентiнде көзделген жағдайларда жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
      22. Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша Кеңседе сараптама жүргiзу (оның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.
      Сараптаманы қоса алғанда, Кеңседе жобалардың өту мерзiмi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Үкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзiмi 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Жобалар мәтінiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмiн (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, заң жобаларының өту мерзiмiн қоспағанда) Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға ұзартуы мүмкiн.
      23. Үкiмет Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда олар Үкiметтiң Регламентiне сәйкес Президент Әкiмшілiгiне енгiзіледi. Бұл ретте енгiзiлетiн жобалардың және оларға материалдардың көшiрмелерi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң үкiметтiк шешiмдердi шығару секторында қалады.";
      24-тармақтың екiншi абзацында "тiркеуi" деген сөз "қызметтiк хат-хабарлар секторына тiркеуге бeруі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28-тармақтың үшiншi абзацында "түпнұсқасы" деген сөз "төлнұсқасы" деген сөзбен ауыстырылсын, "ТМД елдерiне" деген сөздер "таяу және алыс шетелдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      36-тармақта:
      "түпнұсқасын" деген сөз "төлнұсқасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзiмi үш жұмыс күнiне дейiн) адресаттарға жедел жөнелтудi қамтамасыз ету үшiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мамандары, Үкiмет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілерi (кеңесшілерi) мен қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандары, құрылымдық бөлiмшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды факсимильдiк байланыс бойынша кейiннен оларды қызметтік хат-хабарлар секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруi тиiс.";
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "39. Мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңсеге келiп түсетiн бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсенiң құзыретiне қаралатын бақылаудағы құжаттар және/немесе олардың орындалуын бақылау бекiтiп берілген құрылымдық бөлiмшелерiне көрсетiлген есептерге бақылаудағы құжаттарды орындаудың уақтылылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысында талдау жүргiзу үшiн жiберіледi. Талдау Кеңседе есеп тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзіледi, одан кейiн талдау нәтижелерi бойынша анықтама және қарардың жобасы есепке қоса тiркеледi және нақты бақылаудағы құжаттың орындалу мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей шешiм қабылдау үшiн тиiсiнше Үкiметтің немесе Кеңсенiң Басшылығына қарауға енгiзіледi. Үкiметтiң және/немесе Кеңсенiң Басшылығы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн, егер Басшылық өзгеше белгілемесе, орындаушы есеп авторының атына қабылданған шешiмнiң (қарардың) және талдау нәтижелерi бойынша анықтаманың көшiрмесiн жiбереді.";
      43-тармақта "есеп" деген сөз "тiркеу-бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      45-тармақтың екiншi абзацы "данасында" деген сөзден кейiн "бұрыштама соғу күнi көрсетіле отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
      50-тармақта "арасындағы мiндеттер бөлiсуге" деген сөздер "Кеңсе Басшысы белгiлеген құзыретi мен өкілеттіктерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      51 және 52-тармақтарда "ж." деген қысқартылған белгi алынып тасталсын;
      61 және 62-тармақтарда "түпнұсқада", "түпнұсқалары" деген сөздер тиiсiнше "төлнұсқада", "төлнұсқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      63-тармақта "көшiрмесiн" деген сөзден кейiн "тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы қабылдау бөлмесiнiң маманына немесе Үкiмет немесе Кеңсе Басшылығының тиiстi қабылдау бөлмесiнiң аға маманына (көмекшiге, кеңесшiге) не" деген сөздермен толықтырылсын, "түпнұсқасы" деген сөз "төлнұсқасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      66-тармақта "оның орынбасарлары" деген сөздер "оның мiндетiн атқарушы тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      69-тармақта "күнiне кемiнде төрт рет" деген сөздер "Кеңсе Басшысы бекiткен кесте бойынша күнiне 5 рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 69-1-тармақпен толықтырылсын:
      "69-1. Парламенттің Мәжілiсi қайтаратын заң жобаларын фельдъегерлiк қызмет қызметкерi тiркеусiз Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесiне жеткiзедi және Үкiмет Регламентiне сәйкес шешiм қабылдау үшiн кеңесшi (қабылдау бөлмесiнiң аға маманы) арқылы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бұл ретте көрсетілген заң жобаларына iлеспе хаттардың көшiрмелерiн Кеңсе Басшысының кеңесшiсi (қабылдау бөлмесiнiң аға маманы) Үкiметтiң Парламент Мәжiлiсiндегi Өкiлдiгiне бередi.";
      73-тармақта "арнаулы тiзбеге" деген сөздер "таратылуы шектеулi мәлiметтердiң тiзбесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      75-тармақта "мұндай ақпараты" деген сөздер "таратылуы шектеулi мәлiметтердi қамтитын ақпараты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "79. Үкiмет мәжiлiсiнде қаралатын мәселе құзыретiне жататын құрылымдық бөлiмше мәжілiске дейiн 3 күн iшiнде мыналарды дайындайды және бередi:
      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне - Кеңсе Басшысымен келiсілген шақырылғандардың тiзiмiн (Үкімет мүшелерiнен және Үкiметтің құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан басқа). Нақты мәселелер бойынша Үкiмет мәжілiсiне шақырылғандардың келуiн Кеңсенiң шақырылғандардың көрсетiлген тiзiмiн дайындаған құрылымдық бөлiмшесi қамтамасыз етедi;
      Хатшылыққа - Кеңсе Басшысы белгілеген тәртiппен ресiмделген және Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарымен келiсілген, қаралатын мәселе бойынша Үкiмет мәжілiсiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ Үкiмет мәжілiсiнiң қарауына енгiзілген құжаттар бойынша сараптамалық қорытындыны (анықтаманы). Бұл ретте Хатшылық Премьер-Министр үшiн мәжілiске материалдары бар папканы жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргiзудiң түпкi тәртібiнiң көшiрмесiн Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесiне бередi.
      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi мәжiлiске шақырылғандардың Кеңсе Басшысы қол қоятын жалпы тiзiмiн, сондай-ақ мәжілістердi жүргiзу тәртiптерiнiң бiрiншi (кiрiспе) парақтарын (мәжiлiстердiң регламентiн қоса алғанда) жасайды және оларды Хатшылыққа бередi.";
      84-тармақ "материалдарды" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде қаралатын мәселелерде мәселенiң тарихын және Үкiметтiң бұрын қабылданған қаулыларының, Премьер-Министр өкiмдерiнiң және тиiстi хаттамалық шешiмдердiң орындалу барысын көрсете отырып, олар бойынша анықтамаларды күнiбұрын берудi," деген сөздермен толықтырылсын;
      85-тармақтың үшiншi абзацында "кеңес өткiзiлген күндi қоса есептегенде, 3 күннiң iшiнде" деген сөздер "кеңес өткiзiлген күннен бастап екi күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      86-тармақта "дайындау" деген сөзден кейiн "және ресiмдеу" деген сөздермен толықтырылсын, "Үкiметiнiң Регламентiмен" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шілдедегi N 678  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықпен (заңдық техникасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      87-тармақ алынып тасталсын;
      89-тармақтың бiрiншi абзацында:
      бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеңсеге енгiзілетiн Yкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркелгенге дейiн Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi Yкiмет Регламентiнiң және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестiгiне, сондай-ақ әрбiр жобаның бiрнеше парақтарын кездейсоқ таңдап алу жолымен iрiктеп дәлме-дәлдiгiне тексередi.";
      "сәйкес келмеген" деген сөздерден кейiн "немесе мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi жобалар мәтiндерiнiң дәлме-дәл еместiгi анықталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      89-тармаққа сілтеме алынып тасталсын;
      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "93. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi сараптама жасайды және жобаға өздерiнiң қорытындыларын қоса бередi, ал олардың басшылары оған бұрыштама соғады. Қажет болған кезде Yкiмет немесе Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша олар жобаға тиiстi өзгерiстер енгiзедi, одан кейiн орындаушы өзгертілген жобаны әзiрлеушiмен және Кеңсенiң Заң бөлiмiмен келiседi және содан кейiн оны Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң үкiметтік шешiмдердi шығару секторына (жобаның орыс тiлiндегі мәтiнi), осыдан кейiн редакциялық секторға (жобаның мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мәтiндерi) редакциялық сараптамаға ұсынады. Қажет болған жағдайда орындаушы жобаның мәтiнiне редакциялық түзетулер енгiзедi, одан кейiн жобаның түпкi нұсқасын Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қабылдау бөлмелерiнiң мамандары, Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысының көмекшілерi (кеңесшілерi) немесе олардың орынбасарлары қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандары арқылы Үкiмет Регламентiне сәйкес (жобаның келiсу парағын толтыра отырып) келiсудi (бұрышта соғуды) қамтамасыз етедi.";
      95-тармақта:
      бiрiншi абзацтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қол қойылған қаулыны (өкiмдi) Хатшылық келiсу парағын түпкiлiктi толтыру, iс-қағазды түзу және тарату көрсеткiшiн жасау, сондай-ақ қаулыны (өкiмдi) мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндердiң дәлме-дәлдiгiне тексеруді жүргiзу мақсатында үкiметтiк шешiмдердi шығару секторына ұсыну үшiн орындаушыға бередi.";
      екiнші абзацта "Кеңсенiң Yкiметтiк ақпарат бөлiмiн" деген сөздер "Премьер-Министрдiң Баспасөз қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац "қаулыны (өкiмдi)" деген сөздерден кейiн "және оның ақпаратты магнитті жеткiзгiштегi (дискеттегi) көшiрмесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      98-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қаулыны (өкiмдi) шұғыл шығару (тираждау және тарату) қажет болған жағдайда жобаның өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) немесе оның орынбасары бұл туралы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсiн (оның мiндетiн атқарушы тұлғаны) немесе үкiметтiк шешiмдердi шығару секторының жұмысына жетекшілiк ететiн оның орынбасарын уақтылы ескертуi тиiс. Өзге жағдайларда қаулыларды (өкiмдердi) шұғыл шығару Кеңсе Басшысының (оның мiндетiн атқарушы тұлғаның) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсiне (оның мiндетiн атқарушы тұлғаға) немесе үкiметтiк шешiмдердi шығару секторының жұмысына жетекшiлiк ететiн оның орынбасарына берген тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырылады.";
      екiншi абзацтағы "көк" деген сөз "күлгiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацтың бiрiншi сөйлемi "сектор" деген сөзден кейiн "Кеңсе Басшысының рұқсатымен және" деген сөздермен толықтырылсын, "рұқсатымен" деген сөз "нұсқауы бойынша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      100-тармақтың бiрiншi абзацы "арқылы" деген сөзден кейiн "үкiметтiк шешiмдердi шығару секторының арнайы журналына қол қойғызып" деген сөздермен толықтырылсын;
      104-тармақтың бiрiншi абзацында "құпия iс жүргiзу" деген сөздер "ақпаратты қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      109-тармақта:
      екiншi абзацта "тиiстi жазбасы" деген сөздердiң алдынан "құжатты қабылдайтын құрылымдық бөлiмше басшысымен (оның орынбасарымен) келiсiлген (бұрыштама қойылған) деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте құрылымдық бөлiмшелер арасында құжаттарды орындауға жауапты адамдарды белгілеуге қатысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда көрсетiлген келiспеушiлiктердi реттеу Кеңсе Басшысының тиiстi бөлiмшелерге жетекшілiк ететiн орынбасарларының деңгейiнде жүзеге асырылуға тиiс, ал егер олардың деңгейiнде өзара қолайлы шешiм табу мүмкiн болмаса, онда орындау үшiн жауапты адамды белгілеу мәселесi түпкілiктi шешiм қабылдау үшін Кеңсе Басшысының қарауына енгiзіледi.";
      110-тармақтың үшiншi абзацында "Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсi" деген сөздер "Кеңсе Басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      128-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Iшкi тiзiмдеме оларды сақтау мерзiмiне қарамастан "Ескертпе" деген бағанда тиiсті негiздемелерге (кесiмдерге, қызметтік жазбаларға) сiлтеме жасай отырып, жоқ құжаттарды көрсетiп, барлық iс-қағаздарында жасалады.";
      133-тармақтың екiншi абзацында "өтiнiшiнiң" деген сөз "сұрауының" деген сөзбен ауыстырылсын, "мекеме немесе ұйым" деген сөздер "Орталық мемлекеттiк мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын, "Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң" деген сөздер "Кеңсе Басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      137-тармақтың бiрiншi абзацында "Үкiмет мәжілiсiнiң хаттамаларын ресiмдеудi және басуды," деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымшада "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулыққа 7-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Нұсқаулыққа 12-қосымшада:
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнiнде 4-тармақ және N 3 нысанның тақырыбы өзгерiссiз қалдырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергілiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
      4-тармақта:
      "Бақылаудағы құжаттар" деген сөздерден кейiн "олардың орындалуын бақылау үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қандай да болмасын iс-шаралар жоспарын бекiтетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкiмдi орындаушыға (қаулы немесе өкiм жобасының Кеңседе өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне) жүктеледi.";
      7-тармақта:
      "келiп түскен" деген сөздер "тапсырма берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац "белгіленбесе," деген сөзден кейiн "тапсырма берiлген күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақтың екiншi сөйлемiнде "бөлiмшелер" деген сөздер "бөлiмшелерге, қызметтiк хат-хабар секторына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Бақылау секторы Үкiмет Регламентiнде көзделген әр түрлi iс-шаралар жоспарларын бекiтудi көздейтiн енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтiндерiнде және iс-шаралар жоспарларында келiспеушілiктердi, оның iшiнде негiзделмеген орындау мерзiмiн, аяқталу нысанының дұрыс еместiгiн және орындаушыларды дұрыс белгілемеудi анықтаған кезде бұл жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
      Кеңседе тiркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгiзілгенге дейiн бақылау секторымен келiсілуге (бұрыштама соғылуға) тиiс. Басшылық кеңесшілерiне (көмекшiлерiне) және қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келiсiмiнсiз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.";
      11-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан келiп түсетiн бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi бақылау секторына жiберіледi. Бұл ретте есептердiң төлнұсқалары құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекiтілiп берілген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне, ал олардың көшiрмелерi Кеңсе Басшысымен (оның мiндетiн атқарушы тұлғамен) немесе оның тапсырмасымен бекiтілген бекiтiп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлiмшелерге жiберіледi.";
      екiншi абзацтағы "жауаптарды (есептердi)" деген сөздер "есептердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауы үшiн жауапты Кеңседегi орындаушы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан есептi алғаннан кейiн құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағының әрбiр бақылаудағы тармағы бойынша есептiң орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәнiне талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдауды жүргiзу мерзiмi олардың Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспауы тиiс.";
      екiншi абзацтағы "сараптаманың қорытындыларына" деген сөздер "талдау нәтижелерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "жазба және/немесе" деген сөздер "талдау нәтижелерi бойынша анықтаманы және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Үкiмет мәжiлiстерi хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келiскеннен кейiн бақылау секторы жүзеге асырады.
      Премьер-Министрде өткен мәжілiс хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келiсiлген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстары бойынша, ал Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен мәжiлiстердiң хаттамаларын Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарымен келiсiлген ұсыныстар бойынша бақылау секторы жүзеге асырады. Бұл ретте Премьер-Министрде өткен мәжілiстер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына ақпаратты қағаз және магниттi (дискета) жеткiзгiштерде құрылымдық бөлiмшелер басшыларының (құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндетiн атқарушы тұлғалардың) қолы қойылып енгiзіледi.";
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жолдауларын, Үкiмет Бағдарламасын, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетiн республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын бекiту туралы Үкiмет қаулыларының орындалуын бақылауды, тұтастай алғанда, Жиынтық талдау бөлiмi жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап келесi жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғанда аяқталатын Мемлекет басшысының актілерi мен тапсырмаларын орындау туралы есептер (Президент Әкiмшілiгi Басшылығының тапсырмасына жауаптар) белгіленген тәртiппен дайындалуы және оларды Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Президент Әкiмшілiгiне жiберуi тиiс.";
      20-тармақтың бiрiншi абзацында "орындау мерзiмi аяқталудан 3 күн бұрын" деген сөздер ", егер тиiстi тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшiн белгіленген орындау мерзiмiне дейiн кемiнде 3 күн бұрын, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2 және 20-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшiн дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн ведомстволық бақылау қызметтерiмен оларда Басшылық тапсырмаларына сiлтемелердiң болуы, олардың ресiмделуiнiң дұрыстығы, сондай-ақ Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерi жобаларының мәтiндерiнде және оларда бекiтiлетiн iс-шаралар жоспарларында келiспеушiлiктердiң жоқтығы мәнiне келiсілуi (бұрыштама қойылуы) тиiс.
      20-2. Үкiмет мәжiлiстерiнiң және Премьер-Министрде өтетiн кеңестердiң хаттамаларындағы тапсырмаларды орындау туралы есептердi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгiленбесе, оларды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктiрмей, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тиiстi хаттама келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Кеңсеге ұсынады.
      20-3. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап келесі жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғандағы кезеңде аяқталатын бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсеге ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде ұсынылуы тиiс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 14 сәуiрдегi  
N 358 қаулысына      
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 22 шiлдедегі  
N 678 қаулысымен     
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының және
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi
нұсқаулық (заңдық техникасы)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында , Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiнде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта, Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1042-2001 Стандартында белгiленген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiн және олардың жобаларын ресiмдеу ережелерiн (заңдық техникасы) белгiлейдi.

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкімдерiнде (бұдан әрi - кесiмдер) мiндеттi түрде мынадай реквизиттер болуы тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы;
      2) кесiм нысанына сiлтеме;
      3) осы кесiмнiң реттеу мәнін көрсететiн тақырыбы;
      4) кесiмнiң қабылданған жерi мен күнi;
      5) кесiмнiң тiркелу нөмiрi;
      6) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң немесе оның мiндеттерiн атқаратын адамның қолы;
      7) елтаңбалық мөр.

      3. Кесiмдердiң негiзгi құрылымдық элементi "тармақ" деген сөзбен атаусыз, өзiне құқық нормасын қамтитын тармақ болып табылады.
      Тармақтар маңыздылығы бойынша логикалық кезектiлiкпен, сондай-ақ мәселенi шешу кезеңдерінің хронологиясын ескере отырып орналастырылады.

      4. Көлемi едәуiр кесiмдердiң мазмұны жағынан жақын тармақтары тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тараулар бөлімдерге бiрiктiрiлуi мүмкiн.

      5. Көлемi жағынан үлкен тарауларды кесiмнiң параграфтары бөлiнуi мүмкiн, ал үлкен бөлiмдерде осыған ұқсас кiшi бөлімдер бөлiнуi мүмкiн.

      6. Кесiмдердiң тармақтары тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Тармақтар мен тармақшалардың iшiнде абзацтармен бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.
      Үлкен әрiптен басталатын бөлiктiң бiрiншi абзацынан басқа, мәндiк бірлiктi танытатын, бiрiншi жолдағы азат жолмен бөлiнетiн және кiшi әрiппен басталатын кесiм мәтiнiнiң бөлiгi абзац деп аталады. Абзацтар нүктелi үтiрмен аяқталады (бөлiмнiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқа).
      Кесiмдердiң мәтiндерiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгiлермен белгiлеуге жол берiлмейдi.

      7. Кесiмдердiң әрбiр тармағы, тармақшасы, сондай-ақ параграфтары, тараулары, кiшi бөлiмдерi мен бөлiмдерi apaб сандарымен нөмiрленедi.

      8. Тармақтарды, тарауларды және бөлiмдердi нөмiрлеу бүкiл кесiм үшiн өн бойына болып табылады.
      Бiр тармақтан тұратын кесiмдерде тармақтарды нөмiрлеу жүргiзiлмейдi.

      9. Тармақшаларды нөмiрлеу әрбiр тармақ үшiн дербес болып табылады. Кесiмнiң әрбір тарауындағы параграфтардың нөмiрленуi мен бөлiмдегi кiшi бөлiмдердiң нөмiрленуi өн бойына емес дербес болып табылады.

      10. Кесiмнiң тармақтарындағы тармақшалардың нөмiрлерi жақшасы бар apaб әріптерімен мынадай тұрғыда бөлiнедi: 1), 2), 3) және одан әрi.

      11. Тақырыбы (атауы) кесiмнiң реттеу мәнiн бiлдiредi және қысқа болуы тиiс.
      Кесім тақырыптарында (атауларында) сөздердi тасымалдауға жол берiлмейдi.

      12. Кесiмнiң қабылдану мақсаты мен себептерін, оның алдында тұрған негізгi мiндеттерiн түсiндіру қажет болған жағдайда құқық нормаларын баяндаудың алдында кіріспе бөлiгi (кiрiспе) болады. Нормативтiк ережелер жобаның кiрiспе бөлiгiне енгiзiлмейдi.
      Кесiмнiң кiрiспесiнде себептердi көрсету мақсатында заңнамалық кесімдерге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне не оларды iске асыру үшiн осы шешiм қабылданатын алдыңғы кесiмдерге сiлтемелер көрсетiлуі мүмкін.

      13. Пайдалану қолайлылығы мақсатында кесiмнiң әрбiр тарауы мен бөлiмi, сондай-ақ кесiм тарауларының параграфтарында және бөлiмдерiнiң кiшi бөлiмдерiнде өз тақырыптары болуы мүмкін.
      Кесiмдер тарауларының, бөлiмдерiнiң, параграфтарының және кiшi бөлiмдерiнiң тақырыптары алдыңғы мәтiннен екі, ал келесi мәтіннен бiр жоларалық интервалмен бөлінеді.

      14. Кесiмдердiң мәтiндері нақты құрылуы және қолдан түзетусіз және бояусыз бірыңғай қаріппен (Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентінің талаптарына сәйкес) басылуы тиіс.

      15. Кесiмнiң мәтінi әдеби тілдің және заң терминологиясының нормалары сақтала отырып жазылады, оның ережелерi неғұрлым қысқа болуы және нақты әрі әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мазмұнды қамтуы тиiс. Ескiрген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды, қысқарған сөздердi қолдануға жол берілмейді. Тармақтың мазмұны (нормасы) басқа тармақтарда қайталап жазылмайды.

      16. Кесiмнің мәтінi мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларациялық сипаттағы ереженi қамтымауға тиiс.

      17. Кесiмдердегi тапсырмалар, әдетте, Үкiметке бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға не қажет болғанда олардың басшыларына берiледi.
      Үкiметке бағынысты емес мемлекеттiк органдарға (олардың басшыларына) қатысты кесiмдердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келiсiм бойынша жазылуы тиіс. Соңғы жағдайда мемлекеттiк органның атауынан кейiн "(келiсiм бойынша)" деп көрсетіледi.

      18. Кесiмдердiң мәтiнiндегі мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес толық және бүкiл мәтiн бойынша бiр үлгiде жазылуы тиiс.
      Ұйымдар атауларын қысқартуға нормативтiк құқықтық кесiм мәтiнiнiң өзінде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын ашып жаза отырып, мәтiннiң қарапайымдылығы мен ықшамдығын қамтамасыз ету мақсатында жол беріледі.

      19. Кесiм мәтінінде ерекшеленген әрiптермен (жартылай қара қарiппен) жазылатын кесімнiң тақырыбын, тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтардың, кіші бөлімдердiң атауларын, "ҚАУЛЫ ЕТЕДI" деген сөздердi, қол қоятын тұлғаның лауазымын, атының инициалдары мен тегiн қоспағанда, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөлiп көрсетуге және сызуға жол берілмейді.
      "ҚАУЛЫ ЕТЕДI" деген сөздер үлкен әрiптермен жазылады, оны тасымалдаумен басқа жолға бөлуге тыйым салынады.

      20. Кесімдер жобасы, оның iшiнде құпия сипаттағылары, әдетте, мынадай параметрлердi ескере отырып, белгiленген үлгiдегi бланкiлерде ресiмделуi тиiс (6.0 және одан жоғары нұсқасындағы "WORD for WINDOWS" мәтiн редакторын қолданумен):
      сол жақ шет сызығы - 2,5 см, оң жақ шет сызығы - 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см;
      қарiп - "TimesNewRoman" мөлшерi N 14 (қосымшаларда кiшi мөлшерлi, бiрақ N 10-нан кiшi емес қаріп қолданылуы мүмкiн);
      жоларалық интервал - бір жолдық;
      абзацтық шегiніс (бiрiншi жолдың шегiнiсi) - 1,25 см;
      тақырып пен мәтiн, мәтiн мен қолдың арасындағы интервал - 2 жоларалық интервал.

      21. Кесiмдер мен оларға қосымшалардың беттерi нөмiрленуi тиiс, бұл ретте әрбiр қосымша үшiн беттер дербес нөмiрленуi тиiс (беттердi нөмiрлеу беттің жоғарғы жағына, ортасына жүргiзiледi, бiрiншi бет нөмiрленбейдi).

      22. Егер кесiммен комиссияның, жұмыс тобының немесе өзге де уақытша органның, сондай-ақ үкiмет делегациясының дербес құрамы бекiтiлген жағдайда, онда олардың жұмысына қатысатын тұлғалардың тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы толық келтiрiледi. Бұл ретте алдымен комиссия (жұмыс тобы, өзге де уақытша орган, делегация) басшылығының - басшының, оның орынбасарының (орынбасарларының) және хатшының деректерi келтiрiледi, одан кейiн хаттамалық үлкендiк ретiне және мемлекеттiк басқару лауазымдарының деңгейлерiне сәйкес, ал бiр деңгейдiң iшiнде - әлiпбилiк тәртiппен орналасатын олардың мүшелерiнiң деректерi көрсетiледi.

      23. Қажет болған жағдайда кесiмдерде жоғары тұрған деңгейлер кесiмдерiнiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер келтiрiлуi, сондай-ақ осындай кесiмдерге сiлтеме жасала отырып, жоғары тұрған деңгейлердiң құқықтық кесiмдерiнiң нормаларынан жекелеген ережелер берiлуi мүмкiн.
      Кесiмнiң тармақтары мен тармақшаларында оның басқа тармақтары мен тармақшаларына сiлтемелер жасау тек құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не қайталауларды болдырмау қажет болатын жағдайларда рұқсат етіледi.

      24. Абзацтарға, жолдарға және сөйлемдерге сiлтеме жасау кезiнде олардың нөмiрленуi реттiк сандармен (жазумен) таңбаланады.

      25. Кесiмнiң мәтiнiнде тармаққа (тармақшаға) сiлтеме оның араб сандарымен (сын есiмдердi пайдалануға рұқсат етiлмейдi) таңбаланатын реттiк нөмiрiн көрсету арқылы келтiрiледi.

      26. Егер кесiмнiң мәтiнiнде нормативтiк құқықтық кесiмге сiлтеме болған жағдайда, онда оның түрi, қабылданған күнi, тiркеу нөмiрi және осы кесiмнiң атауы (көрсетiлген дәйектiлiкпен) көрсетiледi.
      Заңнамалық кесiмдерге сiлтеме жасау кезiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын қоспағанда, олар тiркелген нөмiрлердi көрсету талап етiлмейдi.
      Бұрын қабылданған кесiмге өзгерiстер, толықтырулар енгiзудi және/немесе оның күшi жойылды деп тануды көздейтiн кесiмнiң атауы кесiмнiң түрiн, оның қабылданған күнi мен тiркеу нөмiрiн көрсетудi қамтуы тиiс.

      27. Егер кесiмнiң мәтiнiнде нақ сол нормативтiк құқықтық кесiмге бiрнеше дәйектi сiлтеме келтiрілсе, онда кейiннен оған сiлтеме жасала отырып, кесiмнiң толық атауы бiр рет көрсетiледi (мәтiнде бiрiншi аталған кезде).

      28. Егер кесiмде қосымшаға сiлтемелер болса, онда кесiмге бiр қосымша болатын жағдайларды қоспағанда, қосымшалардың кесiмнiң мәтiнiнде аталуы тәртiбiмен берiлетiн қосымшалардың нөмiрлерi көрсетiледi.

      29. Кесiмдердiң мәтiнiнде күндердi таңбалау кезiнде сөздiк-сандық тәсiл қолданылады, мысалы: "2005 жылғы 13 қаңтар".

      30. Кесiм мен қосымшаның атауы бiрдей болған жағдайларда, кесiмнiң мәтiнiнде оның толық атауы қолданылмауы мүмкiн.

      31. Кесiмдердiң ережелерiне ескертулер тиiстi нұсқауды мәтiнде норманың мазмұнына залал келтiрместен жазу мүмкiн болмайтын ерекше жағдайларда рұқсат етiледi.

  2. Бұрын қабылданған кесiмдерге өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы кесiмдердi ресiмдеу

      32. Нақ сол кесiмге өзгерiстер мен толықтырулар бiр тармақпен немесе тармақшамен көзделедi.

      33. Бұрын қабылданған кесiмдерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi, сондай-ақ олардың күшi жойылды деп тануды көздейтiн кесiмдердi дайындау кезiнде күнiнен, ол тiркелген нөмiрден және бұл кесiмнiң атауынан кейiн жақшаның iшiнде оның жылы, нөмiрi мен "Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерi жинағында" (бұдан әрi - ПҮКЖ) жарияланған бабы көрсетiледi. Егер бұрын қабылданған кесiм ПҮКЖ-да жарияланбаған жағдайда, тек күнi, осы кесiмнiң нөмiрi мен атауы көрсетiледi.

      34. Үштен астам кесiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда, жеке қосымшалармен ресiмделетiн тiзбелер жасалады.
      Сол немесе өзге де кесiмнiң белгiлi бiр тармақтарының (тармақшаларының) күшi жойылды деп танылуы тиiс, ал дәл осы кесiмнiң басқа бөлiктерi жаңа редакцияда жазылуы тиiс болса, онда мұндай кесiм өзгерiстердiң тiзбесiне енгiзiледi.

      35. Дәл сондай деңгейдегi жаңа кесiмнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп тануға, өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзуге жататын кесiмдердiң немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, тармақтарының, тармақшаларының) саны көп болған жағдайда, олардың тiзбесi жеке кесiммен ресiмделедi. Мұндай кесiмнiң жобасын негiзгi кесiмнiң жобасын әзiрлеушi дайындайды және онымен бiр мезгiлде ұсынады.

      36. Егер кесiмде қосымшаға сiлтеме болса, онда кесiмге бiр қосымша болатын жағдайларды қоспағанда, осы қосымшаның нөмiрi жақшаның iшiнде көрсетiледi.

      37. Қосымша құрылымдық бөлiктер, соның iшiнде қосымшалар қолданыстағы кесiмнiң мәтiнiне былайша енгiзiледi:
      нақ сондай түрдегi соңғы құрылымдық бөлiкке енгiзiлетiндерi - кейiнгi реттiк нөмiрлерiмен;
      нақ сол түрдегi құрылымдық бөлiктердiң арасына енгiзiлетiндерi - кесiмнiң өзiнен кейiн тұратын құрылымдық бөлiктерiнiң нөмiрлерiн қайталайтын қосымша нөмiрлермен, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 9-1-параграф; 5-1-бөлiм; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
      Бұл ретте қолданыстағы негiзгi кесiмге қосымшалар мен туынды нормативтік құқықтық кесiмдер енгiзу туралы кесiмдерде енгiзу туралы кесiмге қосымшаға сәйкес қолданыстағы негiзгi кесiмдi қосымшамен немесе туынды нормативтiк құқықтық кесiммен толықтыру туралы тармақ (тармақша) болуы тиiс.
      Қолданыстағы кесiмге енгiзiлген құрылымдық бөлiктiң мәтiнiнен кейiн жақшаның iшiнде енгiзу туралы кесiмге сiлтеме берiледi. Кесiмнiң қалған белiктерiнiң нөмiрленуi сақталынады.

      38. Құпиялылық таңбалары немесе "Қызмет бабында пайдалану үшiн" ("қбү"), "баспасөзде жарияланбайды", "баспасөзге арналмаған" деген белгiлерi бар кесiмдер тiзбеге олардың тақырыптары (атаулары) көрсетiлместен енгізiледi.

      39. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кесiмдер тiзбесiндегi барлық кесiмдер күшi жойылды деп танылатын кесiмдер тiзбесiндегi сияқты олардың қабылданған күндерi бойынша хронологиялық тәртiппен орналасады.
      Нақ сол күннiң шегіндегі кесiмдер олардың нөмiрлерiне немесе ПҮКЖ-дағы баптарының нөмiрлерiне сәйкес көрсетiледi.

  3. Бұрын қабылданған кесiмдердiң күші жойылды деп
тану туралы кесімдерді ресiмдеу ережесі

      40. Қолданыстағы кесiмдердiң орнына нормативтiк сипаты бар кесiмдердi қабылдау кезiнде, алдыңғыларының жаңадан қабылданған кесiммен күшi жойылуға қойылуы тиiс (толығымен немесе бөлiктерi).
      Осындай жағдайларда жеке сипаты бар қолданыстағы кесiмдерге қатысты шешiм осы кесiм ережелерiнiң құқықтық жүктемесiне қарай әрбiр нақты жағдайда жеке қабылданады.

      41. Қолданыстағы кесiмнiң құрылымдық бөлiктерiнiң күшi жойылды деп таныған кезде, мұндай бөлiктер қолданыстағы кесiмнен алынып тасталады, бiрақ олардың нөмiрлерi сақталады.
      Сақталған нөмiрге кесiмнiң (немесе оның бөлiгiнiң) күшi жойылды деп тану туралы кесiмге сiлтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөлiктердiң нөмiрленуi өзгермейдi.

      42. Егер бұрын қабылданған бiрнеше кесiм (3-тен астам) күшi жойылуға қойылған жағдайда, жеке қосымшамен (тiзбемен) ресiмделетiн тiзбе жасалады.
      Тізбелер заңдық тұрғыдан негiзделген және жеткiлiктi түрде толық болуы тиiс. Тiзбелерге жаңа кесiммен қамтылған кесiмдер де енгiзiлуi тиiс.

      43. Егер кесiм мәнiн (заңдық күшiн) толығымен жоймаса, ол күшi жойылды деп тануға арналған тiзбеге жаңадан қабылданатын кесiмге қайшы келетiн немесе соңғысында қамтылған бөлiгiнде ғана енгiзiледi.
      Егер көлемi бойынша үлкен кесiм тармақтарының елеулi бөлiгi күшi жойылды деп тануға жататын болса, онда тiзбеге өзiнiң күшiн сақтайтын тармақтардың аталуы арқылы бүкiл кесiм енгiзiледi.

      44. Басқа кесiмдердiң нормаларын қайталайтын және жаңалығы жоқ кесiмдер де күшi жойылды деп тануға жатады.

      45. Күшi жойылуға ресми жарияланған да, жарияланбаған да нормативтiк құқықтық кесiмдер қойылады.

      46. Негiзгi кесiмдер де, оның мәтiнiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кесiмдер (немесе олардың бөлiктерi) де күшi жойылды деп тануға жатады. Толық күшi жойылды деп тануға жататын қандай да бiр кесiмiнiң (тармағының, тармақшасының, абзацының) редакциясы бiрнеше мәрте өзгерген жағдайда тiзбеге ол туралы барлық кесiмдер, оның iшiнде редакциясын өзгерткен аралық кесiмдер дербес тармақтар түрiнде енгiзiледi.

      47. Тiзбеге дербес тармақтар түрiнде жаңа шешiмге қайшы келетiн немесе онда қамтылған оның қолданылу аясын, сондай-ақ уақыт бойынша және тұлғалардың шеңберi бойынша оның жекелеген құрылымдық бөлiктерiнiң қолданылу аясын кейiннен кеңейту туралы барлық кесiмдер кiргiзiледi.

      48. Тiзбеге жаңа кесiм шығарылған сәтке дейiн қолданылған кесiмдермен бiрге бұрын, жаңа кесiм қабылданғанға дейiн iс жүзiнде маңызын жойған, бiрақ күшi жойылды деп танылмаған сол мәселе жөнiндегi кесiмдер де кiргiзiледi (тиiсiнше күшi жойылды деп тануға жатады).
      Күшi жойылды деп танылған кесiмдердiң тiзбесiне, сондай-ақ бұрын жалпы нысанда (оларды атамастан) күшi жойылды деп танылған аталған мәселе бойынша кесiмдер де енгiзiледi.

      49. Қолданылу мерзiмi өткен уақытша сипаттағы кесiмдер мен кесiмдердiң құрылымдық бөлiктерi күшi жойылды деп тануға жатпайды.

      50. Нормативтiк құқықтық кесiмдерде қолданылу мерзiмi бiткен уақытша сипаттағы нормалармен қатар тұрақты қолданылатын нормалар қамтылған және барлық осы нормалар күшi жойылды деп танылуға жататын жағдайда, тiзбеге бүкiл мәтiн енгiзiледi.

      51. Егер кесiмнiң тармағында күшi жойылды деп танылуға жататын қосымшаға сілтеме қамтылса, онда тiзбеге осы тармақ қана енгiзiледi (жойылуға қойылады), ал қосымша бөлек ескерiлмейдi.
      Егер кесiмнiң тармағында қосымшаны бекiтумен қатар мағынасы сақталатын басқа да мәселелерге қатысты нормалар қамтылса, ал қосымша толық күшi жойылды деп танылуға жатса, онда осы тармақ тiзбеге қосымшаға қатысты бөлiгiнде енгiзiледi, ал қосымша бөлек ескерiлмейдi.

      52. Егер сол немесе өзге кесiмнiң (оның құрылымдық бөлiгiнiң) тiзбеге толық енгiзiлуi мүмкiн болмаса, нақты жағдайға қарай жекелеген сөйлемдердi, сөздердi, жолдарды және басқаларын алып тастаумен, толықтырумен немесе ауыстырумен шектелiп, оның жаңа редакциясын көздеген жөн.

      53. Егер жекелеген тармақтар толығымен, ал басқалары белгiлi бiр бөлiгiнде ғана күшi жойылды деп танылуға жатса, онда алдымен толығымен күші жойылды деп танылуға жататын тармақтар көрсетiледi.

  4. Кесiмдерге қосымшаларды ресiмдеу ережесi

      54. Кесiмнiң құрылымына қосымшалар кiруi мүмкiн.

      55. Нормативтiк құқықтық кесiмге графиктердi, кестелердi, схемаларды, карталарды, тiзбелердi және басқа да материалдарды қосу қажет болған жағдайда, соңғылары бөлек қосымшалармен ресiмделедi.

      56. Туынды нормативтiк құқықтық кесiмнiң не қосымшаның бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында сол арқылы ол қабылданған негiзгi нормативтiк құқықтық кесiмнiң түрiне, бекiтiлген күнiне, тiркеу нөмiрiне нұсқау қамтылуға тиiс. Мысалы, егер кесiмнiң мәтiнiнде "Қоса берiлiп отырған нұсқаулық... (тәртiп..., ереже...) бекiтiлсiн" деген сiлтеме келтiрiлсе, онда қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына:

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
200___ ___________    
N қаулысымен      
бекiтiлген       

деп жазылады.
      Егер кесiмге бiрнеше қосымша болған жағдайда, әрбiр қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында оның реттiк нөмiрi, сондай-ақ сол арқылы ол қабылданған кесiмнiң түрi, кесiмнiң қабылданған күнi және оның тiркеу нөмiрi көрсетiледi. Егер кесiмге қосымша бiреу болса, онда ол нөмiрленбейдi.
      Мысалы, егер кесiмнiң мәтiнiнде:
      "1 (2, 3, ...)-қосымшаға сәйкес" не "1 (2, 3, ...)-қосымша" деген сiлтеме келтiрілсе, онда қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына:

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң (Премьep-      
Министрiнiң)          
200__ _________        
N ___ қаулысына (өкiмiне) 
1 (2, 3, ...)-қосымша   

деп жазылады.

      57. Егер жеке қосымшамен ресiмделетiн Нұсқаулыққа, Қағидаға, Ережеге және өзге де туынды кесiмдерге қосымша болса, онда соңғыларының жоғарғы оң жақ бұрышына:

Нұсқаулыққа (Қағидаға,    
Ережеге)           
1 (2, 3, ...)-қосымша    

деп жазылады, бұл ретте Нұсқаулықтың, Қағиданың, Ереженiң және өзге де туынды кесiмдердiң атауы толық көрсетiледi.

      58. Қосымшаның тақырыбы (атауы) мiндеттi түрде ол қабылданған негiзгi кесiмнiң мәтiнiне сәйкес болуы тиiс.

      59. Құпиялылық таңбалары немесе "Қызмет бабында пайдалану үшiн" ("қбү") деген белгiсi бар кесiмдердi ресiмдеу осы Нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16қ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 29 тамыздағы N 8 бұйрығымен бекiтiлген Таратылуы шектелген құжаттарды, iстер мен басылымдарды есепке алу, пайдалану және сақтау ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

                                 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                      2005 жылғы 14 сәуірдегі
                                           N 358 қаулысына
                                               2-қосымша

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                         Кеңсесiнде iс жүргiзу
                                         жөнiндегi нұсқаулыққа
                                              7-қосымша

          Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының
               (Премьер-Министрi өкiмiнiң)
        жобасын Премьер-Министр Кеңсесiнде келiсу
                          ПАРАҒЫ

1. Жобаның атауы____________________________________________________
2. Премьер-Министр Кеңсесiнде жобаның өтуiне жауапты құрылымдық
бөлiмше_____________________________________________________________
бөлiмшеге келiп түскен күнi,________________________________________
жобаны қабылдап алған адамның қолы__________________________________
3. Орындаушы (жобаның өтуiне жауапты)_______________________________
                                          (тегі, аты-жөнi)
жобаны алдым____________________________________
                   (күнi, қолы)
4. Орындаушының сараптамалық қорытындыны берген күнi________________
                                                     (күнi, қолы)
5. Сараптамадан өткiзу және Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде
келiсу:

Кеңсенiң
құрылымдық
бөлiмшеле-
рiнiң атауы

Сарап-
тамаға
келiп
түскен
күнi және
қабылдап
алушының
қолы

Қорытынды-
ның жасал-
ған күні
және орын-
даушының
оны алған-
дығы туралы
қолы

Келiсуге
(бұрышта-
ма соғуға)
келiп түс-
кен күнi
және қа-
былдап
алушының
қолы

Қайтарыл-
ған күнi
және орын-
даушының
қолы

Заң бөлiмi

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Yкiметтiк
шешiмдердi
шығару
жөнiндегi
сектор

  

  

  

  

Редакциялық
сектор

  

  

  

  

Қабылданған
шешiмнiң
мемлекеттiк
және орыс
тілдерiн-
дегi мәтiн-
дерiнiң
дәлме-дәл-
дiгiн
тексеру

  

  

  

  

6. Жобаны Басшылықта келiсу

Басшылықтың қабылдау бөлмелері

Келiсуге (бұрыш-
тама
соғуға)
келiп
түскен
күнi және
қабылдап
алушының
қолы

Қайтарыл-
ған күнi
және орын-
даушының
қолы

Премьер-Министр орынбасарының

  

  

Премьер-Министр орынбасарының

  

  

  

  

  

Кеңсе Басшысының

  

  

7. Жобаны пысықтауға қайтарудың (соның iшiнде жұмыс тәртiбiмен)
себебi, негiздемесi (Басшылықтың қарары) және күнi__________________
8. Пысықталған жобаның орындаушыға қайтарылған күнi_________________
9. Жобаның Премьер-Министрдiң қол қоюына Хатшылыққа түскен күнi
____________________________________________________________________
10. Қол қойылған қаулының (өкiмнiң) орындаушыға қайтарылған күнi
____________________________________________________________________
11. Жобаның өтуi туралы ерекше белгілер_____________________________
12. Қабылданған шешiмнiң (заң жобасының) электронды жеткiзгiштегi
(дискет тiркеу N__) қоса берiлiп отырған мемлекеттiк және орыс
тiлдерiндегi нұсқасы қағаз жеткiзгiштегi түпкiлiктi нұсқасына
сәйкес келедi - салыстырдым орындаушы________/__________________/
                                     (қолы)    (тегі, аты-жөнi)
__________
(күні)
13. Электронды жеткiзгiштегi салыстырылған нұсқасымен бiрге
қаулының (өкiмнiң) үкiметтiк шешiмдердi шығару жөнiндегi секторға
келiп түскен күнi
Қабылдап алдым____________/________________________________________/
                (қолы)                (тегі, аты-жөнi)
Тапсырдым_________________/________________________________________/
                (қолы)                (тегі, аты-жөнi)