Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 347 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 13 сәуірдегi
N 347 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару
орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде
байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын
басқару орталықтарының
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мыналар мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтары болып табылады:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Байланысты басқару пунктi.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ақпараттық-техникалық қызмет департаментi.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ақпаратты қорғау және жұмылдыру жұмысы бөлiмi.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Ақпараттандыру мен инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаментi ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiмi.
      5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Азаматтық қорғаныс, әскери бөлiмдер және жедел ден қою департаментiнiң байланыс, ақпараттандыру және хабарлау бөлiмi.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң лицензиялау және телекоммуникациялар басқармасы.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы.
      8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Аппаратының ақпаратты қорғау және жұмылдыру жұмысы бөлiмi.
      9. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Заң қызметi, мемлекеттiк құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы департаментiнiң Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлiмi.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының мемлекеттiк құпияларды қорғау және жұмылдыруды қамтамасыз ету бөлiмi.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Аппараты - Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi iшкi әкiмшiлiк басқармасы мемлекеттiк құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы бөлiмi.
      12. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң Әкiмшiлiк департаментi.
      13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кадр жұмысы бөлiмi.
      14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру бөлiмi.
      15. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Аппаратының мемлекеттiк тіл және құжат айналымы басқармасы.
      16. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Аппараты.
      17. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi Байланыс және ақпаратты техникалық қорғау департаментiнiң ведомстволық байланыс бөлiмi.
      18. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгінің Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаментi.
      19. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясы) кезекшi бөлiмi.
      20. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Әкiмшiлiк жұмыс және талдау департаментiнiң әкiмшiлiк жұмыс басқармасы.
      21. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi геодезия және геоақпараттық жүйелер бөлiмi.
      22. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Жедел штабы.