Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N 274 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 29 наурыздағы 
N 274 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты
шығыстардың және мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын,
сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң)
тiзбесi

      1. Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар:
      1) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн қажеттi құжаттарды сатып алу жөнiндегі;
      2) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн енгізiлетiн кепiлдi жарна.
      2. Сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiк (активтер):
      1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынатын электр энергиясы;
      2) салық төлеушiлердiң салық берешегi есебiне иелiк ету шектелген мүлкі.