Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы 35000000 (отыз бес миллион) АҚШ доллары сомасына Қарыз туралы келiсiмнiң (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден кейiнгi екiншi жобасы) жобасы (бұдан әрi - Қарыз туралы келiсiм) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының атынан Қарыз туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қосылған құн салығын төлеудi қоса алғанда, республикалық бюджеттен Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден кейiнгi екiншi жобасын бiрлесiп қаржыландыру 36392000 (отыз алты миллион үш жүз тоқсан екi мың) АҚШ долларынан аспайды деп белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен тартылатын қарызға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi тартылатын қарыз қаражатын мақсатты және тиiмді пайдалануды қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
N___ KZ ҚАРЫЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден
кейiнгi екiншi жобасы)
2005 жылғы _________
Қарыз N___ KZ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
ҚAЗAҚCTAH РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 2005 жылғы _____________ КЕЛIСIМ.
Мыналар:
(А) Банк Қарыз алушыдан ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiн қолдауды көздейтiн бағдарлама (Бағдарлама) айтылған және Қарыз алушының оны орындауға ниет бiлдiретiндігi туралы мәлiмделген 1998 жылғы 4 мамырдағы хатты (1998 жылғы 7 мамырда тiркелген) алғаны;
(В) Бағдарламаны орындау үшiн Қарыз алушы пайдалануы тиiс он (10) жылға дейiнгі кезең iшiнде $85 000 000-ға дейiнгi мөлшерде қарыздар серияларын беру арқылы Бағдарламаны орындауға қолдау көрсетудi Қарыз алушы Банктен сұрағаны;
(С) 1998 жылғы 23 маусымдағы Қарыз алушы мен Банк арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (4331 KZ) сәйкес он бес миллион долларға ($15,000,000) барабар сомада қарыз берiп Бағдарламаның бiрiншi кезеңiне Банктің қолдау көрсеткенi;
(D) Осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында сипатталған және Бағдарламаның екiншi кезеңi болып табылатын жобаның (Жоба) тиiмділігi мен басымдығына Қарыз алушы көз жеткiзiп Бағдарламаны қаржыландыруға көмек көрсетудi Банктен сұрағаны;
(Е) Жобаның С.2-бөлiмi бойынша қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн Қарыз алушының қолдауымен қолайлылықтың белгiлi бiр талаптарына жауап беретiн Қарыз алушының (Қатысушы қаржы мекемелерiнiң) банктерi мен лизингтiк компаниялары орындайтыны және осындай жәрдемдесудiң бөлiгiнде Қарыз алушы осы Келiсiмде айтылған шарттарға сәйкес Қатысушы қаржы мекемелерiне осы Келiсiмнiң II бабында көзделген қарыз қаражатын (Қарыз) беретiнi;
(F) Жобаның D.2-бөлiмi бойынша қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн Қарыз алушының қолдауымен қолайлылықтың белгiлi бiр талаптарына жауап беретiн (Қатысушы микроқаржыландыру мекемелерi) Қарыз алушының микроқаржыландыру мекемелерiнiң орындайтыны және осындай жәрдемдесудiң бөлігінде Қарыз алушы осы Келiсiмде айтылған шарттарға сәйкес Қатысушы микроқаржыландыру мекемелерiне қарыз қаражатын беретiнi НАЗАРҒА АЛЫНЫП; және
жоғарыда айтылғандардың негізінде өзгелерден басқалар НАЗАРҒА АЛЫНЫП, осы Келiсiмде көзделген шарттармен Банк Қарыз алушыға Қарыз бepугe келiстi.
ОСЫМЕН тараптар мына төмендегілер туралы уағдаласты:
I-БАП
Жалпы шарттар; Анықтамалар
1.01-бөлiм. Төменде айтылған өзгерiстердi (Жалпы шарттар) ескере отырып Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы (2004 жылғы 1 мамырдағы түзетулерімен) "Қарыз туралы келісiмдерге және бір валюталы қарыздар үшiн қолданылатын жалпы шарттар" осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігін құрайды:
Жалпы шарттардың 9.07-бөлiмiнiң (с) параграфы мынадай редакцияда өзгертiлдi: "(с) Қорытынды күнге немесе осы мақсаттар үшін Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлген мүмкiн бiршама одан кешiрек күнге дейiн айдан кешiктiрмей жобаның атқарылуы мен бастапқы пайдаланылуы, оның құны мен алынған немесе алынатын пайда туралы, Қарыз туралы келісiм бойынша тиiстi мiндеттемелердi Қарыз алушы мен Банктiң орындағаны туралы және Банк негіздеп сұраған көлемде және егжей-тегжейлi Қарыз мақсаттарына қол жеткiзiлгенi туралы есептілiктi Қарыз алушы даярлайды және Банкке ұсынады.
1.02-бөлiм. Егер түпнұсқадан өзгелер туындамаса Жалпы шарттар мен осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде анықталған кейбiр терминдер бекiтілген ұғымдарға сәйкес келедi, ал қосымша терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
(а) "Бенефициар" ҚҚМ немесе МҚҚМ орындау үшiн Қарыз алушының заңдарына сәйкес тиiсті түрде тiркелген қайта өңдеудi, маркетингтi, бөлудi, сауданы, сервистiк және өндiрiстік қызметтi қоса алғанда ауылдық жерлерде экономикалық қызметпен не айналысатын, не айналысуды жоспарлап отырған кез келген жеке тұлғаны, жеке кәсiпорынды, фермердi немесе фермерлер бiрлестiгiн (мәтiн бойынша төменде анықталғанындай нәтижесiнде суб-қарыз немесе лизингтiк қаржыландыру немесе микро суб-қарыз алуды) бiлдiредi, мәтiн бойынша төменде анықталғанындай нәтижесiнде cуб-қарыз немесе лизингтiк қаржыландыру немесе микро суб-қарыз берудi ұсынады немесе бередi және "Бенефициарлар" құрамына көрсетiлген Бенефициар енетiн топты бiлдiредi;
(b) "БД" Жоба шеңберiнде бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiк және қаржылық басқару үшiн жауап беретiн Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Бюджет департаментiн білдiредi;
(с) "СБИБ" Жобаны жалпы жүзеге асыру үшiн жауап беретiн Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Сыртқы байланыс және инвестициялар басқармасын бiлдiредi;
(d) "Қаржылық мониторинг туралы есеп" немесе "ҚМЕ" осы Келiсiмнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес даярланған әрбiр есептi бiлдiредi;
(e) "Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулық" Жобаның С.2-бөлiмiн орындау үшiн операция жүргiзу және әкiмшiлiк тәртiп, оның iшiнде ҚҚМ жұмыстарын таңдау, қаржыландыру, мониторинг және бағалау, сондай-ақ Суб-қарыз немесе Лизингтiк қаржыландыру ұсыну үшiн iрiктеу талаптары айтылған осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының А-бөлiмiнiң 3-тармағында көрсетiлген нұсқаулықты білдiредi;
(f) "Босалқы лимитпен лизингтiк қаржыландыру" осы тармақтың ережелерiне сәйкес мұндай алдын ала тексеру болмаған кезде Қарыз алушының мақұлдауын талап етуi ретiнде қаралатын, мәтiн бойынша төмендегiдей анықталған cуб-жоба үшiн осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының D-бөлiмiнiң 3 (b) (іі)-тармағына сәйкес Банктiң алдын ала тексеруiне жататын, тұтыну сомасынан аспайтын сомада беру ұсынылатын Лизингтiк қаржыландыруды бiлдiредi;
(g) "Босалқы лимитпен суб-қарыз" осы тармақтың ережелерiне сәйкес мұндай алдын ала тексеру болмаған кезде Қарыз алушының мақұлдауын талап етуi ретiнде қаралатын, cуб-жоба үшiн осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының D-бөлiмiнiң 3 (b) (i)-тармағына сәйкес Банктiң алдын ала тексеруiне жататын, тұтыну сомасынан аспайтын сомада беру ұсынылатын cуб-қарызды бiлдiредi;
(h) "Лизингтiк қаржыландыру" осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының D-бөлiмiнiң 2 (b) тармақшасында айтылған, iшiнара амортизациялық құрауыштардан тұратын, лизингтiк төлемдердi Лизингтік компаниялардың оқтын-оқтын төлеуiн қамтитын, Cуб-жобаны орындау мақсаттары үшiн автокөлiктер, жабдықтар және/немесе машиналар лизингiн қаржыландыру мақсаттары үшiн (сатып алу мүмкiндiктерiмен) осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағындағы (1)-кестеде оқтын-оқтын Санаттарға бөлiнетiн Қарыз қаражатынан Бенефициар үшiн ҚҚМ берiлген немесе берiлетiн қаржыландыруды бiлдiредi;
(i) "Лизингтiк компания" шаруашылық жүргiзушi субъектiлер туралы Қарыз алушының заңдарына сәйкес тiркелген заңды тұлға құқығы бар және Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулықта айтылған талаптарға сәйкес Қарыз алушы iрiктейтiн, Қарыз алушының аумағында күрделі қаржы активтерін жалдау бойынша қызметтермен айналысатын шаруашылық жүргiзушiнi бiлдiредi;
(j) "Микрокредиттік ұйымдар туралы заң" Қарыз алушының 2003 жылғы 6 наурыздағы Микрокредиттік ұйымдар туралы заңын бiлдiредi;
(k) "Микро cуб-қарыз" cуб-жоба бойынша Бенефициар ұшыраған шығыстардың барлығын немесе бiр бөлiгiн қаржыландыру үшiн осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағындағы (2)-кестеде оқтын-оқтын Санаттарға бөлiнетiн Қарыз қаражатынан МҚҚМ берiлген немесе беру үшiн ұсынылған қаржыландыруды бiлдiредi;
(l) "АШМ" Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігін бiлдiредi және оның кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды;
(m) "ҚМ" Қарыз алушының Қаржы министрлігін бiлдiредi және оның кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды;
(n) "ЭБЖМ" Қарыз алушының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн бiлдiредi және оның кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды;
(о) "Жаңа ҚҚМ" Жобаға қатысу олардың талаптарға сәйкестігi тұрғысынан Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған тиiстi адалдық рәсiмдерiне сәйкес тексеруге жататын ҚҚМ бiлдiредi;
(p) "Қатысушы банк" Қарыз алушының заңдарына сәйкес тiркелген және Қаржы секторы үшін ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға сәйкес Қарыз алушы таңдаған коммерциялық банктi бiлдiредi;
(q) "Қатысушы қаржы мекемесi" немесе "ҚҚМ" көрсетiлген қаржы мекемелерi жиынтығының Қатысушы банктердiң немесе Лизингтік компаниялардың және "Қатысушы қаржы мекемесiнiң" немесе "ҚҚМ" кез келгенiн бiлдiредi;
(r) "МҚҚМ" немесе "Микроқаржыландыруға қатысушы мекемелер Қарыз алушының заңдарына сәйкес тiркелген және Қаржы секторы үшiн Ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға сәйкес Қарыз алушы таңдаған мекеменi білдiредi, мәтiн бойынша төменде анықталғанындай "МҚҚМ" немесе "Микроқаржыландыруға қатысушы мекемелер" көрсетілген қаржы мекемелерi жиынтығын бiлдiредi;
(s) "МҚҚМ" үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулық МҚҚМ жұмыстарын таңдауды, қаржыландыруды, мониторингі мен бағалауды және Микро Cуб-қарызды iрiктеу талаптарын қоса алғанда Жобаның D.2-бөлiмiн орындау үшiн операция жүргiзу және әкiмшiлiк рәсiмдер айтылған осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының А-бөлiмiнiң 4-тармағында көрсетiлген нұсқаулықты бiлдiредi;
(t) "ЖIН" Келiсiмнiң 5-қосымшасының А-бөлiмiнiң 2-тармағында сiлтеме берiлген, Банк пен Қарыз алушы арасындағы келiсiмдер бойынша оған оқтын-оқтын енгізiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле отырып Жобаны iске асыру тәртiбi айтылған жобаны iске асыру жөнiндегi нұсқаулықты бiлдiредi;
(u) "Сатып алу жоспары" Жобаны iске асырудың соңғы 18 айлық кезеңiне (немесе одан ұзағырақ кезеңге) арналған есептемелер бойынша Келiсiмнiң 3.02-бөлiмiнiң ережелеріне сәйкес оны кезең-кезеңде жаңғыртуды ескере отырып Жобаны орындаудың алғашқы 18 айына (немесе одан ұзағырақ кезеңге) арналған есептемелер бойынша 2004 жылғы 28 мамырдағы Қарыз алушының сатып алу жоспарын бiлдiредi;
(v) "Арнайы шот" Келiсiмнiң 2.02 (b)-бөлiмiнде көрсетiлген шотты бiлдiредi;
(w) "Суб-қарыз" осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Лизингтік қаржыландыру бойынша мәмiле, сондай-ақ суб-қарыз болып саналуы мүмкiн жағдайда суб-жобаға Бенефициар ұшыраған шығыстардың барлығын немесе бiр бөлiгiн қаржыландыру мақсаттары үшiн Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағында келтiрілген (1)-кестенiң оқтын-оқтын Санаттарға бөлiнетiн, Қатысушы банкке беру үшiн Қарыз қаражатынан ұсынылған немесе ұсынылатын кредиттi бiлдiредi;
(x) "Iшкi қарыз" мәтiн бойынша төменде анықталғанындай Iшкi қарыз туралы келiсiмге немесе Микро iшкi қарыз туралы келiсiмге сәйкес Бенефициарды қайта кредиттеу мақсаттары үшiн Қарыз алушы ҚҚМ немесе МҚҚМ берген кез келген қарызды бiлдiредi;
(у) "Iшкi қарыз туралы келiсiм" оқтын-оқтын оған енгізілетiн өзгерiстердi ескере отырып Келiсiмнiң 5-қосымшасының В-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес Қарыз алушы мен ҚҚМ арасындағы жасасқан немесе жасалатын келiсiмдi бiлдiредi және бұл термин Iшкi қарыз туралы келiсiмнiң барлық қосымша қосымшаларын бiлдiредi және "Iшкi қарыз туралы келiсiм көрсетiлген келiсiмнiң жиынтығын бiлдiредi;
(z) "Микро iшкi қарыз туралы келiсiм" оқтын-оқтын оған енгiзiлетiн өзгерiстердi ескере отырып Келiсiмнiң 5-қосымшасының С-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес Қарыз алушы мен МҚҚМ арасындағы жасасқан немесе жасалатын келiсiмдi бiлдiредi және буын термин Микро iшкi қарыз туралы келiсiмнiң барлық қосымша қосымшаларын бiлдiредi және "Микро iшкi қарыз туралы келiсiм" көрсетiлген келiсiмнiң жиынтығын білдiредi;
(аа) "Суб-жоба" Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта немесе МҚҚМ үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға жауап беретiн өнiмдi қызметтерге арналған нақтылы инвестициялық жобаны бiлдiредi; және
(bb) "Теңге" Қарыз алушының заңды ақша бiрлiгiн бiлдiредi.
ІІ-БАП
Қарыз
2.01-бөлiм. Осы Келiсiмде айтылған немесе санамалап көрсетiлген шарттармен Банк Қарыз алушыға отыз бес миллион долларға ($35,000,000) барабар сомада қарыз беруге келiседi.
2.02-бөлiм. (а) Мыналарды: (i) осыған байланысты Қарыз шотынан қаражат алуға өтiнiм берiп, Cуб-жоба үшiн қажетті тауарлар мен жұмыстарға арнап негiзделген шығыстарға төлем жасау үшiн cуб-қарыз бойынша Бенефициар алған қаражат шотына ҚҚМ төлеген (немесе оны төлеуге Банк келiскен кезде) соманы; және (іі) осыған байланысты Қарыз шотынан қаражат алуға өтiнiм берiп, Cуб-жоба үшін қажеттi тауарлар мен жұмыстарға арнап негiзделген шығыстарға төлем жасау үшiн Микро суб-қарыз бойынша Бенефициар алған қаражат шотына МҚҚМ төлеген (немесе оны төлеуге Банк келiскен кезде) соманы қаржыландыру үшiн Келiсiмнiң 1-қосымшасының ережелерiне сәйкес Қарыз шотынан қарыз сомасы алынуы мүмкiн.
(b) Жобаның мақсаттары үшiн Қарыз алушы оны сот тәртiбiмен есепке алудан, тәркілеуден және тыйым салудан жете қорғауды қоса алғанда Банк үшiн қолайлы шарттармен коммерциялық банктердiң бiрiнде доллармен арнайы депозиттiк шот ашуы және жүргiзуi мүмкiн. Арнайы шотқа салынатын депозиттер мен одан жасалатын төлемдер осы Келiсiмнiң 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
2.03-бөлiм. Қарыздың соңғы күнi 2009 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банк белгілеген бiршама кешiрек осындай күн болып табылады. Бiршама кешiрек осындай күн туралы Банк тез арада Қарыз алушыға хабарлауға міндетті.
2.04-бөлiм. Қарыз алушы қарыз сомасынан Банкке бiр пайыз (1%) мөлшерiнде бiржолғы комиссиялық алым төлеуге мiндеттi, бұл ретте, Банк өзiнiң шешiмi бойынша белгілi бiр сәтте бiржолғы комиссиялық алымның бөлігінен бас тартуы мүмкiн. Осы алым Қарыз күшiне енген күннен кейiн алпыс (60) күннен кешiктiрiлмей төленуi тиiс.
2.05-бөлiм. Қарыз алушы қарыздың алынбаған негізгi сомасынан Банкке жылына оқтын-оқтын бip пайыздың төрттен үш (1%-дың 3/4) мөлшерiнде кредиттiк желiнi резервтеу үшiн комиссиялық төлем жасап отыруға мiндетті.
2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы пайыз есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн ЛИБОР жиынтық спрэдiн қосқанда ЛИБОР Базалық ставкасына тең ставка бойынша Қарыздың таңдалған және өтелмеген сомасы үшiн кезең-кезеңде қарыз ақша пайызын төлеуге мiндеттi.
(b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
(i) "Пайыздарды есептеу кезеңi" қоса алғанда осы Келiсiмнiң күнінен бастап, бiрақ Пайыздар төленетiн осы күннен кейiнгi бiрiншi басталатын күндi есепке алмай және қоса алғанда Пайыздарды төлеу күнінен бастап, бiрақ Пайыздарды төлеу күнiнен кейiнгi күндi есепке алмай әрбiр кезеңнiң бастапқы кезеңiнен кейiнгі бастапқы кезеңдi бiлдiредi.
(іі) "Пайыздарды төлеу күнi" осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген күндi бiлдiредi.
(ііі) "ЛИБОР Базалық ставкасы" Банк негiздеп анықтайтын және жылдық пайыз ретiнде көрсетiлетiн пайыздарды есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнiне құны бойынша алты айлық бiр валюталы депозиттерiнiң Лондон банкаралық рыногына жасалатын ұсыныстар ставкасы бойынша әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудi (немесе пайыздар төленетiн күнi құны бойынша пайыздарды есептеудiң бастапқы кезең жағдайын не пайыздар есептелетiн осындай кезеңнiң күнiн не пайыздар есептелетiн бiрiншi күннен кейiнгі келесi күндi) бiлдiредi.
(іv) "ЛИБОР" жиынтық спрэдi" мыналардың: (А) бір пайыздың төрттен үшін (0,75%); (В) әрбір Кезең үшін пайыздарды eceптеудің алу (немесе қосу) жасалған орта есептік маржасының, жылдық пайыз ретiнде Банк негіздегі анықтайтын және көрсететiн, бiр валюталы қарыздарды немесе олардың бөлiктерiн қаржыландыру үшiн Банк бөлген өтелмеген Банк қарыз қаражатына немесе қарыз қаражатының бөлiгiне қатысты алты айлық депозиттер бойынша Лондон банкаралық ставкасынан немесе басқа да бағдарлық ставкалардан төмен (немесе жоғары) ұсыныстардың әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудi бiлдiредi.
(с) Пайыздарды есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн анықталатын ЛИБОР базалық ставкасы және ЛИБОР жиынтық спрэдi туралы Банк Қарыз алушыға тез арада хабарлайды.
(d) Eгep, рыноктық конъюнктураның өзгеруiне байланысты 2.06-бөлімде көрсетiлген пайыздық ставкаларды анықтауға әсер ететiн болса, Банк Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды анықтау үшiн 2.06-бөлiмде көрсетілгеннен басқа өзгеше қабылдауға қажеттi жалпы оның қарыз алушыларының және iшiнара Банктiң мүддесi үшiн базис белгiлейдi, оны Банк осындай жаңа базис туралы (6) айдан кешіктірмей Қарыз алушыға хабарлай отырып Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды анықтау үшін базисті өзгерте алады. Қарыз алушы өзінің қарсылығы туралы көрсетілген кезең ішінде Банкке хабарлайтын жағдайды қоспағанда, хабарлау кезеңі аяқталғаннан кейін Жаңа базис қолданысқа енедi және көрсетілген өзгерiстер Қарызға қолданылмауы тиiс.
2.07-бөлiм. Әр жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасында әрбiр жарты жылда төлем жасалмаған сома бойынша пайыздар мен өзге де алымдар төлем жасауға жатады.
2.08-бөлiм. Осы Келiсiмнiң 3-қосымшасында келтiрілген өтеу кестесiне сәйкес Қарыз алушы Қарыздың негiзгі сомасын өтейдi.
III-БАП
Жобаның орындалуы
3.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы Жоба мiндеттерiн өзінiң мақұлдайтындығын жариялады және осы мақсатта AШM арқылы Жобаны адал және тиiмді және тиiстi әкiмшiлiк, экологиялық және қаржылық практикаға сәйкес орындауға мiндеттенедi және қажет болған жағдайда Жобаны жүзеге асыру талап етілетін қорларды, үй-жайларды, қызметтер және басқа ресурстарды дереу беруге мiндеттенедi.
(b) Осы Бөлiмнiң (а) тармағының ережелерiн шектемей, және Қарыз алушы мен Банк арасындағы өзге келiсушiлiк болған жағдайда, Қарыз алушы осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылған Iске асыру бағдарламасына сәйкес АШМ арқылы Жобаны орындауға мiндеттi.
(с) осы Бөлiмнiң (а) және (b) тармақтарының ережелерiн шектемей, Жобаның С.2 және D.2 бөлігінiң мақсаттары үшiн Қарыз алушы осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылған шарттармен пайдалану үшін ($31,100,000) отыз бiр миллион жүз мың долларға балама соманы беруге мiндеттi.
3.02-бөлiм. (а) Банкпен Жоба үшiн қажетті қызмет көрсету үшiн өзге де келiсушiлiк, қажеттi тауарларды сатып алу және консультанттарды iрiктеу және жалдау болған жағдайларды қоспағанда, осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiне сәйкес және Сатып алу жоспарында осы ережелердi одан әрi әзірлей отырып жүзеге асырылады.
(b) Қарыз алушы нұсқаулыққа сәйкес Банк үшiн қолайлы Сатып алу жоспарын жаңартуға және Банкке алдағы Сатып алу жоспары күнiнен бастап 12 айдан кешiктірмей жаңартылған жоспарды мақұлдауға беруге мiндеттi.
3.03-бөлiм. Жалпы шарттар 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның ережелерiн шектемей арыз алушы:
(a) Банк үшiн қолайлы базада нұсқаулық дайындауға және Банкке Қорытынды күнге дейiн алты (6) айдан кешiктiрмей немесе Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлген ықтимал неғұрлым кеш күнде Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудi жалғастыруды көздейтiн жоспарды беруге; және
(b) Банкке көрсетiлген жоспар бойынша Қарыз алушымен пiкiр алмасуға негiзделген мүмкiндiк беруге мiндеттi.
IV-БАП
Қаржылық ереже
4.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы есепке алу құжаттары мен шоттарды қоса алғанда қаржылық басқару жүйесiн жүргiзуге және Жобамен байланысты операцияларды, ресурстарды және шығыстарды тиiсiнше көрсететiн Банк үшiн қолайлы дәйектiлiкпен қолданылатын бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептiлiктi дайындауға мiндеттi.
(b) Қарыз алушы:
(i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар жүргізетін аудиторлық тексерудi, Банк үшiн қолайлы дәйектiлiкпен қолданылатын аудиттiң стандарттарына сәйкес әрбiр қаржы жылы үшiн (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде) осы Бөлiмнiң (а) тармағында аталған қаржылық есептілiкті қамтамасыз етедi;
(іі) Банкке дайын болғанда, бiрақ кез-келген жағдайда қаржы жылы аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде), (А) аудиттiң тиiстi жылы үшiн осы бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлген қаржылық есептіліктiң расталған көшiрмелерiн (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде), және (B) Банк үшiн қолайлы көлемде және егжей-тегжейлi аталған аудиторлар дайындаған осындай есептiлiк туралы қорытындыны бередi; және
(ііі) оқтын-оқтын Банк негіздеп сұрайтын есепке алу құжаттарына және шоттарға, қаржылық есептiлiк аудитiне және аталған аудиторларға қатысты Банкке кез келген басқа ақпаратты беруге.
(с) Шығыс ведомостерiнiң негізiнде Қарыз алу шотынан қаражат алынған барлық шығыстар бойынша Қарыз алушы:
(i) кемiнде бiр жылдың iшiнде Банк қаржы жылы үшiн аудиторлық есеп алғаннан, Қарыз алу шотынан қаражат соңғы рет алынғаннан кейiн осындай шығыстарды (келiсiмшарттар, төлем тапсырмалары, шот-фактураларды, төлеуге берiлетiн шоттар, түбiртектер және басқа да құжаттар) барлық есеп құжаттаманы сақтайды;
(іі) Банк өкiлдерiне осындай құжаттаманы тексеруге мүмкiндiк бередi; және
(ііі) осындай шығыс ведомостерiнiң әрбiр қаржы жылының аудитiне енгiзiлуiн қамтамасыз етедi (немесе басқа Банкпен келiсiлген мерзiмде), оған сiлтеме осы Бөлiмнiң (b) тармағында берiледi.
4.02-бөлiм (а) осы Келiсiмге 5-қосымшаның А бөлігінiң 5 (b) тармағында көрсетiлген жобаны iске асыру барысы туралы есептілiктiкке қатысты Қарыз алушының мiндеттемелерiн шектемей Қарыз алушы Банк үшін қолайлы нысан және мазмұны бойынша қаржылық мониторинг туралы есептi Банкке дайындауға және беруге мiндетті, онда:
(i) Қаражаттың iс-жүзiндегi көздерi мен Жоба үшiн оларды пайдалану жалпы қорытындымен де, және есептi кезең үшiн де сипатталады, Қарыздан берiлген қорлар жеке-жеке көрсетiледi, және осындай қорлардың iс-жүзiндегi және жоспарлы пайдалану арасында алшақтық түсiндiрiледi;
(іі) Жобаны iске асырудың жеке барысы жалпы қортындымен де, eceпті кезеңмен де сипатталады, Жобаны iске асырудың iс-жүзiндегі және жоспарланған барысы арасында алшақтық түсiндiрiледi; және
(ііі) Есептi кезеңнiң соңында Жоба бойынша сатып алудың жағдайы сипатталады.
(b) Алғашқы ОФМ Күшiне енген күннен кейiн бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешiктiрiлмей Банкке берiлуi және бiрiншi күнтiзбелiк тоқсанның соңына дейiн Жоба бойынша қаражатты алғашқы жұмсауды бастаған кезеңдi қамтуы тиiс; кейiнiрек әрбiр ОФМ әрбiр кейiнгi күнтiзбелiк тоқсаннан кейiн 45 күннен кешiктiрмей Банкке берiлуi және оны қамтуы тиiс.
V-БАП
Банктiң санкциялары
5.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 6.02 (р) бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша жағдайлар анықталады:
(а) Бағдарламаның немесе оның едәуiр бөлiгiнiң орындалуын мүмкiн етпейтiн жағдай туындады; және
(b) Шағын кредит ұйымдары туралы заң өзгерген, тоқтатылған, жойылған, таратылды немесе оны орындауға қойылатын талаптар жойылған, бұл шағын iшкi қарыздар туралы Келiсiмдер бойынша шағын кредит ұйымдарының қандай да бiр мiндеттемелерiн орындау қабілетiне елеулi және зиянды салқынын тигiзедi;
5.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 7.01 (k) бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша оқиға, атап айтқанда, Келiсiмнiң 5.01-бөлiмiнiң (b) тармағында айтылған оқиға орын алады.
VІ-БАП
Күшiне ену күні; Қолданылуын тоқтату
6.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 12.01 (с) бөлiмiнiң контексiнде мынадай оқиғалар Қарыз туралы келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қосымша жағдай ретiнде айтылады:
(а) Банк үшiн қолайлы қаржылық сектор үшін Ауыл инвестициялары бойынша нұсқаулық дайындалды;
(b) Банк үшiн қолайлы МҚҚМ үшiн Ауыл инвестициялары бойынша нұсқаулық дайындалды; және
(с) Дайындалған ЖIН Банктің талаптарын қанағаттандырады.
6.02-бөлiм. Осы арқылы Жалпы шарттардың 12.04-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн осы Келiсiмдi жасаған күннен кейiн жүз жиырма күн мерзiмде (120) анықталады.
VII-БАП
Қарыз алушының өкілi; мекен-жайы
7.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.03-бөлімiнiң мақсаттары үшін Қаржы министрi Қарыз алушының өкiлi ретінде тағайындалады.
7.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшін мынадай мекен-жайлар анықталады:
Қарыз алушы үшiн:
Қаржы министрлiгi
Жеңiс даңғылы, 33
Астана
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
264126 (ҒILIN) (7) (3172) 717762
Банк үшiн:
International Bank for
Reconstruction and Development
1818 H Street, N.W.
Washington D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423 (MCI)
Washington, D.C. 64145 (МСI) (202) 477-6391
ОСЫНЫҢ АЙҒАҒЫ РЕТIНДЕ Тараптар тиістi түрде өздерінің уәкілетті өкілдерi арқылы әрекет ете отырып, жоғарыда көрсетілген күнде және жылы [Колумбия округінде, Америка Құрама Штаттары] осы Келiсімге қол қойды..
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YШІH
Уәкілеттi орган
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
1-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын алу
1. Төмендегі мынадай кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген Шығыстар санаты келтiрiлген; Шығыстар санаты бойынша Қарыз қаражатын бөлу және осындай Санаттардың әрқайсысы бойынша қаржыландыру үшiн көзделген шығыстардың пайыздық үлесi:
қаржыландыру
шығыстарының үлесi %
Қарыздың бөлiнген сомасы
Шығыстардың санаты (доллармен)
(1) Жобаның С.2 Бөлiгi 30,000,000 2006 жылғы 30 маусымға
бойынша cуб қарыздар дейiн ҚҚМ игерілген
және лизингiлiк қаржыландыру қаражаттың 100%;
2007 жылғы 30 маусымға
дейiн ҚҚМ игерiлген
қаражаттың 100% және
оның салдарынан 75%
(2) Жобаның D.2 Бөлiгі 3,650,000 игерiлген соманы 100%
бойынша микро суб қарыздар
(3) Бөлiнбеген сома 1,350,000
БАРЛЫҒЫ 35,000,000
2. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, қарыз қаражаты шотқа алуға жатпайды: (а) Осы келiсiмнiң күшiне ену күнiнен бастап шығыстар бойынша төлемдер; (b) Егер Cуб қарыз немесе Лизингiлiк қаржыландыру немесе Микро cуб қарыз қаржылық сектор үшiн Ауылдық инвестициялар бойынша басшылықта айтылған өлшемдер мен тәртiпке және МҚҚМ үшiн ауылдық инвестициялар бойынша басшылыққа сәйкес берілмесе, (1) немесе (2) Санаттары; және (с) егер Банк осы Келiсiмнiң 2.04-Бөлiмiне сiлтеме жасалатын бiр жолғы комиссиялық алымды толық төлеудi алмаса, жоғарыдағы 1 параграф кестесiнiң кез келген Санатына енетiн барлық шығыстар.
3. Банк Қарыз қаражаты мыналар үшiн: (а) Жобаның С.2 Бөлiгi бойынша 1 000 000 АҚШ долл. дейiн Суб қарыздар мен лизингілiк қаржыландыру және (b) Жобаның D.2 Бөлiгi бойынша микро суб қарыздар келiсiмшарттар бойынша шығыстар үшiн шығыс ведомостерiнiң негiзiнде Қарыз қаражатынан талап ете алады; барлық қаражатты алу Банктiң Қарыз алушыны ол туралы хабардар етуi шарттарымен жүзеге асырылатын болады.
2-ҚОСЫМША
Жобаны сипаттау
Жоба Бенефициарлар үшiн: (а) ауылдық қаржылық консультациялық қызметтердi нығайту және кеңейту; (b) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тәуекелiн басқару жөнiндегi бастаманы қолдау; (с) ауыл халқын қаржылық қызметтермен қамтуды тереңдету мақсатында коммерциялық банктер мен лизингiлiк компаниялардың жаңа қаржылық құралдарды әзiрлеуi және енгізуi; және (d) шағын бизнеспен айналысатын ауыл кәсiпкерлерi үшін микро қаржыландырудың тұрақты бағдарламасын қолдау арқылы коммерциялық қаржылық қызметтерге қол жеткізудi жақсарту мақсатын қояды.
Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлген ықтимал және қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған өзгерiстердi ескере отырып, Жоба мынадай бөлiктердi қамтиды:
А Бөлiгi: Ауылдық қаржылық консультациялық қызметтер
1. Қаржыландырудың әртүрлi мүмкiндiктерiн түсiнудi жақсарту мақсатында қолдағы қаржылық құралдар мәселелерi бойынша Бенефициарлар үшiн ақпараттық-түсiндiру компанияларының серияларын жүргiзу, сондай-ақ бизнес жоспарларын әзiрлеу кезiнде және қаржылық ресурстарды iздестiруге көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
2. Ауылды жерлерде жеке консультанттардың ұлттық желiсiн құру, ол Бенефициарларға мынадай мәселелер бойынша көмек көрсетедi, мысалы: (i) бизнес жоспарларын дайындау және бағалау, шаруашылық басқармасы, шығындар мен қаржылық жағдайды талдау, тәуекелдi басқару; (іі) дәстүрлi кредиттердi, лизинг пен құрылымдық қаржыландыруды, кепiлдi бағалау әдiсiн қоса алғанда әртүрлi қаржылық мүмкiндiктердi салыстырмалы талдау, сондай-ақ кредит емес қаржылық өнiмдер, мысалы, өндiрiстiк және баға тәуекелдiгін басқару құралдары; және (ііі) лизинг және құрылымдық қаржыландыру бойынша үлгiлiк шарттарды қоса алғанда нормативтiк-құқықтық базаны талдау және өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыру бойынша құқықтық талаптар.
В Бөлiгі: Ауыл шаруашылығы тәуекелiн басқару
1. Өндiрiстiк тәуекелдi басқару саласында техникалық жәрдемдесудi мыналар арқылы: (а) метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғыртуды; (b) аймақтар және нақты дақылдар бойынша ауа-райы факторларының мәселелерi жөнiнде агрометеорологтарды дайындауды, және өсiмдiкшаруашылығын сақтандыру бағдарламасын жүргiзу тетiктерi бойынша Бенефициарлар үшiн семинарлар жүргізудi; және (с) өсiмдiкшаруашылығында сақтандыру бағдарламасын жүргiзудi бағалауды және оның фискалдық салдарын, қаржыландыру және нормативтiк-құқықтық базаны ұйымдастыруды қоса алғанда ауылшаруашылығы дақылдарын өсiру тәуекелiн талдауды орындауды қамтамасыз ету.
2. (а) Қазiргі заманғы тауарлық биржаларды дамыту үшiн мыналар арқылы үйретуге тұғырнама құру жөнiндегi озық iс-тәжiрибе: (i) тауарлық биржаның ағымдағы жағдайының құқықтық базасын, техникалық қаржылық және ұйымдастыру аспектiлерiн қараудың; (іі) келiсiмшарттық жағдайларды қоса алғанда үлгiлiк бизнес жоспарларын әзiрлеудiң; (ііі) әртүрлi рыноктік құралдар арасында келiсiмшарттарды әзiрлеудiң және синергияны құру әлеуетiн бағалаудың; және (b) тауарлы биржаның иелерiн, менеджерлердi және мемлекеттiк реттеу мәселелерiмен айналысатын лауазымды тұлғаларды тиiмдi қоғамдық-ақпараттық науқандарды әзiрлеу, сенiмге ие болу, ойдағыдай келiсiмшарттарды әзiрлеу және клиентураны қамту
С Бөлiгi: Ауыл халқын қаржылық сектор мекемелерiнiң
қызметтерiмен қамтуды кеңейту
1. Мынадай: (а) ұзақ мерзiмдi инвестициялық ұсыныстардың қаржылық және операциялық тұрақтылығын бағалауды, ілеспе тәуекелдердi бағалауды және маржаны анықтауды қоса алғанда ауыл шаруашылығына кредит беру мәселелерi бойынша банктер мен лизингілік компаниялардың мамандарын; және (b) тауар өнiмiнiң сапасын қамтамасыз етудiң, бизнес жоспарларын дайындаудың және оның iшiнде қойма қолхаттарын, келiсiмшарттау және залалды өтеу процестерiн қоса алғанда басқа да қаржылық құралдарға байланысты тәуекелдi басқарудың озық iс-тәжiрибесiн қоса алғанда жеткізудiң тиiмдi тiзбектерiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша құрылымдық қаржыландыруға қатысатын немесе қатысуды жоспарлайтын Бенефициарлар үшiн оқытуды қамтамасыз ету.
2. Кредит беру көздерiн жасау және қосалқы жобалар үшiн қосалқы қарызбен және лизингiлiк қаржыландырумен қамтамасыз ету мақсатында ҚҚМ iрiктелген кредит желiсi бойынша операцияларды ұйымдастыру.
D Бөлiгi: Ауылдық микро қаржыландыруды дамыту
1. Бастапқы жоба деңгейiн анықтау үшiн базалық зерттеу жүргiзу және Микро кредит беру өнiмдерiн әртараптандыру және интеграциялық байланыстарды дамыту саласында және техникалық жәрдемдесудi қамтамасыз ету арқылы жекелеген МҚҚМ институционалдық мүмкiндiктерiн нығайту.
2. Кредит беру көздерiн жасау және Суб жобаларды қаржыландыру үшiн микро суб қарызбен қамтамасыз ету мақсатында жекелеген МҚҚМ микро кредит желiсi бойынша операцияларды ұйымдастыру.
Е Бөлігі: Жобаны басқару
Техникалық жәрдемдесудi, оқытуды, зерттеулердi, аудиторлық қызметтердi, жабдықты, автокөлiк құралдарын және жобаны iске асыру үшiн қосымша операциялық шығыстарды қамтамасыз ету басқару және мониторинг арқылы Ауыл шаруашылығының СБИБ және БД институционалдық мүмкiндiктерiн нығайту.
***
Жоба 2009 жылдың 30 маусымында аяқталады ден болжамданады.
3-ҚОСЫМША
Мәулет алып өтеу кестесi
Қарыздың негізгi
сомасын өтеу
Төлем күнi (доллармен)
Әрқайсысы 15 мамыр және 15 қараша
2010 жылғы 15 мамырдан бастап 1,460,000.000
2021 жылғы 15 мамырға дейiн
2021 жылғы 15 қараша 1,420,000.000
4-ҚОСЫМША
Сатып алулар
I-Бөлiгi. Жалпы ереже
А. Барлық тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу (консультациялықты қоспағанда) 2004 жылғы (мамырдағы) "ХҚДБ қарыздары және МАР кредиттерi бойынша сатып алу жөнiнде нұсқаулықтың" (Сатып алу жөнiндегі нұсқаулық) I Бөлiмнiң ережелерiне және осы Бөлiмнiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
В. Консультанттардың барлық қызметтерi I Бөлiмнiң ережелерiне және 2004 жылғы (мамырдағы) IV "Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының консультанттарын iрiктеу және жалдау жөнiндегі нұсқаулық" (Консультанттар туралы нұсқаулық) және осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.
С. Осы Бөлiмде үлкен әрiптермен басылған және сатып алудың өзiне тән әдiстерiн сипаттау немесе келiсiмшарттарды Банктiк тексеру үшiн пайдаланылатын атаулар Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықта немесе Консультанттар туралы нұсқаулықта өздерiне еншiлеп берген мәнi болады.
II Бөлiм. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың өзiне тән әдiстерi (консультациялық қызметтердi қоспағанда)
А. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар. Егер осы Бөлiмнiң В Бөлігінде өзгелерше көзделмесе, онда келiсiмшарттар Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың нәтижесiнде берiледi. Тендерлiк ұсыныстарды бағалау кезiнде отандық берушiлер мен мердiгерлер үшiн жеңiлдiктердi көздейтiн Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықтың 2.55 және 2.56-тармақтарының ережесi Қарыз алушының аумағында дайындалған тауарларға қолданылады.
В. Сатып алудың басқа да әдiстерi
1. Шоппинг (бөлшек саудадағы сатып алулар). Келiсiмшарт үшiн $100,000 дейiн барабар бағаланған құны тауарлар "шоппинг" әдiсi бойынша берiлген келiсiмшарт бойынша сатып алынуы мүмкiн.
2. Коммерциялық практика . Келiсiмшарт үшiн $1,000,000 дейiн барабар бағаланған құны және Жобаның С.2 және D.2 Бөлiктерi бойынша суб жобаларға бөлiнген суб қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген тауарлар Банк үшiн қолайлы коммерциялық iс-тәжiрибелерге сәйкес сатып алына алады.
III-Бөлiм. Консультациялық қызметтердi сатып алудың өзiне тән әдiстерi
А. Сапа мен құнның негiзiнде iрiктеу. Егер осы Бөлiмнiң В Бөлiгi өзгеше көзделмесе, онда консультанттардың қызметтерi сапа мен құнды бағалауға негiзделген iрiктеу әдiсi бойынша тапсырылған келiсiмшарттар бойынша сатып алынады. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 2.7-тармағының мақсаттары үшiн келісімшарт үшiн $200,000 дейiн барабар бағаланған құны қызметтер үшiн консультанттардың қысқаша тiзiмi ұлттық консультанттардан толығымен тұрады.
В: Басқа да рәсiмдер
1. Eң аз баға бойынша iрiктeу. Банктiң келiсiмiмен Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.6-тармағының талаптарына жауап беретiн тапсырмаларды орындау үшiн қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.1 және 3.6-тармағының ережелерiне сәйкес ең aз баға бойынша iрiктеу әдiсi бойынша тапсырылған келiсiм шарттар бойынша сатып алынады.
2. Консультанттардың бiлiктiлiгi негiзiндe iріктеу. Келiсiмшарт үшін $200,000 дейiн барабар бағаланған құны қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.1, 3.7 және 3.8-тармақтарының ережелерiне сәйкес тапсырылған келiсiм шарттар бойынша сатып алынады.
3. Жекелеген консультанттар. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.1-тармағының бiрiншi сөйлемiнде айтылған талаптарға жауап беретiн тапсырмалар үшiн қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.2-тен 5.3-тармақтарын қоса алғанда ережеге сәйкес жекелеген консультанттарға тапсырылған келiсiмшарттар бойынша сатып алынады Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.4-тармағында сипатталған жағдайлар кезiнде, осындай келiсiмшарттар Банктiң алдын-ала мақұлдау шарты кезiнде конкурстан тыс iрiктеу әдiсi бойынша (қызметтердiң жалғыз көзi болған кезде) жекелеген консультанттарға тапсырылады.
IV-Бөлім. Банктiң сатып алу жөнiндегi шешiмдердi қарауы
Сатып алу жоспарында Банктiң алдын ала қарауына жататын ғана келiсiмшарттар атап көрсетiледi. Барлық қалған келiсiм-шарттар олар орындалғаннан кейiн Банктiң қарауына жатады (фактi бойынша тексеру).
5-ҚОСЫМША
Iске асыру бағдарламасы
А-бөлiмi: Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы:
(а) Жобаны Ауылшарминi арқылы орындайды;
(b) Ауылшарминi СБИУ арқылы Жобаны жүзеге асыру кезеңiнде сатып алуды, қаражаттарды төлеудi, жобаның орындалу барысы туралы тұрақты және жылдық жоспарларды және Жобаға байланысты ҚМЕ дайындауды қоса алғанда жобаны жалпы үйлестiру бойынша мiндеттемелердi орындай отырып, Сарапшылар тобы (СТ) Жобаны тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi штатпен және ресурстармен Сарапшылар тобының СТ жұмысын қамтамасыз етедi; және
(с) Ауылшарминi БД арқылы бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және Жобаны қаржылық басқаруға жалпы жауап бередi.
2. Қарыз алушы Ауылшарминi арқылы ЖIН сәйкес Жобаны iске асыру жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды және РРП үшiн жауапкершілiк үшiншi тарапқа берiлмеуiн және Банк алдын ала мақұлдамастан оның кез-келген ұсыныстарына өзгерту, түзету немесе күшін жою жүргiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
3. Қарыз берушi Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулық мазмұны мен нысаны жағынан Банк үшiн қолайлы болуын қамтамасыз етедi, Нұсқаулық бойынша өз мiндеттемелерiн орындау мiндеттi болады және Нұсқаулық үшiн жауапкершiлiк үшiншi тұлғаға берiлмеуiн және Банк алдын ала мақұлдамастан оның кез-келген ұсыныстарына өзгерту, түзету немесе күшiн жою жүргізiлмеуiн қамтамасыз eтeдi.
4. Қарыз берушi МҚҚМ үшiн Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулық бойынша мазмұны мен нысаны жағынан Банк үшiн қолайлы болуын қамтамасыз етедi, осы Нұсқаулық бойынша өз мiндеттемелерiн орындау мiндеттi болады және Нұсқаулық үшiн жауапкершiлiк үшiншi тұлғаға берiлмеуiн және Банк алдын ала мақұлдамастан оның кез-келген ұсыныстарына өзгерту, түзету немесе күшiн жою жүргiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
5. Қарыз алушы:
(а) саясатты жүргiзедi және тұрақты негiзде және Банк үшiн қолайлы көрсеткiштерге сәйкес мониторинг пен бағалауды оған жүзеге асыруға, Жобаны орындауға және жоба мақсаттарына қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн тиiстi тәртiптi қамтамасыз етедi;
(b) техникалық тапсырмаларды Банк үшiн қолайлы негiзде дайындайды және Банкке шамамен 2007 жылғы 30 қыркүйекте есептi даярлау күнiнен кейiнгi кезеңде Жобаның тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету және оның мақсаттарына қол жеткiзу бойынша ұсынылатын iс-шараларды баяндай отырып көрсетiлген есептiң алдындағы күн кезеңi iшiнде осы Бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес орындалатын мониторинг пен бағалау бойынша қызмет нәтижелерi туралы есептi ұсынады; және
(с) Банктiң сұрауы бойынша осы Бөлiмнiң (b) тармағында көрсетiлген есептi Банкпен бiрлесе отырып 2007 жылғы 30 қазанға дейiн немесе одан кешiрек күнi қарайды және есепте көрсетiлген тұжырымдар мен нұсқаулар және осы мәселелер бойынша Банктiң пiкiрi базасында Жобаны тиiмдi аяқтауды және одан кейін мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi iс-шараларды қабылдайды.
В-бөлiмi: Iшкi қарыздар туралы келiсiм
1. Қарыз алушы Жобаға қатысу үшiн төмендегi 2-тармаққа сәйкес ҚҚМ арқылы iрiктейтiн Жобаның С.2-бөлiмiн орындайды.
2. Қарыз алушы Банкпен консультация жүргiзу кезiнде Қатысушы банк пен Лизингтiк компанияларды Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулықта айтылған қолайлылық талаптарына сәйкес Жобаның С.2-бөлiмiне қатысу үшiн ҚҚМ ретiнде iрiктейдi.
3. (а) Жобаның С.2-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушы Банк мақұлдаған шарттармен Қарыз алушы мен әрбiр ҚҚМ арасында жасалған iшкi қарыз туралы келiсiм шеңберiнде осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағының кестесiндегі (1) Санатқа бөлiнген қарыз сомасын ҚҚМ-ға қайта кредиттейдi. Банкпен өзге уағдаластық жағдайларын қоспағанда осындай шарттар мыналарды қамтуы тиiс:
(i) Iшкi қарыз сомасы әрбiр ҚҚМ-ға доллармен не теңгемен берiледi;
(іі) Iшкi қарыздың негізгi сомасын тиiсті ҚҚМ Қарыз алушының пайдасына жарты жылдық негiзде үш (3) жылдық жеңiлдiк кезеңiн қоса алғанда он бес (15) жыл iшінде доллармен не теңгемен өтейдi; және
(ііі) Пайыздар Банк үшiн қолайлы өтелмеген iшкi қарыз қалдықтарына есептеледі, ол былайша анықталады: (а) доллармен деноминирленген iшкi қарыз үшiн пайыздық ставка мыналар: (1) Қарыз сомасын резервтеуге комиссиялық алымдарды төлеу (2) ішкi қарызға байланысты әкiмшілiк шығыстар үшiн пайдаланылатын Қарыз қаражатының өтемақысы үшiн оқтын-оқтын Қарыз алушы белгiлейтін және Банкпен келісiлетiн 1%-дан аз емес спрэд қосқанда осы Келiсiмнiң 2.06-бөлiмiне сәйкес анықталатын басым пайыздық ставканы бiлдiреді; және (b) теңгемен деноминирленген iшкi қарыз үшін пайыздық ставка Банк үшін қолайлы әдiс бойынша анықталады.
(b) Қарыз алушы өзінiң құқығын Iшкi қарыз туралы келісім бойынша Қарыз алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғайтындай түрде жүзеге асырады және Қарыз мақсаттарын орындайды және Банкпен келiсiлген жағдайларды қоспағанда Қарыз алушы өзінiң өкілдігін бермеуi, түзетулер енгiзбеуi, Iшкі қарыз туралы келiсiмнен не оның кез келген ережесiнен бас тартпауы тиіс.
4. (а) Қарыз алушы ҚҚМ үшiн Қарыз қаражатын беретiн ең жоғары сома, уақыттың кез келген нақтылы кезеңiнде Iшкi қарыз туралы келiсiм шарттарында айтылған осындай кезеңде ҚҚМ жиынтық білiкті Субқарыз төлемдердiң нақтылы пайыздарына сәйкес сомамен лимиттелуi және Банк үшiн қолайлы Қарыз алушы саясатына сәйкес болуы тиiс; бұл ретте жиынтық бағаланған Субқарыз төлемдерiнiң нақтылы пайызы ешқандай жағдайда да 2006 жылдың 30 маусымына дейiн 100%-ға, 2007 жылдың 30 маусымына дейiн 80%-ға, одан әрi уақыттары 75%-ға артпайтын жағдайдағы талаптар сақталуы тиiс.
(b) Осы тармақтың мақсаттары үшiн мыналарды:
(i) "бағаланған субқарыз төлемдерi" тиiстi Iшкi қарыз туралы келiсiмге сай кредиттік желi ашылғаннан кейiн шоттан қаражат алуға (немесе қаражатты таңдауға) құқығы бар ҚҚМ-ның Бенефициарға заңды шығыстар үшiн субқарызды төлейтiн сомасын; және
(іі) "жиынтық бағаланған субқарыз төлемдердi" кез келген нақтылы уақыт кезеңiндегі нақтылы ҚҚМ-ға қатысты осындай уақыт кезеңiнде барлық Бенефициардың барлық субқарыз бойынша осындай ҚҚМ жасаған жиынтық бағаланған субқарыз төлемдерiн бiлдiредi.
С-бөлiмi: Микро iшкi қарыздар туралы келiсiм
1. Қарыз алушы төмендегі 2-тармаққа сәйкес Жобаға қатысу үшiн MҚҚМ арқылы Жобаның D.2-бөлiмiн орындайды.
2. Қарыз алушы Банкпен консультация барысы кезiнде МҚҚМ үшiн Ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулықта айтылған қолайлылық талаптарына сәйкес Жобаның D.2-бөлiмiне қатысу үшiн МҚҚМ iрiктейдi.
3. (а) Жобаның D.2-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушы мен МҚҚМ арасында Банк мақұлдаған шарттармен жасасатын Микро iшкi қарыздар туралы келiсiм шеңберiнде Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағының кестесiндегi (2) Санатқа бөлiнген қарыз сомасын ҚҚМ-ға қайта кредиттейдi. Банкпен өзге уағдаластық жағдайларын қоспағанда осындай шарттар мыналарды қамтуы тиiс:
(i) микро iшкi қарыз сомасы әрбiр МҚҚМ үшiн теңгемен беріледi;
(іі) микро iшкi қарыздың негiзгi сомасын тиiстi ҚҚМ Қарыз алушының пайдасына жарты жылдық негізде бiр (1) жылдық жеңiлдiк кезеңiн қоса алғанда төрт (4) жыл iшiнде теңгемен мен өтейдi; және
(ііi) Пайыздар Банк үшiн қолайлы өтелмеген микро iшкi қарыздың қалдықтарына есептеледi және Банк үшiн қолайлы әдiс бойынша анықталады.
(b) Қарыз алушы өзiнiң құқығын Микро iшкi қарыздар туралы келiсiм бойынша Қарыз алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғайтындай түрде жүзеге асырады және Қарыз мақсаттарын орындайды және Банкпен келiсілген жағдайларды қоспағанда Қарыз алушы өзiнiң өкiлдiгін бермеуi, түзетулер енгізбеуi, Микро iшкi қарыздар туралы келiсiмнен не оның кез келген ережесiнен бас тартпауы тиiс.
D-бөлiмi: Суб-қарыздар және лизингтiк қаржыландыру
шарттары мен ережелерi
1. Шарттар мен ережелер:
(а) Cуб-қарыз қаражаты әрбiр Бенефициар үшiн доллармен немесе теңгемен берiледi.
(b) пайыздар суб-қарыз берушi ҚҚМ анықтайтын, нарықтық конъюктураны ескере отырып спрэдтi қосқанда осы қосымшаның В-бөлiмiнiң 3 (а)(ііі)-тармағына сәйкес анықталатын Iшкi қарыз туралы келiсiмге сәйкес келуiне сай басым пайыздық ставка бойынша әрбiр cуб-қарыздың негізгі таңдалған және өтелмеген сомасына есептеледi.
2. (а) әрбiр суб-қарыз негiзгi таңдалған және өтелмеген сомаға кезең-кезеңде есептелетiн пайыздық ставка борыштық мiндеттемелердiң мерзiмiн, шетел валютасында деноминирлеудi, пайыздық ставканы және негiзгi таңдалған және өтелмеген сомасына кезең-кезеңде есептелетiн пайыздық ставка әкiмшiлiк шығыстарды қосқанда осы Қосымшаның В-бөлiмiнiң 3 (а)(iii)-тармағының ережелерiне сәйкес iшкi қарызға кезең-кезеңде қолданылатын барабар пайыздық ставкадан төмен болмайтын тиiстi шартпен Қатысушы банктердiң инвестициялық-кредиттiк саясаты мен iс-тәжiрибесiне сәйкес анықталатын басқа да комиссиялық алымдар қоса алынған шарттармен берiледi.
(b) әрбiр Лизингтік қаржыландыру әрбiр лизингтiк төлем, егер мыналар: (А) Лизингтiк қаржыландыру құрал-жабдықтар, автокөлiк құралдары және/немесе машиналар лизингінiң құнын бiлдiретiн сомада қарыз болғанындай; (В) әрбiр лизингтiк төлем пайыздың төлемi және осындай қарыз бойынша негізгі сомасы болғанындай; және (С) әрбiр амортизациялық компонент пайыз бен негiзгi сома бойынша енгiзiлген осындай төлемдердiң негiзгi сомасын өзiмен бiрге бiлдiргенiндей есептелетiн амортизациялық компоненттiң бөлiгін осындай кестеге қосқан шартпен Лизингтiк компаниялардың инвестициялық және қаржы-лизингтік саясаты мен iс-тәжiрибесiне сәйкес анықталатын лизингтiк төлемдер мен басқа да алымдардың мерзiмi мен кестесiн қоса алғандағы шарттармен беріледi. Лизингтік қаржыландырудың негізгі таңдалған және өтелмеген сомасына кезең-кезеңде есептелетiн пайыздық ставка әкiмшiлiк шығыстарды қосқанда осы Қосымшаның В-бөлiмiнiң 3 (а)(ііі)-тармағының ережелерiне сәйкес iшкi қарызға кезең-кезеңде қолданылатын барабар пайыздық ставкадан төмен болмауы тиiстi.
3. Cуб-жоба үшiн талап етілетiн тауарлар немесе қызметтер үшiн ешқандай шығыстар, егер мынадай талаптар шарттар орындалмаса Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жатпайды:
(а) (i) осындай суб-жоба үшiн жаңа ҚҚМ қамтамасыз етілетiн алғашқы үш суб-жобаны немесе лизингтiк қаржыландыруды Банк мақұлдауы тиiс; және (іі) мұндай шығыстар cуб-жобаға немесе лизингтік қаржыландыруға қатысты осы Ереженiң D-бөлiмiнiң 4 (а)-тармағына сай талап етiлетiн өтiнiм мен ақпаратты Қарыз алушы алғанға дейiн кемiнде тоқсан (90) күн бұрын жасалуы тиiс; немесе
(b) осындай суб-жоба үшiн ҚҚМ cуб-жоба немесе лизингтік қаржыландыру ол үшiн Банк Қарыз шотынан қаражат алуға рұқсат еткен тиiсiнше бос лимитi бар суб-қарызды немесе бос лимитi бар Лизингтiк қаржыландыруды өзiмен бiрге бiлдiредi және мұндай шығыстар тиiсiнше бос лимиті бар суб-қарызға немесе бос лимитi бар лизингтiк қаржыландыруға қатысты осы Ереженiң D-бөлiмiнiң 4 (а)-тармағына сай талап етiлетiн өтiнiм мен ақпаратты Қарыз алушы алғанға дейiн кемiнде тоқсан (90) күн бұрын жасалуы тиiс. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін мыналар: (i) "Бос лимитi бар суб-қарыз" әрбiр жаңа ҚҚМ ұсынған үш алғашқы суб-қарыздан өзгеше суб-қарыз және Бенефициар үшiн $1,000,000 барабар сомадан асатын суб-қарыздан өзгеше болып табылады (бip Бенефициар үшiн Қарыз қаражатынан қаржыландыруға арналып қаржыландырылатын немесе қаржыландыруға ұсынылатын бос лимитi бар барлық қалған cуб-қарыздар жинақталғанда), бұл ретте көрсетiлген сома оқтын-оқтын Банк анықтағанындай өзгеруге жатады; және (іі) "Бос лимитi бар Лизингтік қаржыландыру" әрбiр жаңа ҚҚМ қамтамасыз еткен алғашқы үш лизингтiк қаржыландырудан өзгеше лизингтiк қаржыландыру және Бенефициар үшiн $1,000,000 барабар сомадан асатын Лизингтiк қаржыландырудан өзгеше болып табылады (сол Бенефициар үшiн Қарыз қаражатынан қаржыландыруға арналып қаржыландырылатын немесе қаржыландыруға ұсынылатын барлық қалған лизингтiк қаржыландыру қаражаты жинақталғанда), бұл ретте көрсетiлген сома оқтын-оқтын Банк анықтағанындай өзгеруге жатады.
4. (а) Мақұлдау үшiн Банкке бос лимитi бар cуб-қарыздан немесе бос лимитi бар лизингтiк қаржыландырудан өзгеше cуб-қарыз немесе лизингтік қаржыландыру берген кезде Қарыз алушы мыналармен: (i) Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн ұсынылатын шығыстардың сипаттамасын және Банк үшiн қолайлы экологиялық нұсқаулыққа сәйкес орындалған экологиялық бағалауды қоса алғанда Бенефициардың мiнездемесi мен cуб-жобаның сараптамалық бағасымен; (іі) cуб-қарыз амортизациясын немесе Лизингтiк қаржыландыру бойынша лизингтік төлемдер кестесiн қоса алғанда ұсынылып отырған cуб-қарыз бен Лизингтік қаржыландыру шарттарымен; (iii) Банк негiздеп сұраған кез келген басқа ақпаратпен бiрге Банк үшiн қолайлы наряд нысанында өтінiм беруi тиiс.
(b) Бос лимитi бар субқарызға немесе лизингтiк қаржыландыруға қатысты Қарыз шотынан қаражат алу рұқсат беру үшiн Қарыз алушы беретiн әрбiр өтiнiм мыналардың: (i) Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн ұсынылатын шығыстардың сипаттамасын қоса алғанда қысқаша Бенефициардың мiнездемесi мен субжобаның сипаттамасының; және (іі) оны жеңілдiкпен өтеу кестесiн қоса алғанда суб-қарыз шарттарының нысанасын құрауы тиiс.
(с) Осы тармақтың (а) және (b) тармақшаларындағы ережелерге сәйкес әзiрленген өтiнiмдер мен сұраулар Банкке 2009 жылдың 30 сәуiрiне дейiн ұсынылуы тиiс.
5. Субқарыздар мен лизингтiк қаржыландыру Банк мойындайтын суб-жобалар үшiн қолайлы талаптарға жауап беру үшін Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргізілетін суб-жобалар үшiн берiледi.
6. Субқарыздар мен лизингтік қаржыландыру Бенефициармен жазбаша келiсiм-шартта немесе ол арқылы ҚҚМ Банк пен Қарыз алушының мүдделерiн қорғау үшiн қажеттi құқыққа және мынадай:
(а) Бенефициардың ұтымды техникалық, қаржылық, басқарушылық экологиялық нормалары мен практикасына сәйкес барынша адал және тиiмдi орындауын және субжобаны пайдалануын және есептiлiктi тиiстi түрде жүргізуiн талап ету;
(b) мынадай: (i) Қарыз қаражатынан қаржыландыру көзделетiн тауарлар мен жұмыстардың осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының ережелерiне сәйкес сатып алынуын; және (іі) мұндай тауарлар мен жұмыстардың тек субжобаны орындау кезiнде ғана пайдаланылуын талап ету;
(с) егер Банк немесе Қарыз алушы субжобаға оларды пайдалану, сондай-ақ тиiсті есептiлiк пен құжаттама енгізілген мұндай тауарлар мен алаңдар, жұмыстар, өндiрiстiк үй-жайлар, құрылыстар және қондырғылар сұраса Банк немесе Қарыз алушы дербес немесе өкiлдерiмен бiрлесiп инспекциялау;
(d) (i) Бенефициар сенiмдi сақтандырушылардың мұндай қатерлерге қарсы сақтандыруды сатып алуын және оңтайлы iскерлiк практика принциптерi мұндай сомаға жауап беруiн; және (іі) жоғарыда айтылғандарды шектеместен, мұндай сақтандырудың Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алуға, тасымалдауға және жеткiзуге байланысты тәуекелдi жабуы қажеттігін; мұндай қатерлердiң бiрi болған кезде төленетiн өтемақыны ол мұндай тауарларға ауыстыра алатын немесе жөндей алатын еркiн пайдаланылатын валютада Бенефициарға төленуi қажеттігін талап ету;
(e) жоғарыда көрсетiлгендерге байланысты, сондай-ақ Бенефициардың әкiмшiлігі, операциялар және қаржылық мән-жайына қатысты, сондай-ақ субжобадан ықтимал пайдаға қатысты Банктiң немесе Қарыз алушының негiздемелi сұрауы бойынша кез-келген ақпаратты алу; және
(f) Қарыз алушымен шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған кезде Қарыз қаражаттарын пайдалануға Бенефициардың құқығы тоқтата тұру немесе тоқтату құқықтарына ие болатын өзге де тиiстi құжаттарда айтылған шарттармен берiледi.
E-бөлiмi: Шағын суб-қарыздарға арналған шарттар мен
ережелер
1. Осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағында келтiрiлген (2) кестенiң Санатына оқтын-оқтын бөлiнетiн Қарыз қаражатынан берілетiн әрбiр шағын суб-қарыздың негiзгi сомасына теңгемен басымдық жасалады.
2. Әрбiр шағын cуб-қарыз МҚҚМ анықтайтын және әкiмшiлiк шығыстарды, капитал құнын, қарыздар, инфляция бойынша және Қарыз алушының қаржылық рыногiнде басым түсетiн оң нақты пайыз ставкаларын ескерiп болжамдалған залалдарды қоса алғанда, кредит берудiң толық құнын жабу үшiн жеткiлiктi ставка бойынша алынған және өтелмеген негiзгi сомаға есептелетiн пайыздармен берiледi.
3. Шағын cуб-қарыздар Банкке қолайлы суб-жобаларға арналған өлшемдерге сәйкес келуiн растау үшiн МҚҚМ үшiн Ауылдық инвестициялар бойынша нұсқаулыққа сәйкес сараптамаға өткен суб-жобаларға берiледi.
4. Шағын субқарыздар мынадай құқықтарды қоса алғанда, МҚҚМ нәтижесiнде өз мүдделерiн, сондай-ақ Қарыз алушы мен Банктiң мүшелерiн қорғау үшiн жеткiлiктi құқық алатын жазбаша келiсiм-шарттарда немесе өзге құжатта айтылатын шарт негiзiнде берiледi:
(а) Бенефициардың Субжобаны тиiсiнше адалдықпен және тиiмдiлiкпен және техникалық, экономикалық, қаржылық және коммерциялық практикаға сәйкес орындауын, есептiлiктi тиiстi түрде жүргізуiн және қажет болған кезде қорларды, үй-жайларды және осы мақсаттарға қажеттi басқа да ресурстарды дереу беруiн талап ету;
(b) (i) Қарыз қаражаттарынан қаржыландыру көзделген тауарлар мен жұмыстар осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының ережелерiне сәйкес сатылып алынуын; және (іі) мұндай тауарлар мен жұмыстар Субжобаны орындау кезiнде айырықша пайдаланылуын талап ету;
(с) егер Банк немесе Қарыз алушы субжобаға оларды пайдалану, сондай-ақ тиiстi есептілік пен құжаттама енгiзiлген мұндай тауарлар мен қызметтер және алаңдар, өндiрiстiк үй-жайлар, құрылыстар сұраса, Банк немесе Қарыз алушы дербес немесе өкiлдерiмен бiрлесiп инспекциялау;
(d) Банкке немесе Қарыз алушыға қолайлы қауiпсiздiк, денсаулық қорғау және экологияның тиiстi нормаларына сәйкес Субжобаны орындау және пайдалану; және
(e) МҚҚМ-пен шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған кезде Қарыз қаражаттарын пайдалануға Бенефициардың құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату.
6-ҚОСЫМША
Арнайы шот
1. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн:
(а) "заңды санаттар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшадағы 1-кестенiң 1-тармағындағы (1) және (2) санаттарды білдiредi;
(b) "заңды шығыстар" терминi Суб-қарыздар және Лизингтiк қаржыландыру, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының шарттарына сәйкес құқыққа сай Санаттарға мерзiмдi түрде бөлiнетiн Қарыз қаражаттарынан қаржыландыру көзделген Шағын суб-қарыздар шеңберiнде Cуб-жобалар үшiн қажетті тауарлар мен жұмыстардың пайымды құны бойынша сатып алынған шығыстарды бiлдiредi; және
(с) "Бекiтiлген қаржы бөлу" терминi Қарыз шотынан алынатын және егер Банкпен басқа уағдаластық болмаса, Бекiтілген қаржы бөлу Қарыз шотынан алынған қаражаттардың жиынтық сомасы 2,000,000$ сомамен шектелетiн болғанша қосылған Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасы 4,000,000 баламасына тең болмайтын немесе асып кететiн шарт негiзiнде осы Қосымшаның 3(а)-тармағына сәйкес Арнайы шотқа есептелетiн 4,000,000$ соманы бiлдiрдi.
2. Арнайы шоттан қаражаттардың төлемi осы Қосымшаның шарттарына сәйкес заңды шығыстарға жүргiзіледi.
3. Банк Арнайы шот белгiленген тәртiппен ашылғаны үшiн қолайлы айғақ алғаннан кейiн Бекiтілген қаржы бөлудi алу мен Арнайы шотты толтыру мақсатында қаражаттарды кейiнгі алу мынадай тәртiппен жүргізiледi:
(а) Бекiтiлген қаржы бөлу қаражаттарын алу үшiн Қарыз алушы Банкке Бекiтiлген қаржы бөлудiң жиынтық сомасынан немесе оның сомасынан асып кетпейтiн депозитке сұрау немесе сұраулар бередi. Осындай сұрау немесе сұраулар негізiнде Банк атынан Қарыз алушы қаражаттарды алады және Қарыз алушы сұраған соманы немесе сомаларды Арнайы шоттың депозитiне оларды есептейдi.
(b) (і) Арнайы шотты толтыру үшiн Банкке Қарыз алушы Банк анықтайтын сол кезеңдiлiкпен Арнайы шотқа қаражаттарды аударуға сұрау бередi.
(іі) әрбiр айтылған сұрауды алғанға дейiн немесе осындай сұрауды алғанда, Қарыз алушы Банкке оған сәйкес Арнайы шотқа қаражатты толтыру сұралатын төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттаманы және өзге де куәлiктердi бередi. Әрбiр осындай сұрау негізiнде Банк атынан Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражаттарды алуды және негіздемесi Арнайы шоттан тиiстi шығыстарды төлеу үшiн айтылған құжаттармен және өзге де куәлiктермен расталған мөлшерде Қарыз алушы сұраған Арнайы шотқа оларды есептеудi жүргізедi. Қарыз шотынан көрсетiлген депозиттердi Банктiң алуы берiлген құжаттармен және өзге де куәлiктермен расталған құқыққа сай санаттар мен тиiстi баламалы сома шегінде жүргізіледi.
4. Арнайы шоттан әрбiр төлем үшiн Қарыз алушы Банктiң сұрауында негiздемелi түрде көрсетiлген кезең iшiнде осындай төлем Банкке заңды шығыстарға жүзеге асырылғанына құжаттаманы және басқа да айғақтарды бередi.
5. Осы Қосымшаның 3-тармағындағы ережелерге қарамастан, Банк Арнайы шотқа одан әрi депозиттерге қатысты сұрауларды қабылдамайды:
(а) егер қандай-да бiр сәтке Банк бұл Жалпы шарттардың V-бабында және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) тармағында көзделгендей Қарыз шотынан тiкелей Қарыз алушы қаражаттарды бүкiл одан әрi алуды жүзеге асыратынын анықтаса;
(b) егер Қарыз алушы Банкке осы Келiсiмнiң (іі) 4.01 (b)-бөлiмiнде айтылған кезең iшiнде Банкке көрсетілген Бөлiмге сәйкес аудитке қатысты шоттар және Арнайы шот бойынша есептілік берiлуi қажет аудит туралы қандай да бiр есептердi бермесе;
(с) егер Банк қандай да бiр сәтке Қарыз алушыға Жалпы шарттардың 6.02-бөлімiнiң ережелерiне сәйкес Қарыз шотынан қаражаттарды Қарыз алушының алу құқығын iшiнара немесе толықтай тоқтата тұру туралы өз ниетiн хабарласа; немесе
(d) Жоба үшін Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмінің ережелерiне сәйкес Банктің барлық өтелмеген арнайы міндеттемелерiнiң жалпы сомасын шегере отырып, заңды Санаттарды қаржыландыруға арналған Қарыз қаражаттарының жалпы таңдалмаған сомасы Бекiтiлген қаржы бөлу сомасынан екi есе асқанда ғана.
Бұдан кейiн құқыққа сай санаттарды қаржыландыруға арналған Қарыз шотында алынбай қалған соманы алу Қарыз алушыға арнайы хабарламада Банк айтқан тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Қаражаттарды одан әрi алу айтылған хабарлама күнi Арнайы шоттағы депозитте қалған барлық сома құқыққа сай шығыстар бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынына Банк көз жеткiзгеннен кейiн ғана Банкке қолайлы көлемде жүргiзiледi.
6. (а) Егер Банк қандай да бiр сәтке (i) Арнайы шоттан кез-келген төлемдер осы Қосымшаның 2-тармағының шарттарына сәйкес келмейтiн шығыстарды немесе соманы жабу үшiн жасалды немесе Банкке берiлген құжаттамамен негiзделмедi деп белгілесе, Қарыз алушы Банк хабарлама алғаннан кейiн дереу (А) Банк сұрауы мүмкiн мұндай қосымша растаманы бередi; немесе (В) Арнайы шотқа (немесе Банктiң сұрауы бойынша оны өтейдi) жеткiлiктi түрде расталмаған немесе заңды төлемдер санатына кiрмейтiн осындай төлем сомасына немесе оның бөлiгiне тең соманы енгiзедi. Егер Банк өзгелей келiспесе, онда Қарыз алушы әрбiр нақты жағдайда, көрсетiлген растаманы бергенге немесе айтылған жарнаны Арнайы шотқа жүргiзгенге немесе қаражаттарды өтегенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қаражат орналастырылмайды.
(b) Егер Банк қандай да бiр сәтке Арнайы шоттағы кез келген өтелмеген сома құқыққа сай шығыстар бойынша одан әрi төлемдердi жабу үшiн талап етiлмейдi деп белгiлесе, онда Қарыз алушы Банк хабарламаны алғаннан кейiн дереу Банкке осы өтелмеген соманы өтейдi.
(с) Қарыз алушы Банк хабарламаны алғаннан кейiн Банкке Арнайы шоттағы депозиттегі қаражаттарды толықтай немесе iшiнара өтей алады.
(d) Осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (с) тармағына сәйкес Банкке өтелген қаражаттар Қарыз шотына алдағы алу немесе Жалпы шарттарды қоса алғанда, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес есептен шығару үшiн есептеледi.