Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 ақпандағы N 139 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігіне Алматы қаласындағы мемлекеттiк жоғары оқу орындарының жатақханаларын күрделi жөндеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі