Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 134 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

      реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат):

      3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2004 жылғы 31 желтоқсандағы    
N 1460 қаулысымен       
бекiтiлген            

  Қазақстан Республикасы Статистика
агенттiгi туралы ереже

  Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органы болып табылады.
      Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк статистиканы басқару;
      2) ғылыми әдiснама мен халықаралық стандарттардың негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оны жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттiк, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығы мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
      5) елiмiзде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және объективтi түрде зерделеу, қорыту және талдау.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк туралы ереженi және оның жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      4. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Агенттiк, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiктерi шеңберiнде өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар нысанында кесiмдер шығарады.
      6. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
      Агенттіктiң ведомстволық бағынысты ұйымдары бар, олардың тiзбесiн Үкiмет бекiтедi.
      7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 480008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125.
      8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
      9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттiкке, Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
      Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгіленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

  Агенттіктiң негiзгi функциялары
мен құқықтары

      10. Агенттiктiң мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялары:
      1) статистика саласында мемлекеттiк саясатты пысықтау;
      2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      3) мемлекеттiк статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу;
      4) статистикалық байқаулар бағдарламаларының жалпы мемлекеттiк және ведомстволық бағдарламаларын әзірлеу және бекiту;
      5) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы әзірлеу болып табылады.
      11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
      1) мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру;
      2) статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру;
      3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргізу;
      4) мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      5) заңды және жеке тұлғалар үшiн жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкiлерiмен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;
      7) елдiң және оның өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргiзудi және жандандыруды қамтамасыз ету;
      8) әрбiр шаруашылықтың есебiн жүргiзудiң және осы есептiң деректерiн тиiстi статистикалық көрсеткiштер өндiру үшiн пайдаланудың әдіснамалық басшылығын жүзеге асыру;
      9) Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмдi жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      10) қолданыстағы халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргізу;
      11) статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығару және тарату;
      12) ұлттық санақ өткiзу;
      мемлекеттiк саясатты іске асыруды бақылау саласында:
      1) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың бастапқы есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру;
      2) әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      12. Агенттiк міндеттердi іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде:
      1) заңды тұлғалардан анық мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген көлемдерде және мерзiмдерде өтеусіз алуға;
      2) заңнамада белгiленген жағдайларда жеке тұлғалардан статистикалық қорыту және талдау үшiн олардың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметi туралы анық ақпарат алуға;
      3) мемлекеттік органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ Мемлекеттік статистикалық тiркелiмдi жүргізу үшiн орындалатын функцияларға қарай оларда бар басқа да ақпаратты алуға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi өндiруге;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуге тартуға;
      5) шет елдердiң тиiстi мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен мемлекеттiк статистиканың мiндеттерiне байланысты халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсімдерге қол қоюға;
      6) мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру мен қызметiн үйлестiрудiң неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен, олармен келiсiм бойынша ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық және сараптау кеңестерiн, сондай-ақ жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      7) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      8) мемлекеттiк статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
      9) мемлекеттiк органдарға олар қабылдаған, статистика саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      10) бейiндiк және өзге де тақырып бойынша статистикалық жұмыстар жүргiзуге, сондай-ақ статистикалық ақпаратты заңды және жеке тұлғаларға өткiзудi жүзеге асыруға;
      11) мемлекеттiк статистика жүйесiн дамыту және халықаралық стандарттарды енгiзу проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыруға;
      12) Агенттiкке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.

  Агенттiктің мүлкi

      13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      14. Агенттiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Агенттiк өз бетiмен оған бекiтiп берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлдермен билiк етуге құқығы жоқ.
      Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкiметi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады.
      17. Агенттiк төрағасының төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Yкiметi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
      18. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
      19. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта:
      1) бұйрықтар шығарады;
      2) өз орынбасарларының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      3) Агенттiктiң құрылымын және орталық аппарат пен аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      7) Агенттiктiң құзыретiне енетiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      20. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.

  Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2004 жылғы 31 желтоқсандағы    
N 1460 қаулысымен        
бекiтiлген             

  Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi

       Бөлім және   1. - 16.- жолдар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.10.10. N  1010  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары:

      1. Ақмола облысының статистика басқармасы
      2. Ақтөбе облысының статистика басқармасы
      3. Алматы облысының статистика басқармасы
      4. Атырау облысының статистика басқармасы
      5. Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы
      6. Жамбыл облысының статистика басқармасы
      7. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы
      8. Қарағанды облысының статистика басқармасы
      9. Қызылорда облысының статистика басқармасы
      10. Қостанай облысының статистика басқармасы
      11. Маңғыстау облысының статистика басқармасы
      12. Павлодар облысының статистика басқармасы
      13. Солтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы
      14. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы
      15. Астана қаласының статистика басқармасы
      16. Алматы қаласының статистика басқармасы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2004 жылғы 31 желтоқсандағы     
N 1460 қаулысымен         
бекiтiлген              

  Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2004 жылғы 31 желтоқсандағы     
N 1460 қаулысына         
қосымша               

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешімдерінің
тізбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 98-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат) 4-тармағы.
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 тамыздағы N 912  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 299-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 708  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 337-құжат).