Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен.

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.11 N 928 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат):
      3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1460 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi» мемлекеттiк мекемесi.
      10. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің миссиясы қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) статистикалык әдiснаманы қалыптастыру;
      2) мемлекеттiк статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру;
      3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру.
      15. Функциялары:
      1) мемлекеттiк статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейді және іске асырады;
      2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және бекiтеді;
      3) ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзiрлейді және олардың iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы қалыптастырады;
      5) жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснаманы бекiтеді;
      6) жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзу үшiн статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекiту тәртiбiн бекiтеді;
      7) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      8) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты алдағы күнтізбелік жылға тарату кестесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргiзеді;
      10) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
      11) әкiмшiлiк деректердi статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тiркелiмдердi өзектілендіру үшiн ғана пайдаланады;
      12) мемлекеттiк статистика органдарын статистикалық жiктеуiштердi уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы олармен қамтамасыз етеді;
      13) мынадай статистикалық тіркелімдерді:
      статистикалық бизнес-тіркелімді;
      халықтың статистикалық тіркелімін;
      ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін;
      тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;
      14) республиканың және оның өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргiзудi және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;
      15) мемлекеттiк статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастырады;
      16) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктемелер береді;
      17) мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру мақсатында консультациялық-кеңесшi органдарды құрады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi;
      18) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты және ынтымақтастық шеңберiнде шарттар жасасуды жүзеге асырады;
      19) мемлекеттiк статистика органдары статистикалық қызметiнiң Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснамаға сәйкестiгiне сараптама жүргiзеді және сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
      20) мемлекеттiк статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын сақтау мәнiне тексерулердi қоспағанда, мемлекеттiк статистика саласында, оның iшiнде респонденттер ұсынған статистикалық деректердiң және шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң дәйектілігіне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      20-1) Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасын қалыптастырады және жүргізеді;
      20-2) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекітеді;
      20-3) ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін бекітеді;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 790 қаулысымен.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) респонденттерден алғашқы статистикалық деректердi өтеусiз негiзде алу;
      2) үй шаруашылықтарынан олардың табыстары мен шығыстары туралы қажеттi алғашқы статистикалық деректердi өтеулi және өтеусiз негiзде алу;
      3) статистикалық ақпаратты түзу кезiнде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталған жағдайда алғашқы статистикалық деректердiң дұрыстығын растау үшiн респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;
      4) респонденттердiң алғашқы статистикалық деректердi бұрмалағаны анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгiзудi талап ету;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақты өткізу қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізу;
      6) статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесін бекіту;
      7) статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемдерде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің интернет-ресурсына орналастыру арқылы пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа және статистикалық әдіснаманаға бір мезгілде қол жеткізуіне тең құқықтарын қамтамасыз ету.

3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің қызметін ұйымдастыру

      17. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiне басшылықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      18. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің төрағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының өкілеттіктері:
      1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің қарамағындағы мемлекеттiк басқару салаларындағы (аяларындағы) саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн бiлдiредi;
      4) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекiтедi;
      5) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің регламентiн бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшiн дербес жауап бередi;
      7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
      22. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің аппаратын  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің мүлкі

      23. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      «Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарамағандағы аумақтық органдардың тiзбесi

      1. Ақмола облысының Статистика департаментi
      2. Ақтөбе облысының Статистика департаментi
      3. Алматы облысының Сатистика департаментi
      4. Атырау облысының Статистика департаментi
      5. Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментi
      6. Жамбыл облысының Статистика департаментi
      7. Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментi
      8. Қарағанды облысының Статистика департаментi
      9. Қызылорда облысының Статистика департаментi
      10. Қостанай облысының Статистика департаментi
      11. Маңғыстау облысының Статистика департаментi
      12. Павлодар облысының Статистика департаментi
      13. Солтүстiк Қазақстан облысының Статистика департаментi
      14. Оңтүстiк Қазақстан облысының Статистика департаментi
      15. Астана қаласының Статистика департаментi
      16. Алматы қаласының Статистика департаментi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2004 жылғы 31 желтоқсандағы   
N 1460 қаулысымен       
бекiтiлген            

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2004 жылғы 31 желтоқсандағы    
N 1460 қаулысымен        
бекiтiлген             

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2004 жылғы 31 желтоқсандағы    
N 1460 қаулысына        
қосымша              

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешімдерінің
тізбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 98-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат) 4-тармағы.
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 тамыздағы N 912 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 299-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 708 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 337-құжат).