Ұлттық темiр жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы Ұлттық темiр жол компаниясы (бұдан әрi - компания) болып белгiленсiн.

      2. Мыналар:
      1) "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамы - жүктердi тасымалдау жөнiндегi;
      2) "Жолаушылар тасымалы" ашық акционерлiк қоғамы - жолаушыларды, багажды, жүк багажды және почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жөнiндегi ұлттық тасымалдаушылар болып белгiленсiн.

      3. Компания жүктердi темiр жол көлiгімен тасымалдаушының функцияларын 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн орындайды деп белгiленсiн.

      4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы "магистральдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру" деген сөздер алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі