Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 418-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының
Ермек Әмiрханұлы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-
министрi, төрағаның орынбасары
Қадiров - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Данияр Рамазанұлы ғылым министрлiгiнiң Жастар саясаты
департаментi директорының мiндетiн
атқарушы, хатшы
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Дияров Дәурен Кеңесұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі