Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1247 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесі одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 52-1-жолмен толықтырылсын:
      "52-1. Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь";
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  229-қосымшада :
      010 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету" деген бағдарламада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      5-бағанда:
      үшiншi абзацта:
      "576" деген сандар "409" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167 бiрлiк;";
      төртiншi абзацтағы "госпиталін;" деген сөзден кейін "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталін" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацтағы "госпиталь" деген сөзден кейiн ", Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-бағандағы "госпиталь," деген сөзден кейiн ", Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь;" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген 5-бөлiмде:
      "Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "576" деген сандар "409" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Отан соғысының мүгедектеріне
      арналған орталық клиникалық госпиталь             167".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі