Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1204 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 129-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiнде:
      тақырыбы "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейiн "2003 жылға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Сыйақы ставкасын өтеу 2004 жылдан бастап осы мақсаттарға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүргізiледi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі