Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1006 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 996 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006  қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-жолмен толықтырылсын:
      "11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі