Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 965 қаулысы

Жаңартылған

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсiне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсiне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады;
      2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсiне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады;
      3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, «Үкіметтің мобильдік офисіне» қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады;
      4) «Үкіметтің мобильдік офисі» қызметтік ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында санкцияланбаған қол жетімділіктен қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралары мен Интернет желісінің деректерін берудің жаһандық желілеріне «Үкіметтің мобильдік офисінің» қол жетімділігі үшін пайдаланылатын деректерді беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
      5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қолдау мақсатында:
      арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және/немесе қорғалған байланыс желілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) арқылы іске асырылады;
      мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін Интернет желісіне қосылған басқа техникалық құралдарға қосуға жол берілмейді;
      мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосуды мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы байланыс операторлары жүзеге асырады;
      мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосу МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйістірілмей жүзеге асырылады;
      Интернет желісі арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырылады;
      арнаулы және құқық қорғау мемлекеттік органдары жедел мақсатта, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзін пайдаланбай, Интернет желісіне қосылуды ұйымдастыруы мүмкін;
      6) мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды деп белгіленсін.
      Көрсетілген тізбе мен Интернет желісіне қолжетімділік алатын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерінің желілік мекенжайларының тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жіберіледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 142; 14.03.2013 N 244; 26.06.2014 № 706 қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы, өзге де мемлекеттік органдары (келiсiм бойынша) үш ай мерзiмде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың ведомстволық тiзбелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде «Үкіметтің мобильдік офисіне» беруге рұқсат етілген қызметтік ақпараттың тізбесін әзірлесін және бекітсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 142 қаулысымен.

      2-1. Орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері 1-тармақтың 5) тармақшасында жазылған шарттарды ескере отырып:
      1) өздерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара МО БКО арқылы ғана қосуды;
      2) Интернет қызметтерін мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі және МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйіспей алуды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2013 N 244 қаулысымен.

      2-2. Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының және 2-1-тармағының 1) тармақшасының талаптары құпия ақпарат өңделетін, сақталатын, берілетін немесе айналымда жүретін ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерге және басқа да ақпараттық жүйелерге және/немесе есептеу техникасы құралдарының объектілеріне қолданылмайды.
      Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2013 N 244 қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдарының басшыларына (келiсiм бойынша) жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 244 қаулысына   
қосымша       

Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің
интернет-ресурстары санаттарының тізбесі

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2013 N 244 қаулысымен.

Санат атауы

Орыс тіліне аударма

Блокталатын









      Министр

      * мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды.