Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркiменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1283 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн:
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) Комиссия мүшелерiне, мамандарға және сарапшыларға тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша шетелдегi іссапар шығыстарына шетелдiк валютада қаражат бөлу туралы шешiмдер қабылдасын;
4) қажет болған кезде жедел тәртiппен Комиссия құрамына тиiстi өзгерiстер енгізсін";
7-тармақтағы "Мемлекеттiк кiрiс министрлігiнiң Кеден комитеті" деген сөздер "Кедендік бақылау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркiменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясының құрамы";
көрсетiлген Үкiметтiк комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрi, төраға
Сүнтаев - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Тiлеген Иматұлы бақылау агенттігі төрағасының орынбасары
Селiханов - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Дүйсембай Мағзұмұлы орынбасары
Байғожин - Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары
Марат Имашұлы
Төлеубаев - Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары
Темiржан Төлеубайұлы
Пiстаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Марат Құрманәлiұлы министрлiгі Көшi-қон полициясы
департаментiнiң бастығы
Нарымбетов - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Ербол Қабдолхамитұлы бақылау агенттігі Кедендiк бақылауды
ұйымдастыру департаментінiң басқарма
бастығының орынбасары
Сырымбет - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Жангелдi Жеңiсұлы министрлігінiң Халықаралық құқық
департаментi мемлекеттiк шекара
бөлiмiнiң атташесi
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Талғат Қуантқанұлы министрлiгінiң Халықаралық құқық
департаментi мемлекеттiк шекара
бөлiмiнiң атташесi
Орынбасаров - Қазақстан Республикасының Жер
Төлеп Қиялбайұлы ресурстарын басқару жөнiндегі агенттігі
Атырау облыстық комитетiнiң төрағасы;
мына:
"Oттo - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович вице-министрi"
деген жолдағы "вице-министрi" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Әбiнаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Шыңғыс Ысмағұлұлы министрлігі Халықаралық құқық
департаментi Мемлекеттiк шекара және
халықаралық құқық проблемалары
басқармасы мемлекеттiк шекара бөлiмiнiң
екiншi хатшысы"
деген жолдағы "екiншi хатшысы" деген сөздер "үшiншi хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Ақшанов Болат Қасымұлы, Нүкенов Маратқали Ордабайұлы, Швайченко Юрий Петрович, Есжанов Қайрат Қыдырбайұлы, Омаров Тобылбек Есенжолұлы, Жмыхов Анатолий Александрович, Есжанов Арман Есiмғалиұлы, Сүюбаев Алмат Сағынтайұлы, Ақпаров Марат Нұрпейiсұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі