Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 617 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      "Ахметов             - Қазақстан Республикасының Премьер-
      Даниал Кенжетайұлы     Министрі, төраға

      Мыңбаев              - Қазақстан Республикасы
      Сауат Мұхаметбайұлы    Премьер-Министрінің орынбасары,
                             төрағаның орынбасары;

      Дунаев               - Қазақстан Республикасының
      Арман Ғалиасқарұлы     Қаржы министрі

      Қанешев              - Қазақстан Республикасы
      Біржан Бисекенұлы      Ақпараттандыру және байланыс
                             жөніндегі агенттігінің төрағасы";

      мынадай:

      "Жандосов            - Қазақстан Республикасы Табиғи
      Ораз Әлиұлы            монополияларды реттеу және
                             бәсекелестікті қорғау жөніндегі
                             агенттігінің төрағасы, төрағаның
                             орынбасары (келісім бойынша)"

      деген жолда "төрағаның орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Марченко Григорий Александрович, Досаев Ерболат Асқарбекұлы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі