Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 424 қаулысы

Қолданыстағы

      "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы pecми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2004 жылғы 16 сәуiрдегi
N 424 қаулысымен 
бекітілген    

Магистралдық темiр жол желiсін пайдалану ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Магистралдық темiр жол желісін пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және магистралдық темiр жол желiсiн (бұдан әрі - магистралдық желi) пайдалануды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
      Ереже магистралдық желiнi пайдалануды ұйымдастыру және жүзеге асыру процесінде магистралдық желi операторының (бұдан әрі - оператор), тасымалдаушылардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның (бұдан әрi - уәкiлетті орган) арасындағы қатынастарды реттейді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Тасымалдауды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктері - магистралдық темiр жолдардың және бөлек пункттердің поездардың қауіпсіз қозғалысын, кедергісiз өткізілуiн, қабылдануын, өңделуі мен жөнелтілуін жүзеге асыру жөнiндегi қабiлеті.
      Осы Ережеде пайдаланылатын басқа да ұғымдар "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған мәнiнде қолданылады.
      3. Оператор осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық кесімдеріне сәйкес тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды, сондай-ақ магистралдық желi қызметтерiн көрсетудi жүзеге асырады.

2. Магистралдық желiнi пайдалану құқығын беру тәртiбi

      4. Тасымалдаушыларға магистралдық желiнi пайдалану құқығын беру үшiн Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес тараптардың негізгi шарттары, құқықтары мен мiндеттерi белгіленетін оператор мен тасымалдаушылардың арасында жасалатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Магистралдық желiнi пайдаланудың үлгi шарты (бұдан әрі - Шарт) негiз болады.
      Магистралдық желiнi Шарт жасаспастан пайдалануға жол берiлмейдi.
      5. Тасымалдаушылар магистралдық желiнi пайдалану құқығын алу үшiн операторға магистралдық желiнi пайдалану құқығын алуға арналған өтінішті жiбередi, оған мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) мыналардың:
      жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол көлiгімен тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялардың;
      мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің (заңды тұлғалар үшiн);
      жеке кәсiпкер ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiктiң (жеке кәсіпкерлер - жеке тұлғалар үшiн);
      жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің;
      меншiк құқығын немесе жылжымалы құрамды пайдалану құқығын растайтын құжаттың;
      жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу базасының бар-жоғы туралы құжаттың, осындай база болмаған кезде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге арналған шарттың (шарттардың) көшiрмелерi;
      2) осы Ереженiң 1, 2-қосымшаларына сәйкес өтiнiмдер;
      3) заңды тұлғаның өкiлi болып бiрiншi басшы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқарушы тұлға әрекет етпеген жағдайда, сондай-ақ, егер осы Шартқа қол қою кезiнде жеке кәсiпкердiң мүддесiн оның сенiмдi тұлғасы бiлдiретiн болса, Шартқа қол қою құқығына сенiмхат.
      6. Оператор тасымалдаушылардың магистралдық желiнi пайдалану құқығын алуға арналған өтiнiшiн оған қоса берiлген құжаттармен бiрге қарайды.
      7. Тасымалдаушының магистралдық желiнi пайдалану құқығын алуға және поездар қозғалысының кестесiне енгізуге арналған өтiнiшi магистралдық желiнi пайдалану қызметтерiн көрсетудi бастаудың болжалды күнiне дейiн мынадай мерзiмдерде:
      1) халықаралық қатынаста жолаушы және жүк поездарының тасымалдарын жүзеге асыру үшiн - кемiнде 12 ай бұрын;
      2) республикалық қатынаста жолаушы поездарының тасымалдарын жүзеге асыру үшін - кемiнде 6 ай бұрын;
      3) республикалық қатынаста жүк поездарының тасымалдарын жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ қала маңы қатынасында жолаушы поездарының тасымалдарын жүзеге асыру үшiн - кемiнде 1 ай бұрын берiледi.
      8. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған жағдайда, оператор өтінімдi қарауға қабылдамайды, ол туралы құжаттар түскен күннен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктірмей, өтінiмдi қарауға қабылдаудан бас тартудың себептерiн көрсетіп, жазбаша нысанда тасымалдаушыны хабардар етедi.
      9. Оператордың магистралдық желiнi пайдалану құқығын беру не беруден бас тарту туралы шешiмi тасымалдаушылардың өтiнiшi қабылданған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күннен кешiктірмей қабылданады. Оң шешiм шығарылған кезде тасымалдаушыларға магистралдық желiнi пайдалану құқығын беру туралы жазбаша хабарлама және Шарт жобасы қол қою үшiн жiберiледi.
      Тасымалдаушылардың өтінішi мен өтiнiмiнің мазмұнын құрайтын магистралдық желiнi пайдалану мерзiмi мен талаптары Шартқа енгiзiледi.
      10. Тасымалдаушының магистралдық желiнi пайдалану құқығын басқа тасымалдаушыға беруiне тыйым салынады.
      Тасымалдаушы Шартта көзделген магистралдық желiнi пайдаланудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы тасымалдау басталатын күнге дейiн кемiнде 7 күнтiзбелiк күннен кешіктiрмей бұл туралы операторды жазбаша нысанда хабардар етедi (eгep тараптардың келiсiмiнде өзге нысан көзделмесе). Бұл ретте тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес жауапты болады.
      11. Оператор тасымалдаушының магистралдық желiнi пайдаланудан бас тарту туралы хабарламасын алған кезде магистралдық желiнiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiнің ұлғаюына байланысты ақпараттық хабарламаларға тиісті өзгерiстер енгiзедi.
      12. Тасымалдаушылардың өтiнiшiн қарау кезiнде тасымалдауды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкiндiктерi болмаған жағдайда, сондай-ақ магистралдық желiде қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн жағдайларда оператор магистралдық желiнi пайдалану құқығын беруден бас тарта алады.
      Магистралдық желiнi пайдалану құқығын тасымалдаушыларға беруден бас тартқан кезде, оператор техникалық және технологиялық мүмкiндiктердi ескере отырып, сұрау салынатын тасымалдауды ықтимал жүзеге асыру туралы хабарлама жiбередi не тасымалдаушы сұрау салатын қызметтер көрсетiле алатын уақыт кезеңiн көрсетедi.
      Тасымалдаушы оператордың ұсынысымен келiскен жағдайда хабарламаны алған күннен бастап 5 күнтізбелiк күннен аспайтын мерзiмде магистралдық желiнi пайдалану бойынша қызметтердi көрсетудің келiсiлген мерзiмдерiн және шарттарын көрсете отырып, жаңа өтініштi операторға жiбередi.
      13. Оператор тасымалдаушылар берген өтiнiмдердi түскен күнi мен уақытын, сондай-ақ берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, түскен күнi өтiнiштер тiзiлiмiне тiркейдi. Өтiнiштер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн оператор белгiлейдi.
      14. Оператор магистралдық желiде тасымалдау процесiн ұйымдастыру кезiнде стратегиялық маңызы жоқ және құпиялылық белгісi бар магистралдық желiде бар өткiзу қабiлетi туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi, жылжымалы құрам туралы бастапқы деректердi ақпараттық деректер жүйесiне енгізедi, сондай-ақ осы деректердi тасымалдау процесiне қатысушыларға бередi.

3. Магистралдық желiнi пайдалану

      15. Магистралдық желінiң операторы тасымалдаушыларға магистралдық желiнi пайдалануға беру жөнiнде қызметтер көрсетудi және ол бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынады. Магистралдық желiнiң қызметтерiне кiретiн операциялар тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
      16. Жылжымалы құрам магистралдық желіге жiберiлген кезде тасымалдаушылар уәкiлетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртiппен жылжымалы құрамға есепке алу құжатын операторға тапсырады.
      17. Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамы техникалық пайдалану ережелерiне, магистралдық желiдегi қозғалыс қауіпсiздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмеген кезде оператор осы жылжымалы құрамды магистралдық желiге жiбермейдi.
      Вагондардың (контейнерлердiң) уәкілеттi орган бекiткен жүктердi сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес еместiгi анықталған жағдайда магистралдық желiнiң операторы:
      1) поезды құрастыру басталғанға дейiн - вагондарды (контейнерлердi) магистралдық желiге жiбермейдi;
      2) жүру жолында - вагондардың (контейнерлердiң) қозғалысын тоқтатады.
      Жылжымалы құрамға қызмет көрсететiн персоналдың уәкілеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда оператор осы персоналды тасымалдау процесіне жiбермейдi.
       Осы жағдаяттарды оператор тасымалдаушының (тасымалдаушы өкiлiнiң) қатысуымен актiмен ресiмдейдi. Актiнiң нысанын және оны ресiмдеу мерзiмiн уәкілеттi орган белгiлейдi.
      18. Оператордың тасымалдаушыларға магистралдық желiнi пайдалануға беру жөнiндегi және ол бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер көрсетуiне арналған тарифтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленедi.
      19. Тасымалдаушы магистралдық желiнi пайдаланғаны үшiн Шартта көзделген қызметтер көрсету үшін операторға алдын ала ақы төлейдi.
      20. Оператор және/немесе тасымалдаушы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн, тараптар Қазақстан Республикасы заңдарында және Шартта көзделген тәртiппен жауапты болады.
      21. Уәкiлеттi орган Шартта көзделген тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының магистралдық желiге енуiне рұқсат беру мәселелерiне қатысты шағымдарды қарайтын, олар бойынша қорытынды беретiн тұрақты комиссия құрады.

4. Магистралдық желіде тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқару және ұйымдастыру

      22. Магистралдық желiде тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқару мен ұйымдастыруды жолаушы және жүк поездары қозғалысының кестесi негiзiнде оператор жүзеге асырады. Тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқару жөнiндегi оператордың нұсқаулары тасымалдаушылар мен тасымалдау процесiне қатысатын өзге де тұлғалардың орындауы үшiн мiндетті.
      23. Оператор тасымалдаушылардың өтiнiмдерiн ескере отырып, магистралдық желi учаскелерінің поездарды өткiзу және тасымалдау жұмыстарын орындау жөніндегi техникалық және технологиялық мүмкiндiктерi негiзiнде поездардың қозғалыс кестесiн және өткiзудiң технологиялық мүмкiндігін әзiрлейдi.
      Оператор поездар қозғалысының кестесiн тасымалдаушылар өз поездарын қозғалыс кестесiне енгізуге беретін өтiнiмдер негiзiнде әзiрлейдi және бекiтедi.
      Халықаралық қатынастағы поездар қозғалысының кестесi Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды ескере отырып әзiрленедi.
      24. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес поездардың қозғалыс кестесiн қолданысқа енгiзу мерзiмiн оператор белгiлейдi.
      25. Поездардың қозғалыс кестесiн әзiрлеген кезде мынадай кезектілiк сақталады:
      1) жүрдек жолаушы;
      2) жедел жолаушы;
      3) барлық қалған атаудағы жолаушы;
      4) почта-багаж, жүк-жолаушы, адамдар және жеделдетiлген жүк поездары;
      5) жүк (өтпелi, учаскелік, құрама, шығарылатын, берiлме, шаруашылық поездар, вагонсыз локомотивтер).
      Уәкілеттi органның соғыс жағдайы кезеңiнде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде магистралдық желiнi пайдалану құқығын берудiң осы тармақта көзделгенмен салыстырғанда өзге кезектiлiгiн белгiлеуге құқығы бар.
      26. Әскери және арнайы тасымалдар осы Ереженiң 25-тармағында көзделген кезектен тыс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
      27. Магистралдық желi қызметтерiн көрсету кезiнде оператор станция жұмысының технологиялық процесiн және магистралдық желi темiр жол станциясының техникалық-өкiм беруші кесiмiн бекiтедi, олар поездардың станциялық жолдарда қауiпсiз және кедергісiз қабылдануын, жөнелтілуiн, қайта өңделуi мен қозғалуын, станцияiшілік маневрлiк жұмыстың қауiпсiздiгi мен регламенттелуiн қамтамасыз етуi тиiс.

Магистралдық темiр
жол желiсiн   
пайдалану ережесiне
1-қосымша    

Жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн пайдалануға арналған
ӨТІНІМ

____ ж. _____ бастап___ ж.______________ дейiнгi кезеңге N

Магистралдық темiр жол желiсінің операторы _________________________
                    (атауы, заңды мекен-жайы, банктік деректемелерi)

Өтiнiмдi тiркеу күнi ___ ж.___ Өтiнiмдi келiсу күнi ____ ж. ________

Тасымалдаушы _______________________________________________________
                 (атауы, заңды мекен-жайы, банктiк деректемелерi)

Төлеушi ____________________________________________________________
                (атауы, заңды мекен-жайы, банктік деректемелерi)

Магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсетуге арналған шарт
нөмiрi _____________________________________________________________

Төлеушінiң коды ______________
____________________________________________________________________
Р/с|По.|Поезд|Жылжы.|Қаты.|Жүк туралы|Жөнелту|Вагондарды|Жөнел.|
N |езд|сана.|малы  |нас  |мәліметтер| стан. |магистрал.| ту   |Жол
   | N | ты  |құрам.|түрі |          |циялары|дық желіге| күні |жүру
   |   |     | ның  |     |          |       | жіберуге | мен  |ба.
   |   |     |иесі  |     |          |       |  рұқсат  |уақыты|ғыты
   |   |     |      |     |          |       | беретін  |      |
   |   |     |      |     |          |       | құжаттың |      |
   |   |     |      |     |__________|       |  нөмірі  |      |
   |   |     |      |     |түрі|саны*|       |          |      |
____________________________________________________________________
   | 1 |  2  |  3   |  4  | 5  |  6  |   7   |     8    |  9   | 10
____________________________________________________________________
1.
____________________________________________________________________

Кестенің жалғасы
_________________________________________________
Баратын  | Келу |Вагон.|Тағайын.|Айрықша|
станциясы|уақыты|дарды |  дау   |шарттар|Ескерту
         |      |қайта | кезеңі |       |
         |      |тіркеу|        |       |
         |      |стан. |        |       |
         |      |циясы |        |       |
_________________________________________________
   11    |  12  |  13  |   14   |  15   |   16
_________________________________________________
_________________________________________________

M.O. Тасымалдаушы _______________________ күнi _________ ж._______
            (уәкiлетті өкiлдiң Т.А.Ә., қолы)

M.O. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы ________ күнi__ ж.__
                          (уәкiлетті өкiлдiң Т.А.Ә., қолы)

______________
* шарт негізiнде көрсетiлетін қызметтер көрсетіледi

Магистралдық темiр
жол желiсiн   
пайдалану ережесiне
2-қосымша    

Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды, почта жөнелтiмдерін тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн пайдалануға арналған
ӨTIHIM

___ ж. _______ бастап ____ ж. ___________ дейінгі кезеңге N

Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы _________________________
                    (атауы, заңды мекен-жайы, банктік деректемелері)

Өтінiмдi тiркеу күнi ___ ж. ______ Өтінiмдi келiсу күнi ___ ж. _____

Тасымалдаушы _______________________________________________________
                (атауы, заңды мекен-жайы, банктiк деректемелерi)

Төлеушi ____________________________________________________________
            (атауы, заңды мекен-жайы, банктік деректемелерi)

Магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсетуге арналған шарт нөмiрi ___________

Төлеушiнiң коды ____________________

____________________________________________________________________
Р/с|Жөнел.|Жөнелту| Поезд |Поезд|Поезд  | Құрам  |Вагондар |Поездың
N | ту   | күні  |құрамын|түрі | сал.  |ұзындығы|топтарын |баратын
   |стан. | мен   | жөнел.|     |мағы   | (физ.  | ағыту   |станция.
   | ция. | уақыты| туге  |     |(брут. | ваг/   | немесе  | сының
   |сының |       |ұсыну  |     | то,   | шартты.| тіркеу  | атауы
   |атауы |       | күні  |     |нетто),| ваг/   |станция. |
   |      |       | мен   |     |тонна  | білік  | сының   |
   |      |       |уақыты |     |       |  саны) | атауы   |
____________________________________________________________________
   |  1   |  2    |   3   |  4  |  5    |    6   |    7    |   8
____________________________________________________________________
1.
____________________________________________________________________

Кестенің жалғасы
________________________
Тасымалдау.|
дың айрықша|Ескертулер*
шарттары  |
(жылдамдық.|
ты шектеу  |
және т.б.) |
________________________
    9           10
________________________

M.O. Тасымалдаушы _______________________ күнi _________ ж._______
            (уәкiлетті өкiлдiң Т.А.Ә., қолы)

M.O. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы ________ күнi__ ж.__
                          (уәкiлетті өкiлдiң Т.А.Ә., қолы)

_______________
* шарт негізiнде көрсетiлетін қызметтер көрсетіледi