Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 276 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 39-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
      1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн";
      2) көрсетiлген қаулымен мақұлданған Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие берудiң пилоттық жобасында:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Корпорация республикалық бюджет қаражатын Жобаны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде пайдаланады.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ауылдық несие серiктестiктерiн құру ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тиiмдi және/немесе қайта өңдеудi жүргiзетiн өңiрлерде пайдалы, экономикалық тұрғыдан өзiн ақтайтын аграрлық өнеркәсiп кешенi секторларында жүргiзiледі.";
      11-тармақтың 1) тармақшасында:
      үшiншi абзацта:
      "немесе ауыл шаруашылығы өндірісінің" сөздер алынып тасталсын;
      "ауыл шаруашылығы" деген сөздер "ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және/немесе қайта өңдеу саласындағы" сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацтағы "өздері өндірген" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі