Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесiн бекiту және оларды құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1237 Қаулысы

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тiзбесi бекiтілсiн.

      2. Орталық атқарушы органдар қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн құрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі үш ай мерзiмде азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерi туралы ереженi бекiтсiн.

      4. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн қаржыландыруды осы қаулыға қосымшада көрсетілген орталық атқарушы органдар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде әрi министрлiктер мен агенттiктердiң қазіргі штат саны лимитінің есебiнен жүзеге асырады деп белгiленсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      1) (күшi жойылды - 2005.11.03. N 1097 қаулысымен)
      2) "Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында қиратқыш жер сілкiнiстерiнің залалын төмендету жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 тамыздағы N 1286 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 40, 374-құжат):
      13-тармақтағы "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N 1097 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

                                Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                    2003 жылғы 5 желтоқсандағы
                                         N 1237 қаулысына
                                              қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

  Орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен
    төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi

________________________________________________________________
N  Азаматтық қорғаныс пен төтенше  Азаматтық қорғаныс пен төтенше
     жағдайлар республикалық         жағдайлар республикалық
       қызметтерiнiң атауы         қызметтерiнiң құрылуын және
                                   жұмыс icтeуiн қамтамасыз етуге
                                     жауапты орталық атқарушы
                                          органның атауы
________________________________________________________________
1.  Мемлекеттік өртке қарсы       Қазақстан Республикасының
    қызмет                        Төтенше жағдайлар министрлiгi

2. Медициналық қызмет             Қазақстан Республикасының
                                  Денсаулық сақтау министрлiгi

3. Ақпарат қызметi                Қазақстан Республикасының
                                  Ақпарат министрлігі

4. Сауда және тамақтандыру        Қазақстан Республикасының
   қызметi                        Индустрия және сауда министрлiгi
5. Инженерлік қызмет
6. Химиялық қорғану қызметi

7. Радиациялық қорғану қызметi    Қазақстан Республикасының
8. Энергетика қызметi             Энергетика және минералдық
9. Жанар-жағармай                 ресурстар министрлiгi
   материалдары қызметi

10. Жануарлар мен өсiмдiктердi    Қазақстан Республикасының
    қорғау                        Ауыл шаруашылығы министрлігі

11. Хабарлау және байланыс        Қазақстан Республикасының
    қызметi                       Ақпараттандыру және байланыс
                                  жөніндегi агенттiгi

12. Қоғамдық тәртiптi сақтау      Қазақстан Республикасының Ішкi
    қызметi                       iстер министрлiгi

13. Көлiк қызметi                 Қазақстан Республикасының
14. Жолдар мен көпiрлер қызметi   Көлiк және коммуникациялар
15. Техникалық қызмет             министрлiгi