Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 26 қарашадағы   
N 1184 қаулысымен      
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817  қаулысында :
      3 және 4-тармақтардағы "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне", "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне", "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралардың кеңейтiлген жоспарында:
      мәтiндегi "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде:
      13-тармақтың 1-1)-тармақшасының үшiншi абзацы "Қаржы министрлiгiмен" деген сөздерден кейiн ", Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы  N 110  қаулысымен. 

      4. "Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi болжамдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 959  қаулысында :
      мәтiндегi "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "Мемлекеттiк кiрiс" деген сөздер алынып тасталсын;
      "1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "25" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә.Жандосовқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-  Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi" деген бөлiмде:
      "Жауапты орындаушылар" деген бағандағы "ЭСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "МКМ" деген аббревиатура алынып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 297  қаулысында :
      мәтiндегi "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 325  қаулысында  (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 78-құжат):
      2-тармақтағы "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:
      мәтiндегi "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақтың 4) тармақшасындағы "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен" деген сөздер "Қаржы министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттары мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 маусымдағы N 708  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру ережесiнде:
      17-тармақ "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен толықтырылсын.