Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 785 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1163 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 353 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ағаш пайдаланудың жеке мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 785  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 239-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң, тауарлардың экспорты мен тауарлардың реэкспортының кеден режимдерiне сәйкес қосымшаға орай ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.";
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан  Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      мына:
"4401 10 000*-нан      Бөренелер, шөркелер түрiндегi отындық сүрек"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4401 10 000*-нан      Бөренелер, шөркелер түрiндегi, оның iшiнде
                       шөркелер, шөпшек байламдар түрiнде немесе
                       осындай ұқсас түрлерде сексеуiлден
                       дайындалған отындық сүрек";
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"4401 30-дан           Сексеуiл сүрегiнiң үгiндiсi мен қалдықтары;
4418 90 900-ден        Өзге ағаш конструкциялары: арқалықтар,
                       мәткелер, төбе жабындысының тiректерi";
      мына:
"4418 40 000           Ағаш құрылыс бұйымдары, бетон құюға арналған
                       қалып;"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4418 40 000           Бетон құюға арналған қалып;".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі