Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1162 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.30. N 495 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5    Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне        99
                  оның iшiнде:
      Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiне 15";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 24-жолмен толықтырылсын:
"24   Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi           98";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi 224" деген реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3    Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi       224".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi